Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 шағынаудан ғимарат 2/1 телефон: 8 (7292)50-74-42.

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 1 шағынаудан, ғимарат 36, телефон: 8(7292)50-71-79.

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін.

Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Шығыс 1, ғимарат 300.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 б ш/а, 52 ғимарат.

Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

✓Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

✓Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

✓Педагогикалық кеңесті басқарады.

✓Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

✓Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

✓Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

✓Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

✓Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

✓Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

✓Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

✓Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

✓Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

✓Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

✓Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

✓Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

✓Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

✓Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

✓Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

✓Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

✓Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

✓Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

✓Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

✓Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 104, телефон: 8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 





22 қыркүйек 2017

Қалалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы

Қалалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің 11.09.2017ж. №1075 бұйрығына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауында жүлделі ...

22 қыркүйек 2017

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі» тақырыбында өткен Ақтау қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі» тақырыбында өткен Ақтау қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті Қатысқандар: Ақтау қаласының әкімі С.Ө.Трұмов,Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы З.Ж.Тастемирова, НЗМ...

22 қыркүйек 2017

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Білім басқармасы басшысының бұйрығымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 2017 жылдың 18 қыркүйек күні 12 топ 36 оқушы қатысты. Олимпиада қазақ тілінде өткізілді. Бірінші кезеңде оқушылар жеке-жеке...

21 қыркүйек 2017

1 Қыркүйек – Білім күні.

1 Қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды.Осы күні, таңнан бастап қала көшелерінен сәнді киінген, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушыларды көрмеу, байқамау мүмкін...

22 маусым 2017

«Үздік лагерь-2017ж» байқауы

Ақтау қалалық білім бөлімінің 07.06.2017ж №1018 бұйрығына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен, лагерь басшылары арасында «Үздік лагерь-2017ж» байқауы өткізілді.Сайысқа төрелік жасаған әділқазылар шешімімен төменде көрсетілген лагерь басшылары...

30 мамыр 2017

«Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында сырттай ашық сабақтар байқауы

23.05.2017 ж.күні Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығында көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Д.Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай, тарих пәні мұғалімдері арасында «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында сырттай ашық сабақтар байқауы қаралды. Сырттай ашық ...

24 мамыр 2017

"Үздік педагог-2017" байқауы

Ақтау қала әкімінің орынбасары Берішбаев Қуаныш Серікұлы, қалалық мәслиxат xатшысы Молдағұлов Марат Николайұлы, білім бөлімі басшысы Тулебаева Светлана Дюмбаевнаның және мектеп басшыларының қатысыуымен xалықаралық, республикалық олимпиада мен ғылыми жоба...

23 мамыр 2017

Қалалық «Үздік өзін-өзі тану пәні кабинеті» байқауы

Қалалық «Үздік өзін-өзі тану пәні кабинеті» байқауының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің 04.04.2017ж. №737 қалалық «Үздік өзін-өзі тану пәні кабинеті» байқауын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында...

23 мамыр 2017

Қалалық «Үздік математика пәні кабинеті» байқауы

Қалалық «Үздік математика пәні кабинеті» байқауының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің 17.02.2017ж. №161 қалалық «Үздік математика пәні кабинеті» байқауын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында...

23 мамыр 2017

Орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттері байқауы

Орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттері байқауының қорытындысы туралы Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 09.03.2017ж. «Орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттерінің байқауын өткізу туралы» №644...

23 мамыр 2017

Қалалық ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиада тапсырмаларын орындау» байқауы

Қалалық ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиада тапсырмаларын орындау» байқауының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің және білім үйлестіру орталығының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сай, ағылшын тілі пәні бойынша жас мамандардың...

23 мамыр 2017

Қалалық әдістемелік семинары

Қалалық әдістемелік семинарының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 19.04.2017ж №829 «Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің қалалық семинарын өткізу туралы» бұйрығы негізінде өзін-өзі тану пәні...

20 мамыр 2017

«Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңызы» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңызы» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы Қалалық білім бөлімінің және білім үйлестіру орталығының іс-шаралар...

17 мамыр 2017

Жалпы облыстық «Отбасы- тәрбиенің басты ұясы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

Жалпы облыстық «Отбасы- тәрбиенің басты ұясы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысын өткізу туралы Маңғыстау облысының білім басқармасының 14.09.2017ж №01.1-09.3561 хатының негізінде, 16.09.2017ж. күні, сағат 10.00-де облыстағы барлық мектептерде бір мезгілде «Отбасы – тәрбиенің басты...

5 мамыр 2017

Қалалық «Тарих пәні кабинеті» байқауы

Қалалық «Тарих пәні кабинеті» байқауының қорытындысы туралы Қалалық білім бөлімінің «Тарих пәні кабинеті» байқауын өткізу туралы №672 бұйрығы негізінде 2017 жылдың 30-31 наурыз күндері өткізілген қалалық «Тарих пәні кабинеті» байқауының қазылар алқасының шешімімен,...

5 мамыр 2017

Қалалық «Үздік физика пәні кабинеті» байқауы

Қалалық «Үздік физика пәні кабинеті» байқауының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің 17.02.2017ж. №161 қалалық «Үздік физика пәні кабинеті» байқауын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Үздік...

4 мамыр 2017

«Ана – әлемдегі ең қастерлі есім» қалалық презентация жасаушылардың байқауы

«Ана – әлемдегі ең қастерлі есім» қалалық презентация жасаушылардың байқауының қорытындысы туралы Қалалық білім бөлімінің 23.02.2017ж. №80 бұйрығымен 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ана – әлеміндегі ең қастерлі есім» қалалық презентация жасаушылардың...

4 мамыр 2017

Орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттері байқауы

Орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттері байқауының қорытындысы туралы Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 09.03.2017 ж. «Орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттерінің байқауын өткізу туралы» №644 бұйрығы...

25 сәуір 2017

Қалалық «Үздік информатика кабинеті - 2017 » байқауы

Қалалық «Үздік информатика кабинеті - 2017» байқауының қорытындысы туралы Қалалық білім бөлімінің және білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 23.02.2017 жылғы «Үздік информатика кабинеті – 2017» байқауын өткізу туралы» №181...

25 сәуір 2017

«Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан-менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілер форумы

«Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан-менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілер форумының қорытындысы туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің 14.13.2017ж. №659 бұйрығына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының «Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан-менің...

14 сәуір 2017

Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауы

Қалалық білім бөлімінің 27.02.2017 жыл №208 бұйрығы негізінде, 2017 жылдың 11 сәуірінде №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен технология пәнінен көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалардың шығармашылық...

11 сәуір 2017

2016-2017 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың ІІ кезеңі

2016-2017 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың ІІ кезеңін өткізу туралы Маңғыстау облысының білім басқармасы, облыстық «Дарын» қосымша білім орталығының 03.04.2017жылғы №214/01-13 хатын негізге ала отырып, 5-8 –сынып оқушылары арасында...

7 сәуір 2017

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы «2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы» №638...

7 сәуір 2017

Қалалық «Үздік информатика кабинеті - 2017» байқауы

Қалалық «Үздік информатика кабинеті - 2017» байқауының қорытындысы туралы Қалалық білім бөлімінің және білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 23.02.2017 жылғы «Үздік информатика кабинеті – 2017» байқауын өткізу туралы» №181...

Соңғы хабарлар

49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері