Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Оқушыларға арналған

0

«Мұқағали оқулары» байқауы

«Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің....» - деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін  оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың орындаушылық, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу мақсатында «Мұқағали оқулары» байқауы ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні сағат 09.30-да «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілмек.  

  Байқауға сұранысты ағымдағы жылдың 21 қаңтарына дейін қалалық білімді дамыту орталығына түсіруі тиіс. Ақтау қаласына қарасты жалпы білім беретін орта мектептің 7-11 сынып оқушыларынан әр мектептен бір оқушы қатыса алады. Байқауға қатысушылар төмендегідей ережені ескеруі керек.

 -  «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында – оқушы Мұқағалидың өлеңдерінен өзі жатқа білетін өлеңдер тізбесін алдын-ала әділқазыларға ұсынады. Қазылар алқасының ұйғарымымен кез-келген  өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп жатқа оқиды. Егер әділқазылар сұраған өлеңін білмей қалса, жатқа айта алмай қалса, ұпайы кемиді.

-  «Көкірегімді жыр сәулесі мазалайды...» айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады (5-10 балл).

-  «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Алтай-Атырау», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа толық білуі керек. Оқушылар жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түседі (5-10 ұпай).

-  «Жырлайды жүрек» айдарында берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал (5-10 ұпай).

-  «Сыр сандықты ашып қара,

  Ашып қара, сырласым» айдарында үміткер сандықтан шығатын Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі.(5-10 ұпай).

-  «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны секілді, 1 минутта 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның қаншасы дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

-  «Ақын мұражайына менің үлесім...» бұл айдарда оқушының ақын шығармашылығына байланысты жеке қолынан жасаған суреттері, бұйымдары, кестелері, ақынның танылмаған қырын көрсететін жобалары, зерттеулері, ақын жайлы ел аузындағы естілмеген естеліктері ұсынылады, қорғалады. Үсынылғын жоба заттары ақын мұражайынан  арнайы  орынға  жыл сайын жинақталып отырады(5-10 ұпай).

Әр  айдарды  қорғауға  3  минут  беріледі.

 





2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. Мақсаты - 11-17 жас аралығындағы білім алушылардың көркем жəне сəндік-қолданбалы өнер шығармашылық қабілеттерін дамыту. 200-ге жуық жұмыс қабылданып, 7 бағыт бойынша 7...

2 наурыз 2018

Қалалық оқушыларға арналған "Инфоман-2018" турнирінің қорытындысы

  ...

1 наурыз 2018

М.Горькийдың 150жылдығына арналған оқыту қазақ тіліндегі оқушылар үшін жазушының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауын өткізу туралы бұйрық

      ...

20 ақпан 2018

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау

  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері