Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!
Дүниежүзілік алаңдатып отырған төтенше жағдайға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 05 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, тұрақты, үздіксіз және жедел түрде жұмыс жасауда.
Əлемде өршіп тұрған коронавирус дертіне қарсы қаламызда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаламыздағы білім саласы қызметкерлерінің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі үшін вирустың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайлары талапқа сай күнделікті қатаң қадағаланып отыр. Әрбір білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер екі сағат сайын ғимараттарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметін жалғастыруда, дегенмен ата-аналар өз қалауымен балаларын үйде қалдыра алады. Мұндай жағдайда тәрбиеленушінің орны сақталады және ата-ананың жарнасы баланың келген күніне ауыстырылады.
Елімізде 16 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалыс уақыты басталғаны белгілі. Қауіп өскен сайын балаларымыздың өмірі мен денсаулығына баса назар аудару керек. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу, қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, науқас адамдармен байланыста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен дереу кеңесу секілді алдын-ала сақтық шараларын ұстанған жөн.
Балаларды әлеуметтік желілер, ұялы телефондар арқылы жалған мәліметтерді көру және таратудан сақтандырып, бақылауда ұстауға тырысайық.
Отбасы байлығы бала болып саналатын болса, олардың өмірін келеңсіз жағдайлардан сақтау – Сіз бен біздің міндетіміз! Бүгінгі уақытша қиындықтарды тек қана ауызбіршілікпен және ынтымақ, бірлікпен еңсерейік!

Құрметпен,
Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Тулебаева Светлана Дюмбаевна

 





12 желтоқсан 2018

«Зерде» республикалық конкурсының І қалалық кезеңі

Қалалық білім бөлімінің 10.12.2018 жылғы «Зерде» республикалық конкурсының І қалалық   кезеңін  өткізу туралы  №885 бұйрығына сәйкес 2018 жылдың  12 желтоқсан күні №28 жалпы білім беретін орта мектебінде өткізілді. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық...

9 желтоқсан 2018

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы қорытындыланды

Екі күнге созылған білім додасы өз мәресіне жетіп, оқушылардың жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының ІІ (қалалық) кезеңі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында қорытындыланып жеңімпаздар марапатталды.  ...

6 желтоқсан 2018

«Үздік сыныптан тыс іс-шара» сырттай байқауы

     Ақтау қалалық білім бөлімінің  22.11.2017ж. №835 бұйрығына сәйкес, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру аясында жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын...

5 желтоқсан 2018

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы

Бүгін жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының ІІ (қалалық) кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Екі күнге созылатын олимпиадада дарынды, білімді оқушыларымызға сәттілік тілейміз.  ...

5 желтоқсан 2018

"Патриоттық әндер - 2018" байқауы

   Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі базасында қалалық "Патриоттық әндер - 2018" байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар Қазақстан композиторлары мен ақындарының және жергілікті сазгерлердің патриоттық...

4 желтоқсан 2018

«Тәуелсіздікті қастерлей білейік!» мәнерлеп оқу байқауы

      Ақтау қалалық білім бөлімінің  22.11.2018ж. №836 бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың  14 желтоқсанында  3-4 сынып оқушыларының  «Тәуелсіздікті қастерлей білейік!» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Қазылар   алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің...

1 желтоқсан 2018

«Жылдың үздік БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы» сайысы

    Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың   29-30 қарашасы күндері БӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының арасында «Жылдың үздік БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы» сайысы өткізілді. Сайыс жеңімпаздары: І орын – Каргаликов Асылбек Даулбекович, №23 жалпы білім беру...

30 қараша 2018

Облыстық жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Бүгін екі күнге созылған жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиада қорытындысы бойынша Ақтау қаласының ұстаздары қала мерейін арттырып,  жүлдегер атанды: І орын – Диханова Жүзім, математика пәні...

30 қараша 2018

«Қөркем жазу» байқауы

  Ақтау қалалық білім бөлімінің 20.11.2018 ж.№828 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептердегі 2-сынып оқушыларының арасынан көркем, әдемі, сауатты жаза алатын оқушыларды  анықтау мақсатында 2018 жылдың 29 қарашасында «Қөркем жазу» байқауы өткізілді. Шара...

30 қараша 2018

"Адал жол" марафоны

Маңғыстауда сәуір айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл, сондай -ақ елордамыз Астананың 20 жылдығына орай "Адал жол" марафоны бастау алды. Қазіргі таңда И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде ...

29 қараша 2018

"Көркем жазу" сайысы

Бүгін қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №10 жалпы білім беру орта мектебінің базасында 2-сынып оқушыларына арналған "Көркем жазу" сайысы өтуде.  ...

29 қараша 2018

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары

Бүгін қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік семинары өтуде.  ...

28 қараша 2018

It сыныптар ашу

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес "№1 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында It сынып ашылды.  ...

28 қараша 2018

«Үздік бастауыш сынып кабинеті» байқауы

     Ақтау қалалық білім бөлімінің  20.11.2018ж. №827 «Үздік бастауыш сынып кабинеті»  байқауын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы жабдықталған және мемлекеттік стандартқа сай оқу тәрбие жұмысының...

24 қараша 2018

Жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Ағымдағы жылдың 22-23 қарашасында жаратылыстану – математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді. Олимпиада ережесіне сәйкес педагог қызметкерлер бірінші кезеңде шығармашылық жұмыстарымен таныстырып, олимпиадалық тапсырмаларды орындаса, келесі кезеңде ашық...

23 қараша 2018

Жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

    Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №5 о/м базасында жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының екінші кезеңі өтуде. Екінші кезеңде сайыскерлер сабақтар өткізуде.   ...

23 қараша 2018

"Әбіш оқулары" байқауы

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №21 о/м базасында "Әбіш оқулары" байқауы өткізілуде. ...

23 қараша 2018

Жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22-23 қарашасы күндері №5 орта мектеп базасында жаратылыстану - математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өтуде. Олимпиадада қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарынан 53 педагог бақ...

20 қараша 2018

«Бастапқы әскери дайындық пәнінің үздік оқу-материалдық базасы» конкурсы

Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың   17-19 қарашасы күндері «Бастапқы әскери дайындық пәнінің үздік оқу-материалдық базасы» конкурсы өткізілді. Байқау жеңімпаздары: І орын – ІТ-лицейі, БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Варнавский Олег Иванович; ІІ орын –...

18 қараша 2018

Жалпы білім беретін орта мектеп басшыларымен жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында жалпы білім беретін орта мектеп басшыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес: 1. І тоқсан қорытындысы, 2. 2019 жылға жалпы білім беретін орта мектептерде оқитындарды тамақтандыру бойынша конкурстың өткізілуі, 3. ...

16 қараша 2018

«Электр тоғы ойыншық емес!» сырттай сурет байқауы

        Қалалық білім бөлімінің 06.11.2018ж. №781  бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 15 қарашасында  «Электр  тоғы  ойыншық  емес!» сырттай  сурет байқауы өткізілді. 1.    Төменде көрсетілген оқушылар қалалық білім бөлімінің І дәрежелі дипломдарымен   марапатталды. ...

15 қараша 2018

Жалпыхалықтық диктант өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні Ақтау қалалық біліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының барлығында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді. Диктантты мектеп оқушылары, ұстаздар, ата – аналар жазды. Жалпы жазылған диктанттар саны 9074 (оқушылар - 3896, педагог...

15 қараша 2018

Жалпыхалықтық диктант өткізілді

Ағымдағы жылдың 14-қарашасында  Ақтау қалалық біліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының барлығында Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен...

13 қараша 2018

Жоғары оқу орындарына қабылдау емтиxандарына арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларына апробация өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 12-17 қарашасы аралығында жоғары оқу орындарына қабылдау емтиxандарына арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларына №№10, 16, 21, 23 о/м, мамандандырылған экономикалық лицей базасында апробация өткізілуде.  ...

Соңғы хабарлар

4546474849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері