Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Оқушыларға арналған

0

«Мағжан оқулары» байқауы өткізілді

  Бүгін №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан Жұмабаев шығармаларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті жандандыру, дарынды балаларды анықтау, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Мағжан оқулары» байқауы өткізілді.
Байқау «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы, «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»-жас дарындар конкурсы бағыттары бойынша өткізілді.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша: №27 о/м 10-сынып оқушысы Әкімова Сүмбіле – І орын, №8 о/м 7-сынып оқушысы Адырбай Ерасыл – ІІ орын, №10 о/м 6-сынып оқушысы Марат Мағжан ІІІ орын, №28 о/м 5-сынып оқушысы Марат Жаннат, №23 о/м 6-сынып оқушысы Айнадин Омар ынталандыру дипломымен марапатталды.
«Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс бойынша №23 о/м 9-сынып оқушысы Таңжарбай Айгүл ІІІ орын иеленді.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар конкурсы бойынша №27 о/м 10-сынып оқушысы Акимова Мәншүк І орын, №20 о/м 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Әйгерім ІІ орын, №17 о/м 7-сынып оқушысы Қожаберген Құралай ІІІ орын, №10 о/м 9-сынып оқушысы Орысбай Жазира ынталандыру дипломдарымен марапатталды. 





2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. Мақсаты - 11-17 жас аралығындағы білім алушылардың көркем жəне сəндік-қолданбалы өнер шығармашылық қабілеттерін дамыту. 200-ге жуық жұмыс қабылданып, 7 бағыт бойынша 7 оқушы облысқа жолдама алды.  ...

2 наурыз 2018

Қалалық оқушыларға арналған "Инфоман-2018" турнирінің қорытындысы

  ...

1 наурыз 2018

М.Горькийдың 150жылдығына арналған оқыту қазақ тіліндегі оқушылар үшін жазушының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауын өткізу туралы бұйрық

      ...

20 ақпан 2018

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау

  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері