Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

БАЛАБАҚША БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 28 «Балдәурен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 11 шағынаудан, 43 ғимарат телефон: : 8 (7292)42-85-25.

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 29 балабақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 9 шағынаудан, 31 ғимарат, телефон: 8(7292) 60-95-65.

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 43 «Батыр» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ.,14 шағынаудан, 49 ғимарат телефон: 8(7292) 31-18-45.

4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 44 «Шаттық» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 27 шағынаудан,14 ғимарат телефон: 87292)41-10-99.

5. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 57 «Ақбота» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 28 шағынаудан, 44 ғимарат телефон: 8(7292) 40-54-34

Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 б ш/а, 52.

Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Кәсіпорынның қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі; үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика мен психология негіздерін;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 104, телефон: 8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 





14 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ АЯСЫНДАҒЫ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ САБАҚТАР

Қашықтан оқыту барысында оқушылар интернет желісінің түрлі платформаларын пайдаланып оқып жатырғаны белгілі. Сонымен қатар оқушылар «Балапан», «Еларна» телеарналарын пайдаланып кестеге сәйкес сабақтарды эфирден көруде. Республика көлемінде 1-11 сынып оқушылары үшін...

12 сәуір 2020

Педагогикалық шеберлік орталығының вебинарына қатысу

Ағымдағы жылдың 11-сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының аға менеджерлері Қ.Қ.Тілеуов «Қашықтан оқытуда топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында, А.А.Рысбекова «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлау ерекшеліктері мен...

7 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ Қалалық білім бөліміне қарасты қосымша білім беру ұйымдары да («Оқушы» орталығы, А.Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі) түрлі үйірме, спорттық секциялар, т.б. қашықтықтан оқытуда.  ...

7 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқушыларымызды қашықтықтан оқыту жүзеге асырылуда. Интернет желісінің түрлі платформаларын пайдаланып оқушыларға жаңа материалдар түсіндіріліп, кері байланыс жасалуда.  ...

6 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ Бүгін, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқумен бастады. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қашықтықтан оқытудың форматына бейімделіп, төртінші тоқсанның алғашқы күнінде...

2 сәуір 2020

CALL орталықтары

Құрметті ата-аналар!6 сәуірден бастап республика бойынша орта білім беретін мектептердегі IV тоқсанның сабақтары қашықтықтан оқытылады.Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту барысында туындаған сұрақтар бойынша CALL орталықтары жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз.Білім бөлімі,...

1 сәуір 2020

Құрметті облыс тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Ағымдағы жылғы 6 сәуір күні еліміздің барлық мектеп оқушылары осы оқу жылының 4 тоқсанында қашықтықтан оқытылады. Оқушылар, электронды құрылғылар (компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон) көмегімен сабақтар өтеді. 

27 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімдерінен құралған еріктілер тобы арнайы бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.#бізбіргеміз  ...

27 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Н.Марабаев атындағы №7 мектеп - лицейінің мұғалімдерінен құралған еріктілер тобы арнайы бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.#бізбіргеміз  ...

27 наурыз 2020

Ата-аналар назарына!

Құрметті қала тұрғындары, ата – аналар!Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары үшін ереже түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.  ...

25 наурыз 2020

Ата-аналар назарына!

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ДЫБЫС ҰЛҒАЙТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ АРҚЫЛЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ХАБАРЛАУДА. Құрметті қала тұрғындары, ата – аналар! Ел аумағында жасалып жатырған короновирус инфекциясының таралуына...

25 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімдерінен құралған еріктілер тобы арнайы бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.#бізбіргеміз  ...

25 наурыз 2020

Ата-аналар назарына!

Құрметті ата – аналар! Балалар үйде болғанда қазақтың тәрбиелік мәні зор ертегілерін тыңдатыңыздар. Қазақ радиосының Алтын қорындағы 230 - ға жуық ертегіні мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар. Ертегілерді кәсіби дикторлар оқыған. https://qazradio.fm/kz/programs/10060/   ...

25 наурыз 2020

Для родителей!

Дорогие родители! Всем уже известно что из соображений безопасности многие культурно массовые мероприятия отменяются. Однако вместе с тем, появилась возможность посещать многие музеи онлайн. Появилась так же возможность смотреть онлайн многие отменённые...

24 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ!Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының қызметкерлері қала тұрғындарына тегін медициналық маскалар тарату мақсатында маскалар тігуді жалғастыруда. Бүгін 300 дана медициналық маска дайындалды.#Бізбіргеміз  ...

24 наурыз 2020

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША (COVID-19) ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША (COVID-19) ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА ПАМЯТКА ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ ПО ВОПРОСАМ КОРОНАВИРУСНОЙ ИНФЕКЦИИ (COVID-19)   ...

21 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ!Ақтау қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына 500 дана тегін медициналық маскалар таратты.  ...

21 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ!Ақтау қаласының ұстаздары қала тұрғындарына арнап медициналық маскалар тігуде.  ...

21 наурыз 2020

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Құрметті қала тұрғындары! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын...

20 наурыз 2020

Қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.

Қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.  ...

20 наурыз 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның...

19 наурыз 2020

АҚТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Ақтау қаласы тұрғындарының назарына! Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Ақтау қаласы әкімдігі жедел байланыс желісін іске қосты. Тұрғындар 33-67-00 нөміріне соғып барлық сұрақтарына...

19 наурыз 2020

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАНЫ ТЕГІН ТАРАТАТЫН БОЛАДЫ.

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАНЫ ТЕГІН ТАРАТАТЫН БОЛАДЫ.⠀ ⠀ ⠀ ⠀⠀ ⠀Дүние жүзін алаңдатып отырған коронавирус дертіне байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайлар...

17 наурыз 2020

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!Дүние жүзін алаңдатып отырған коронавирус дертіне байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 15...

Соңғы хабарлар

38394041424344 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері