Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





1 ақпан 2019

"Мектеп Лигасы" жарыстары

       Бүгін, қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында "Мектеп Лигасы" жарыстарының волейбол ойындары басталды. Жарыс Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі мен М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім...

30 қаңтар 2019

«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы әдістемелік семинар

Бүгін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №11 мамандандырылған физика - математика мектебінде «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында тарих пәні мұғалімдері Нурманова Ж.Т. «Берел қорғандары» тақырыбында 5 сыныпта, Конбаева...

30 қаңтар 2019

«CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары» тақырыбында әдістемелік семинар

Бүгін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебінде жетекші мектеп мұғалімдеріне арналған «CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында №22 орта мектептің химия...

30 қаңтар 2019

"Мектеп Лигасы" жарыстары

Қаңтардың 18-20 аралығында қалалық жалпы білім беру орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасындағы "Мектеп Лигасы" жарыстары өткізіліп, волейбол ойындары бойынша келесі командалар жүлделі орындарды иеленді:І орын - 5 о/м; ІІ орын - 17 о/м; ІІІ орын - 21 о/м. Сонымен...

23 қаңтар 2019

IT сынып ашылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта...

23 қаңтар 2019

«Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқарас - өлке тарихын оқыту» тақырыбындағы әдістемелік семинар

     Бүгін қалалық білім бөлімі мен білімді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, облыстық өлкетану мұражайында тарих пәні мұғалімдерінің «Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқарас - өлке тарихын оқыту» тақырыбында,Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті...

22 қаңтар 2019

«Мұқағали оқулары» байқауы

     Ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні №13 гимназиясында қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес дарынды, шығармашыл оқушылар арасында «Мұқағали оқулары» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің дипломдарымен...

18 қаңтар 2019

«Қадыр оқулары» байқауы

Қалалық білім бөлімінің 10.01.2019ж. №936 бұйрығына сәйкес, оқушылар арасында «№12 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Қадыр оқулары» байқауы өткізілді. Байқауға қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар қалалық білім бөлімінің...

18 қаңтар 2019

«Оқушылардың метатанымдық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында пилоттық мектептер мұғалімдеріне арналған облыстық семинар

Бүгін қалалық №11 мамандандырылған физика - математика мектебі базасында Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп «Оқушылардың метатанымдық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында пилоттық мектептер мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинар барысында...

18 қаңтар 2019

«Ақберен» байқауы

Қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу,...

17 қаңтар 2019

"Рауан" жекеменшік балабақшасы

Өмірзақ ауылына қарасты Рауан елді мекенінде 100 орындық "Рауан" жекеменшік балабақшасы ашылды. Ашылу рәсіміне Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен тұрғындар қатысты. Балабақша соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен жабдықталған. Онда 20...

15 қаңтар 2019

«Қадыр оқулары» байқауы

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Ақтау қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында Қадыр Мырза...

15 қаңтар 2019

«Мұқағали оқулары» байқауы

«Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің....» - деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін  оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде...

12 қаңтар 2019

XIV Халықаралық Жаутыков олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 9-12 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің XIV Халықаралық Жаутыков олимпиадасы өткізілді. Халықаралық олимпиада ережесі бойынша қатысушылар бірінші кезеңде күрделі есептер шығарса, келесі кезеңде...

12 қаңтар 2019

Физика, информатика, химия, биология пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары

Бүгін "Білім инновация" лицейі базасында физика, информатика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін облыстық әдістемелік орталық пен "Ustaz Professional learning Centre" ЖШС ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға қалалық білім ұйымдарынан 104 педагог қатысып...

12 қаңтар 2019

"Ағылшын жетістігі үшін" ("For English success") үш тілде білім беру жобасы

Маңғыстау облысы мектептері мұғалімдерінің үш тілде оқыту деңгейін дамыту, тәжірибе жинақтау және алмасу мақсатында "Тенгизшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Британ елшілігінің қаржыландыруымен ұйымдастырылып отырған "Ағылшын жетістігі үшін" ("For English...

11 қаңтар 2019

"Bilim Media Group" компаниясымен бірлескен вебинар

Бүгін Ақтау қалалық білім беру ұйымдарындағы жауапты мамандар үшін "Bilim Media Group" компаниясымен бірлескен вебинар өткізілді. Вебинар кезінде bilimland.kz сайтын қолдану, imektep, itest қызметтерін пайдалану жөнінде мәліметтер алынып, пікірлесу өткізілді....

6 қаңтар 2019

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды

Бүгін екі күнге созылған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды. Пәндік олимпиадаға Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарынан 69 оқушы (қалалық кезең жеңімпаздары) қатысып, 12 оқушы І орын, 7...

28 желтоқсан 2018

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді.

    Бүгін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді. Кеңеске қоғам белсендісі К.Жақыпұлы, "Луара" қоғамдық қорының директоры, қалалық маслихат депутаты Л.Асырова, облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары...

28 желтоқсан 2018

Облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауы

    Бүгін облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауына Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан қатысқан 15 жоба 18 оқушы (қалалық кезең жеңімпаздары) жүлдегер атанды. Олар: 1) Абайқызы Махаббат, №28 о/м, ІІІ орын; 2) Алибек Дарын, №8 о/м, І орын; 3)Амангелдинова...

28 желтоқсан 2018

Жаңа жыл мерекесін қарсы алу

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары үшін қала әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өткізілді.  ...

24 желтоқсан 2018

Жаңа жыл мерекесін қарсы алу

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектептерде Жаңа жыл мерекесін қарсы алу шаралары ұйымдастырылуда. ...

16 желтоқсан 2018

"Өркен" балабақшасы ашылды

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында қаламызда 6 шағынауданда 120 орындық "Өркен" балабақшасы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов және ата - аналар қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды Тәуелсіздік...

14 желтоқсан 2018

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күніне орай білім ұйымдарында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.  ...

Соңғы хабарлар

444546474849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері