Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





18 қаңтар 2020

Мектеп нұсқаушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кездесуі

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ақтау қалалық білімді дамыту орталығы базасында қалалық білім бөлімінің басшысы С.Б.Тулебаева, Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Б.Б.Досов, бас маманы Р.Шамшадинова, теннис бойынша БЖСМ директорының м.а. А.Ерлик,  

17 қаңтар 2020

Мектеп басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс

Бүгін, ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша білім беру ұйымдары басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс өткізілді. 

16 қаңтар 2020

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс өткізілді. Отырысқа Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г.Алдашева, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.Өмірзақ,  

14 қаңтар 2020

Абай әндері мен халық әндерінің үндесуі

Бүгін, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлеміне саяхат» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Абай әндері мен халық әндерінің үндесуімен мектепішілік байқау болып өтті.  

9 қаңтар 2020

Жастар жетістіктері

Бүгін, "Жастар жетістіктері" қоғамдық қорының "Болашаққа бағдар" кәсіптік бағдар беру бағдарламасын ендіру жобасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Ең үздік мұғалім", "Ең үздік мектеп" байқаулары және 5-10 сынып 

6 қаңтар 2020

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бүгін, екі күнге созылған 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада оқушылар пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, зертханалық жұмыстар жасады. 

27 желтоқсан 2019

Маңғыстаунама - 2019

Ақтау қаласының білім бөлімінің «Маңғыстаунама - 2019» танымдық байқауын өткізу туралы №318 бұйрығын негізге ала отырып, №28 жалпы білім беру орта мектебінде аталған шара ағымдағы жылдың 19 желтоқсаны күні өткізілген болатын. 

26 желтоқсан 2019

USTAZ Professional Learning Centre

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны күні №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында жаратылыстану - математика бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндерін үштілді оқытатын мұғалімдерге арналған Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының "USTAZ Professional Learning Centre" 

23 желтоқсан 2019

Мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 ж. «Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы  

20 желтоқсан 2019

Жастар сыйлығы - 2019

Бүгін “Жастар сыйлығы - 2019” жастар премиясын табыстау рәсімі болып өтті. Жастар арасындағы кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін көрсете алған білімді, өнерлі, бәсекеге  

19 желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың білім саласы қызметкерлерімен кездесуі

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Ш.Каринова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ. Жұмашевтың қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы 29 жалпы білім беру орта мектебі базасында білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті 

16 желтоқсан 2019

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!Сіздерді Ақтау қалалық білім бөлімі атынан Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.  

11 желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді.  

7 желтоқсан 2019

Жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.  

5 желтоқсан 2019

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды.  

29 қараша 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

21 қараша 2019

Жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі

Бүгін, жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды. Олимпиадаға қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.  

18 қараша 2019

«Абай әндерінен хор дайындау» сайысы

Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай атамыз қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Ол қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Осындай ұлы...

15 қараша 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №27 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

8 қараша 2019

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі

Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау 

8 қараша 2019

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы базасында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, оқушылар арасында өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, олардың ізденушілік,  

4 қараша 2019

Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысушыларға түсіндірме жұмыстары

2019-2020 оқу жылында біліктілік санаттарын аттестаттауға өтініш берген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі - Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру ағымдағы жылғы қараша айында өткізу жоспарланған.  

1 қараша 2019

"Алтын диск" олимпиадасы

Облыстық "Алтын диск" информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында қалалық кезең жеңімпазы 11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің информатика пәні мұғалімі Батқамбаева Ізбибі Далабайқызы қала абыройын қорғады. 

25 қазан 2019

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Ақтау қалалық білім бөлімінің 08.10.2019ж №237 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 17-18 қазаны күндері «№23 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді. 

Соңғы хабарлар

40414243444546 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері