Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

18 мамыр 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2024 жылдың 15-17 мамыры аралығында Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында оқушымыз жеңімпаз атанды! Ақтау қаласы № 30 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мұстафа Ақұлпа жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Қуатова Айнұр. Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!   ...

17 мамыр 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2024 жылдың 15-16 мамырында Павлодар облысы Екібастұз қаласында өткен IV Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында бақ сынаған оқушыларымыз жүлдегер атанды! №21 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әсет ІІ орын, жетекшісі Дәулетқали Сәния; Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуаныш Исмайл ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Базарбай Әсия. Жүлдегерлер мен жетекшілерін және ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!  ...

17 мамыр 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Облыстық  «Каспий толқыны» табиғат жанашырларының фестиваліне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды. «Каспий достық теңізі» сурет номинациясы бойынша: ІІ орын - Маркс Алия, №13 гимназиясының  8 сынып оқушысы (жетекшісі Л. Дуанаева) «Менің арманымдағы Каспий жағалауы» жобалар номинациясы бойынша: ІІІ орын - Аббасали Дара Саянқызы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы (жетекшісі М.Өмірзақов) ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!  ...

9 мамыр 2024

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 79 жыл толды. Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске аламыз. Біз аталарымыз бен әжелеріміздің ...

7 мамыр 2024

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қадірлі ер- азаматтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!  Бүгінде Қарулы Күштеріміздің айбары асып, айбыны асқақтай түсті. Олар тәуелсіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Батыр бабамыз Бауыржан Момыш­ұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан жоғары қойған Отан қорғаушылардың ұраны іспеттес. Бүгінгі мерейлі мерекеде...

25 сәуір 2024

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Республикалық «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған фестивальдің облыстық кезеңінде «Оқушы Орталығы» КММ «Робототехника» үйірмесінің белсенді, ерекше, талантты үйірме тәрбиеленушісі Сансызбай Нұрлыбек «Компьютерлік әзірлемелер, робототехника» номинациясы бойынша жүлделі І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Орталық атынан жеңімпаз үйірме тәрбиеленушісі Сансызбай Нұрлыбекті және сайысқа дайындаған «Робототехника » үйірмесінің қосымша білім...

25 сәуір 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Мамандандырылған ІТ лицей» КММ ,9 сынып оқушысы Бутантев Рамазанды жоғары нәтижесімен құттықтаймыз. Рамазан Қазақстан құрамасының құрамында Халықаралық Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасына қатысты. Рамазан әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық қатысушылардың арасынан Азияның үздік қатысушыларының тізіміне еніп, Құрмет грамотасымен марапатталды. Біз үшін, Рамазанның әлемнің мықты мемлекеттері, Жапония, Қытай, Тайвань, Сингапур, Тайланд, Малайзия елдерінен қатысқан 466...

10 сәуір 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінде Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты “Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі” КММ-сі, 11 сынып оқушысы Шайхутдинова Альбина орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі пәні олимпиада көрсеткен ерекше жетістігі үшін Грамотамен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қойшибаева Айжан Тұрғанбайқызы.  ...

22 наурыз 2024

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

...

21 наурыз 2024

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні - Ынтымақ күні.

...

20 наурыз 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 15.03.2024ж. күнгі №160 нқ бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 19 наурыз күні «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілген «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің қалалық кезеңінің қорытынды хаттамасы негізінде жүлделі орындарға ие болған төмендегі оқушылар білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Ойынды кино –...

20 наурыз 2024

19 наурыз - Жаңару күні!!!

Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық проблемаларға ерекше назар аударуды ұсынып, ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруды тапсыруда. Осы Жаңару күні көктемгі ағаш егу дәстүрі барлық білім беру мекемелерінде көрініс тапты. Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын...

19 наурыз 2024

Наурызнама - Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру

...

19 наурыз 2024

«Ұлттық киім» күні

Республикалық наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз - «Ұлттық киім» күні болып белгіленді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары ұлттық киімдерді ұлықтауда өз үлестерін қосуда  ...

17 наурыз 2024

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойлау

Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойланды. Шарада ұстаздар мен оқушылар ән айтып, би биледі. Атап айтқанда, Ақниет Жүрсін «Тек алға», Эльмира Сансызбаева «Туған жер» әнін орындап, Арлан Мендуллаев «Балбырауын» күйін шертті. Ал Дени Аккушимов «Жаса, Қазақстан» әнін шырқады. Мерекелік шарада мектеп оқушылары арқан тартысып, қол күресті. Білім ордасының алдында қолөнер бұйымдары қойылып, мерекелік концерт пен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Амал - бұл...

16 наурыз 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақтау қалалық білім бөлімі бойынша “№27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Қазақстан халқына “қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өткен “Қайрымдылық “күніне орай балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында “QH Жаздық жолдама-2024”қайырымдылық жобасы бойынша жолдама табыс етілді. Мектеп әкімшілігіне Өмірзақ ауылы әкімі Кенжалиев Бисенгали Амангалиевич сертификатты табыстады.  ...

7 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ

Кеңес соңында білім беру ұйымдарының директорлары мерекеге орай “Құрмет” грамотасымен, “Алғыс” хаттармен марапатталды.  ...

7 наурыз 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальмен марапатталды. Мырзабеков Мансур – Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейдің 11 сынып оқушысы; Амангреев Әділгерей - Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейдің 11 сынып...

2 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ!

29 ақпанында өткен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесіне отырысында №24 бөбекжай директоры Тлесова Ботагөз Аманқосовна Алғыс хатпен және №35 “Балдырған” бөбекжайының директоры Бокебаева Кұралай Орынбасаровна төсбелгімен марапатталды. Бүгінгі таңда, облыстық кәсіподақтың мүшелігінде 5 аудандық, 2 қалалық және облыстық 42 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Облыстағы білім саласы...

2 наурыз 2024

1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ әлемнің жарығын сыйлаған, жүректері мейірімге толы, отбасының ұйытқысы, үйді жарық пен жылуға бөлейтін, кең пейілді аналарымызға арнап музыкалық сәлемдемемен алғыстарын білдіреді.  ...

1 наурыз 2024

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясында ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

Бүгін Тараз қаласы К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясында ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Ахмеданов Артем-Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы; Хлыстунов Андрей - Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейінің 10-сынып оқушысы; Исаева Томирис - Ақтау қаласы, Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы; Усерхан Сабина - Ақтау қаласы, Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы. Тугелбай...

27 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 26 ақпан күні Ақтау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті. Ақтау қаласы бойынша облыстық «Математикалық регата» олимпиадасына Кубейев Бауыржан Серикулы «Metaschool» жеке меншік мектебі; Ураков Алибек Джумабаевич «№ 17 жалпы білім беретін мектеп» КММ; Тимур Маржан Тимурқызы «QAZBILIM AQTAU ұлттық лицейі» ЖШС; Конурбаев Ермек Мұхтарұлы «NEW FORMAT HIGH SCHOOL»жеке меншік мектебінен қатысты. «Математикалық...

24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Өркен» мектеп-лицейінің 4 ші сынып оқушысы Мырзабаев Санжар “Бастау” математикалық турнирінің облыстық кезеңінен 1 орын иемденіп, республикалық кезеңге жолдама алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  ...

24 ақпан 2024

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қайырлы күн, әріптестер, бізде жақсы жаңалық бар, «Өркен» мектеп-лицейінің логика пәні мұғалімі Темирова Айман Сейлихановна Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының 3 орын жүлдегері атанды. Маңғыстау обл екі мұғалім 3 орынға ие болып жатыр, бәрімізге ортақ жетістік.  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері