Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Ереже

"Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

                                                                  1. Жалпы ережелер

1. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы өзінің шектеулі құзыретінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

8. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 4 шағын аудан, 72 ғимарат

10. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

11. Мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел образования по городу Актау".

12. Мемлекет Ақтау қаласының әкімдігі тұлғасында "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

13. Осы Ереже "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

15. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. «Актау қаласы бойынша білім бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

16. Миссиясы: «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

17. Кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету «Актау қаласы бойынша білім бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

18. «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: қала деңгейінде білім беру саласы дамуындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

19. Міндеттері:

1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

2) мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесіндегі материалдық – техникалық базасын құру, нығайту және олардың инфрақұрылымын дамыту;

3) білім беру саласындағы әлеуметтік – экономикалық міндеттер мен қалалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметтері сапасын қамтамасыз ету;

5) білім беру саласындағы қаланың және басқа аймақтардың ғылыми мекемелерімен қарым – қатынастар жасау.

20. Функциялары:

1) білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын іске асыру, оларды дамыту бағдарламалары бойынша болжамдық, ағымдық, мақсатты шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

2) білім беру жүйесін дамыту саласындағы қалалық ұйымдардың, бірлестіктердің, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

3) ведомстволық мекемелер үшін мамандарды дайындауға тапсырыстарды қалыптастыру, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, ғылым мен практика жетістіктерін, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды ескере отырып, тәжірибеге оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізуге бағытталған шаралар жүйесі арқылы олардың біліктіліктерін арттыру;

4) бөлімнің әдістемелік орталығы арқылы білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсету;

5) бірыңғай үздіксіз білім беруді құру және дамыту;

6) ведомстволық білім беру мекемелерінің қаржылық–шаруашылық қызметін үйлестіру;

7) білім беру мәселелері бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар, конкурстар өткізу;

8) заңнамамен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

21. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етуге;

2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға;

3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыруға;

4) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;

5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға;

6) қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға міндетті.

Міндеттері:
1) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуді ұйымдастыруға;

2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуге;

3) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыруға;

5) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге.

6) ақшалай қаражатты ағымдағы есеп шотына аудару арқылы қамқоршы тәрбиешінің еңбекақысын төлеуге;

7) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

22. Нысаналы индикаторлары:

1) жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;

2) балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оның ішінде, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен;

3) 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET  үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);

4) мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі;

5)мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың  қанағаттанушылық деңгейі;

6) типтік жастағы (14-24 жас) жастардың  техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі.


3. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

23. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

24. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

25. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

26. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Ақтау қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

3) басшы бұйрықтарын шығарады;

4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

6) "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;

8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

9) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;

10) сенімхаттар береді;

11) "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі " мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

12) "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

13) "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
14) "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

15) "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

"Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі " мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

27. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

28. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі " мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым - қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

29."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

30. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым - қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

31."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

"Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

31."Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

33. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

34. "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері