Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Оқушыларға арналған

0

«Ақберен» байқауы

Қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін анықтау, бойында отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, ұлтжандылық тәрбиені нығайту мақсатында «И. Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні сағат 09.30-да «Ақберен» байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Байқауға сұранысты ағымдағы жылдың 31 қаңтарына дейін қалалық білімді дамыту орталығына түсіре отырып, байқауға қатысушы төмендегі номинациялар бойынша сынға түседі.
1) «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша екі оқушы қазылар алқасы тарапынан берілген тақырып бойынша алдымен өз ойларын жеткізеді (5 минут). Қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді (әр қатысушыға 5 сұрақтан);
2) «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша байқауға қатысушы өзі таңдаған шығармасынан үзінді оқиды (5-7 минут);
3) «Эссе жазу» номинациясы бойынша қазылар алқасы тарапынан ұсынылған еркін тақырыпқа эссе жазу (2 сағат); 
4) «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша өзі дайындаған бір шығарманы ұлттық аспаппен орындау;
5) «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша ойының тапқырлығы, сөз көркемдігі тақырыпты аша білуі, орындаушылық шеберлігі, суырып салмалық (импровизаторлық);
6) «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша жазбаша 3 өлең ұсынады. 1 өлеңді жатқа оқып береді. Қазылар алқасы тақырып ұсынады, ұсынылған 3 тақырыптың біреуіне өлең шығарады. 
Сыннан сүрінбей өтейік, қатысушылар! 





2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. Мақсаты - 11-17 жас аралығындағы білім алушылардың көркем жəне сəндік-қолданбалы өнер шығармашылық қабілеттерін дамыту. 200-ге жуық жұмыс қабылданып, 7 бағыт бойынша 7...

2 наурыз 2018

Қалалық оқушыларға арналған "Инфоман-2018" турнирінің қорытындысы

  ...

1 наурыз 2018

М.Горькийдың 150жылдығына арналған оқыту қазақ тіліндегі оқушылар үшін жазушының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауын өткізу туралы бұйрық

      ...

20 ақпан 2018

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау

  ...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері