Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Мұғалімдерге арналған

0

«Жас маманға көмек – заман талабы»

2018 жылдың сәуір айының 27-і күні «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас педагог-психологтарға арналған «Жас маманға көмек – заман талабы» атты қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» –деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Семинарға 22 жас педагог-психолог қатысты. Семинар қазақ тілінде өткізілді.

Семинарды «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Сәлемдесу» тренинг-жаттығуынан бастады.  Жас мамандар бір-бірімен танысып, бойындағы жақсы қасиеттерімен де бөлісті. Жаттығудан кейін пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Қарым-қатынас барысында туындаған психологиялық ситуациялық мәселелерді шешу» тақырыбында коучинг сабақ өткізді.  Коучинг сабақ арқылы: Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады. Балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады, ал ішкі психологиялық конфликт - балалардың негізі ойын іс- әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болатынын ерекше атап өтті.

Педагог-психолог Джумабаева Даулетбике жас мамандарға мектеп психологының жұмыс бағытарына тоқталды. Педагог-психологтың қызметін, міндетін, оқушы және ата-ана жұмыс жоспарымен түгел таныстырып өтті. Сонымен қатар қауіп-қатер тобындағы балалармен сұхбаттасу, оларды қалай басшылыққа ала отырып, бірлесіп жұмыс жасау түрлерімен өзінің іс-тәжірибесі барысында толық түсіндірді. Жас мамандар өзінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Жас келсе, іске!» жас мамандарға арналған тренингті пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна жүргізді. Тренинг барысында «Танысу» жаттығуы, «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы, Шығармашылық жұмыс: «Визитка» жаттығуы, «Су толы тәрелке» жаттығуы, Ситуациялық сұрақтар, Тыныштық сәті «Менің болашағым», Жас мамандарға психологиялық кеңес болды. Тренинг өте қызықты өтті. Жас психологтар іс-тәжірибеде барлық әдіс-тәсілдерді меңгерді, тренинг-жаттығулар түрлерін  жасақтауды үйренді.

Сонымен қатар жас маман Еділханқызы Жаңагүл бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг-жаттығуларын 4 сынып оқушыларымен өткізіп, жас мамандарға Арт терапия түрлерімен бөлісті. Тренинг барысында оқушылар қуыршақ терапиясын, ертегі терапиясын өте әсерлі орындап, өздерінің бала армандарымен бөлісіп, отбасындағы адамдарды гүл бейнесінде таныстырды.

"Артық емес білгенің" педагогикалық-психологиялық жұмыстарды жас мамандармен бірлесе өткізіп,  жас психологтар тарапынан берілген сұрақтарға пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна нақты әдістемелік кеңестер ұсынды.

Семинардан жас мамандар көп нәрсе алғанын, алдағы уақытта осындай семинарлардың жиі өткізілуін тілге тиек етті.

  





1 наурыз 2018

5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты

1 наурыз күні №9 орта мектеп базасында 5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты сәтінен. Жеңістерің құтты болсын, ұстаздар қауымы!  ...

1 наурыз 2018

"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялардың байқауын өткізу туралы бұйрық

    ...

1 наурыз 2018

Қалалық орыс тілі мұғалімдерінің арасында "Алло, мы ищем таланты!" байқауын өткізу туралы бұйрық

    ...

20 ақпан 2018

Ашық сабақтар, семинарлар, сайыстар

  ...

20 ақпан 2018

Жаңа форматтағы семинарлар сәтінен

  ...

19 ақпан 2018

7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі

№9 орта мектеп базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің І турынан көріністер. Математика, физика, информатика, xимия, биология және география пәндерінен.   ...

6 ақпан 2018

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қалалық семинарының қорытындысы

Ақтау  қалалық  білім  үйлестіру орталығының  іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің  06.02.2018ж  №114 «Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің  қалалық  семинарын  өткізу туралы»  бұйрығы  негізінде  әдістемелік  көмек  көрсету мақсатында 2018 жылдың 13 ақпанында,...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері