Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





14 желтоқсан 2020

Кері байланыс марафоны

   Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 7-11 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесімен, жаңа идеяларымен, әдіс-тәсілдерімен және нәтижелерімен бөлісу мақсатында «Кері байланыс марафоны»...

11 желтоқсан 2020

ДӘРІГЕР – ПЕДИАТР МАМАНДАРМЕН ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР

Балалар арасында жиі кездесетін асқазан, анемия, көз ауруларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 7-15 желтоқсан аралығында дәрігер – педиатр мамандармен онлайн дәрістер өтуде. Онлайн дәрістерді Ақтау қалалық №1 емханасының, Ақтау қалалық №2 емханасының, «Сенім»...

10 желтоқсан 2020

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Әбу-Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы аясында, балалардың ғылыми-зерттеу қызығушылығын арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында Әл-Фараби атындағы ғылыми конкурсының республикалық кезеңіне Ақтау қаласынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орынға ие болды: «Информатика»...

10 желтоқсан 2020

М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ «АДАМ, ЖЕР, ҒАЛАМ» ТУРНИРІ

М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ «АДАМ, ЖЕР, ҒАЛАМ» ТУРНИРІ М.Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» Республикалық турнирінің облыстық кезеңінде С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының командасы І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Турнирдің...

10 желтоқсан 2020

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының» облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі оралды. Жеңімпаз оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз: «Тіл білімі (қазақ тілі)» секциясы бойынша...

9 желтоқсан 2020

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ Мектеп оқушылары арасында өткізілген III Халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңіне қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз оқушыларымызды...

8 желтоқсан 2020

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА САНАЛЫ ТӘРБИЕ МЕН САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ВЕБИНАР

Ағымдағы жылдың 7-желтоқсанында №46 «Балбұлақ» балабақшасында ата-аналарға психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның негізгі құндылығы ретінде отбасына деген көзқарасты арттыру...

8 желтоқсан 2020

«Үздік балабақша-2020» қалалық сырттай байқауы

    Ақтау қалалық білімді дамыту орталығында  «Үздік балабақша-2020» қалалық сырттай байқауы өткізілді. «Үздік балабақша-2020» байқауында жүлделі орындарға ие болған төмендегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, қалалық білім бөлімінің дипломларымен марапатталды: Бас...

30 қараша 2020

ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

...

30 қараша 2020

2021 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ФОРМАТТЫ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

...

22 қараша 2020

“Кітап - рухани азық” атты онлайн байқауы

Ақтауда алғаш рет! Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жастардың отансүйгіштігін арттыру, кітап оқу дәстүрін насихаттау және сөз құдіреті арқылы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында әр екі ай сайын “Кітап - рухани азық” атты онлайн байқауын жариялайды. Байқау жас...

20 қараша 2020

«Бақытты отбасы» жобасы

Ағымдағы жылдың 19-қарашасында «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Ж.Агманова қатысты. Басқосуда балалар құқығын қорғау саласындағы баяндамалар мен есептер тыңдалып, өзекті мәселелер...

20 қараша 2020

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ

Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 15 халықаралық құжат ратификацияланды және олардың алғашқысы Бала құқықтары  туралы Конвенция болды. Елімізде 6 млн. 330 мың 18 жасқа дейінгі бала бар. ...

18 қараша 2020

ҮЗДІК ӘДІСКЕР

Үздік әдіскер Бүгін, 18-қараша күні қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы қашықтан өткізілді. Шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлердің үздік әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату, педагог қызметкерлердің...

18 қараша 2020

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы іске асырылады

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол. Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің...

17 қараша 2020

« ENGLISH FOR SUCCESS» ЖОБАСЫ

« ENGLISH FOR SUCCESS» ЖОБАСЫ «English for Success» жобасы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында ағылшын тілі және жаратылыстану – математика бағыты пәндерінің мұғалімдеріне арналған ірі жобалардың бірі болатын. Жобаны British Council Ұлыбританияның Лестер Университетінің...

16 қараша 2020

«ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ – 2020» БАЙҚАУЫ

«ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ – 2020» БАЙҚАУЫ Мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы шығармашыл басшыларды анықтау, оның менеджерлік құзыреттілігін, басқарушылық стилін, ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру, қоғамдағы әлеуметтік беделін қалыптастыру...

16 қараша 2020

"КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ" БАЙҚАУЫ

"КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ" БАЙҚАУЫ Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында "Көңілді тапқырлар алаңы" байқауы болып өтті. Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, талантты жас мамандардың білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелерін шешудегі инновациялық...

11 қараша 2020

Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізу, мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша орындар орналастыру

...

4 қараша 2020

Әліппе

А.Байтұрсынұлы балаларды әріптермен таныстырмас бұрын, дыбыспен жаттықтырған. Себебі мектеп табалдырығын енді аттаған балалар сөйлей біледі, бірақ сөздің дыбыстан тұратынын және дыбыстың тізілімін білмейді. Дыбысты білмей тұрып, әріп тану, яғни оқу жазуға үйрену қиын....

4 қараша 2020

Әліппе

«Әліппе» - қазақ қоғамында ерекше қастерлі ұғымға айналған пән. Сондықтан оның қайтып оралуы бүгінгі ұлттық рухымызды көтерудегі маңызды оқиғаға айналып отыр. Бірақ ол дегеніңіз бұрынғы «Әліппені» сол күйінде қайта енгізе салу деген сөз емес. Қазір заман өзгерді, соған...

4 қараша 2020

«Әліппенің» бағдарламасы

«Әліппенің» бағдарламасы бірнеше мәрте талқыланып, әртүрлі сала бойынша мамандардың ой елегінен өткізіліп, пысықталды. ⠀  А.Байтұрсынұлының тағы бір негізгі принципі жеңілден-ауырға, қарапайымнан-күрделіге қарай, тілді үйреткен кезде ең алдымен дыбыстауға...

2 қараша 2020

Өзіңізді және жақындарыңызды дерттен сақтаңыз!

...

2 қараша 2020

Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз...

...

Соңғы хабарлар

36373839404142 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері