Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





26 ақпан 2019

№29 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды

  Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №29 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT...

25 ақпан 2019

«Қойнауы сырға толы ауылым» байқауы өткізілді

   Қалалық білім бөлімінің 30.01.2019ж. №13 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні №21 жалпы білім беру орта мектебі базасында «Қойнауы сырға толы ауылым» байқауы өткізілді. Байқаудың қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің...

25 ақпан 2019

«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2019» байқауы өткізілді

  Ақтау қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 22.01.2019ж. №3 бұйрығы негізінде 2019 жылдың 22 ақпаны күні «С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  базасында «РОБОМАҢҒЫСТАУ-2019»...

22 ақпан 2019

Облыстық "Математикалық регата" байқауы

   Бүгін математика пәні мұғалімдерінің облыстық "Математикалық регата" байқауында қалалық кезең жеңімпаздары 23 жалпы білім беру орта мектебінің "Косинус" командасы I орын, It лицейдің "Сызық" командасы II орын иеленіп қала мерейін арттырды. Ұстаздарымызды жеңісімен...

20 ақпан 2019

«Жаңартылған бағдарлама ізденіс және тәжірибе» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді

   Бүгін қалалық білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі базасында «Жаңартылған бағдарлама ізденіс және тәжірибе» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері Р.Серикова сауат ашу...

20 ақпан 2019

"Критериальное оценивание-важный фактор процесса обучения в рамках обновления содержания образования" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік семинары өтуде

  Бүгін 23 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Критериальное оценивание-важный фактор процесса обучения в рамках обновления содержания образования" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік семинары өтуде. Семинар барысында...

19 ақпан 2019

British Council» ұйымы «English for success» жобасы арқылы 18-22 ақпан аралығында семинар өткізілуде

   «British Council» ұйымы «English for success» жобасы арқылы қаламыздағы ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ағымдағы жылдың 18-22 ақпаны аралығында семинар өткізілуде. Аталған семинарға қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден 100...

18 ақпан 2019

«Тілші мұғалімдер-2019» олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 11-12 ақпаны күндері №14 жалпы білім беру орта мектебінің базасында  өткізілген «Тілші мұғалімдер-2019» олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: № Мұғалімнің аты -...

18 ақпан 2019

Ағымдағы жылдың 15-17 ақпаны күндері 7-8 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында баскетбол ойындары өткізілді

   Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары арасындағы "Мектеп Лигасы" жарыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 15-17 ақпаны күндері 7-8 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында баскетбол ойындары өткізілді. Жарыс ұлдар арасында...

18 ақпан 2019

"Математикалық регата" олимпиадасы

  Ақтау қалалық білім бөлімінің 31.01.2019ж. №14 бұйрығы негізінде 2019 жылдың 14 ақпаны күні өткізілген математика пәні мұғалімдерінің қалалық «Математикалық регата-2019» олимпиадасының қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің...

18 ақпан 2019

«Үздік сынып жетекші-2019» байқауы өз мәресіне жетті

  Ағымдағы жылдың 14-15 ақпаны күндері өткізілген «Үздік сынып жетекшісі» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталып қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды:1. І орын - Шоманова Назгул, №11 МФММ;2. ІІ орын - Налибаева Карлыгаш, №8 о/м;3. ІІ орын - Новрузбаева...

15 ақпан 2019

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, қалалық жалпы білім беру орта мектептерінің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілері арасында

    Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, қалалық жалпы білім беру орта мектептерінің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілері арасында ағымдағы жылдың 14-15 ақпаны күндері "Отан қорғаушы" әскери-қолданбалы көпсайысы...

14 ақпан 2019

"Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында пәндерді оқытудың тиімді жолдары" тақырыбында жетекші мектептің 1-3, 5-8 сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтуде

  Бүгін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты 14 орта мектеп базасында "Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында пәндерді оқытудың тиімді жолдары" тақырыбында жетекші мектептің 1-3, 5-8 сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтуде. Семинар барысында А.Өтегенова...

14 ақпан 2019

"Математикалық регата" олимпиадасы өтуде

 Бүгін 2 жалпы білім беру орта мектебі базасында математика пәні мұғалімдерінің "Математикалық регата" олимпиадасы өтуде. Олимпиада ережесі бойынша бес кезеңде педагогтер есеп шығарып бақ сынауда. Олимпиадаға қалалық білім беру ұйымдарынан 20 команда, 80 педагог...

14 ақпан 2019

"Үздік сынып жетекші-2019" байқауы

  Бүгін 9 жалпы білім беру орта мектебі базасында қалалық "Үздік сынып жетекші-2019" байқауы өткізілуде. Байқау ережесі бойынша қатысушылар "Мен-сынып жетекшісімін" тақырыбында презентация, "Жас ұрпақты тәрбиелеу туралы менің көзқарасым" тақырыбында плакат, коллаж қорғаса,...

12 ақпан 2019

«Көптілділіктің өзекті мәселелері: тәжірибелер мен болашаққа бағдар» тақырыбында жетекші мектептерге арналған қалалық әдістемелік семинар өткізілді

    Бүгін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердегі педагогтер үшін №2 жалпы білім беру орта мектебі базасында «Көптілділіктің өзекті мәселелері: тәжірибелер мен болашаққа бағдар» тақырыбында жетекші мектептерге арналған қалалық әдістемелік семинар...

10 ақпан 2019

7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында "Мектеп Лигасы" жарыстарының волейбол ойындары

   Ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны күндері Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында "Мектеп Лигасы" жарыстарының волейбол ойындары өткізіліп, келесі командалар жеңімпаз атанды:І орын – Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта...

8 ақпан 2019

«Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында үздік сабақ байқауы

  Ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында үздік сабақ байқауы өткізілді. Байқауға қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысып, жеңімпаздар анықталды:I орын - Бимурзаева Асел...

8 ақпан 2019

«Бейбітшілік әлемі» сурет байқауы

  Ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні  қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы оқушылар арасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Бейбітшілік әлемі» сурет байқауы өтті. Байқау кезінде Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетіліп,...

7 ақпан 2019

«Мейірімділік» тақырыбындағы сахналық қойылым

 Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні қалалық білім бөліміне қарасты мектептер үшін С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі базасында «Мейірімділік» тақырыбында қалалық сахналық қойылымдар байқауы өткізілді.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып,...

5 ақпан 2019

«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 28.01.2019 ж. №07 бұйрығына сәйкес, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар...

5 ақпан 2019

It сынып ашылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT...

4 ақпан 2019

«Ән көңілдің ажары» ән байқауы

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 28.01.2018ж. №7 бұйрығына сәйкес «Өзін – өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының негізінде тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастарды адамгершілік – рухани тұрғысынан жетілдіру мақсатында «Өзін – өзі тану:...

3 ақпан 2019

"Мектеп Лигасы" жарыстары

Бүгін қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасындағы "Мектеп Лигасы" жарыстарының үш күнге созылған волейбол ойындары аяқталды . Жарыс қорытындысы бойынша 5 о/м III орынға, 17 о/м II орынға табан тіреді.Командалық...

Соңғы хабарлар

43444546474849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері