Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!
Дүниежүзілік алаңдатып отырған төтенше жағдайға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 05 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, тұрақты, үздіксіз және жедел түрде жұмыс жасауда.
Əлемде өршіп тұрған коронавирус дертіне қарсы қаламызда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаламыздағы білім саласы қызметкерлерінің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі үшін вирустың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайлары талапқа сай күнделікті қатаң қадағаланып отыр. Әрбір білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер екі сағат сайын ғимараттарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметін жалғастыруда, дегенмен ата-аналар өз қалауымен балаларын үйде қалдыра алады. Мұндай жағдайда тәрбиеленушінің орны сақталады және ата-ананың жарнасы баланың келген күніне ауыстырылады.
Елімізде 16 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалыс уақыты басталғаны белгілі. Қауіп өскен сайын балаларымыздың өмірі мен денсаулығына баса назар аудару керек. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу, қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, науқас адамдармен байланыста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен дереу кеңесу секілді алдын-ала сақтық шараларын ұстанған жөн.
Балаларды әлеуметтік желілер, ұялы телефондар арқылы жалған мәліметтерді көру және таратудан сақтандырып, бақылауда ұстауға тырысайық.
Отбасы байлығы бала болып саналатын болса, олардың өмірін келеңсіз жағдайлардан сақтау – Сіз бен біздің міндетіміз! Бүгінгі уақытша қиындықтарды тек қана ауызбіршілікпен және ынтымақ, бірлікпен еңсерейік!

Құрметпен,
Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Тулебаева Светлана Дюмбаевна

 





27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...

27 наурыз 2018

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы №4 гимназия мектебінде өткізілді. Байқауға 14 үміткер қатысып, 4 айналым болды.  

26 наурыз 2018

Кабинеттер байқауы

Ақтау қалалық  білім бөлімінің  26.03.2018 жылғы «Үздік  физика пәні  кабинеті» байқауын өткізу туралы  №302  бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Үздік  физика пәні кабинеті» байқауына наурыз айының 28-29-ы күндері №11,...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестиваліне қатысушылар

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді.  

20 наурыз 2018

«Ағылшын тілінде презентация»

«Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып  оқушылары  арасынан «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, көп...

19 наурыз 2018

ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен кездесу

Ақтау қаласы мектептерінің жауапты мамандарымен ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен бірге қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы өткен жиналыс сәтінен. 

19 наурыз 2018

"Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысы

№10 орта мектеп базасында қалалық "Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысынан... Облыстық кезеңнен толағай табыс тілейміз!  

19 наурыз 2018

Фотогалерея

...

13 наурыз 2018

"Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі

№28 орта мектебінде оқушылар арасында республикалық "Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі өткізілді. 

2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. 

27 ақпан 2018

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы

Ақтау қаласы," №23 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мұғалімдер арасында қалалық «Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы өткізілді. 

23 ақпан 2018

Гуманитарлық пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада

21 ақпан  күні  Ибаш Жанболатова атындағы №15 орта мектепте 5-6 сынып  оқушылары  арасында олимпиаданың ашылу салтанатты өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен 185 оқушы қатысады. 

21 ақпан 2018

«Информан-2018» турнирі

Қалалық «Информан-2018» турнирі 21ақпан күні күні сағат 14:00-де КММ «№14 жалпы білім беру орта мектебі» базасында өткізілді. 

19 ақпан 2018

Құм терапиясы

  ...

19 ақпан 2018

"Жауқазын" балалар шығармашылық өнер фестивалі

  ...

16 ақпан 2018

"Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы"

Ақтау қаласы №7 мектеп лицейінде 16 ақпан күні "Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы" тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларына арналған семинар өтті. 

13 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы

Қалалық «Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы 2018 жылдың 13 ақпан күні сағат 09:30-да «С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. 

11 ақпан 2018

«Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі

09-11.02.2018 жылы Ақтау қаласында №9 және №14 орта мектептерде баскетбол бойынша 9-11 сынып ұлдар арасында қалалық «Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі өтті. 21 команда, 221 ойыншы қатысты. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз. Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін...

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік...

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз хабарламасы. Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда 2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік...

29 желтоқсан 2017

"Жыл адамы - 2016" байқауы

"Жыл адамы - 2016" байқауының жеңімпаздары №13 гимназия мұғалімі Турбекова Майра, №4 балабақша тәрбиешісі Арынбасарова Зухра.  ...

23 желтоқсан 2017

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы

Қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан күні №10 орта мектеп ғимаратында қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы өткізілуде, байқау ертең...

17 қазан 2017

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара!

2017 жылдың 5 қазан күні мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының кіші залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Сакеев, қалалық білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының басшылары,...

Соңғы хабарлар

4849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері