Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Оқушыларға арналған

0

«Қадыр оқулары» байқауы

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ –

Домбыра!

Ақтау қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында Қадыр Мырза Әлінің  шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге  үйрету, жас дарындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық қабілетін жандандыру мақсатында  «№12 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 21 қаңтары күні сағат 09.30-да  «Қадыр оқулары»  байқауы  өткізіледі.

Байқауға сұраныс ағымдағы жылдың 18 қаңтарына дейін қалалық білімді дамыту  орталығына  түсіре отырып, төмендегідей ережелерге бағынады:

1.   «Сөздің  бәрі  құдіретті» - Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу ;

2.   «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,

Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» - Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындау;

Қатысушы 3 ән дайындап ұсынады, әділқазылар шешімімен 1 ән орындайды.

3.   «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» - өз шығармаларын орындау (өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар) Қазылар алқасы қосымша тапсырма беруге құқылы.

Байқаудың  әр  бөлімі бойынша жеке-жеке оқушы қатыстырылады (әр мектептен үш бөліміне үш оқушы).

Байқауға қатысушыларға СӘТТІЛІК!

 





2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. Мақсаты - 11-17 жас аралығындағы білім алушылардың көркем жəне сəндік-қолданбалы өнер шығармашылық қабілеттерін дамыту. 200-ге жуық жұмыс қабылданып, 7 бағыт бойынша 7...

2 наурыз 2018

Қалалық оқушыларға арналған "Инфоман-2018" турнирінің қорытындысы

  ...

1 наурыз 2018

М.Горькийдың 150жылдығына арналған оқыту қазақ тіліндегі оқушылар үшін жазушының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауын өткізу туралы бұйрық

      ...

20 ақпан 2018

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау

  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері