Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





12 наурыз 2021

«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы

«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды тәрбиешілерді қолдау, білім мазмұнын жаңарту, жаңа өңдеулер әзірлеу және тәжірибе әрекетінде тиімді оқыту тәсілдерін қолдану бойынша...

12 наурыз 2021

«Әйел - отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы

     Болашақ ұрпаққа дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, үлгі тұтар әйел жандардың өмірінен мағлұматтар беру мақсатында қалалық  «Әйел -отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы өткізілді.     Байқау қорытындысы...

11 наурыз 2021

Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі

Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі – А.Аймағамбетов ⠀ Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың...

10 наурыз 2021

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ Қалалық білім бөлімінің іс - шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы фестивалі өткізілді. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің...

9 наурыз 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

  2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қаламыздан 44 оқушы қатысып, 35 оқушы жеңімпаз атанды. 11 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 17 оқушы ІІІ орын иеленіп, сәуір айында өтетін жалпы білім беретін...

9 наурыз 2021

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀ Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша...

5 наурыз 2021

Көңіл айту

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Мамандандырылған IT лицейінің ұстазы, әріптес Жаннят Қадіралиева Ұзақбайқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы  мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның...

3 наурыз 2021

19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Биыл Ақтауда 19 а шағын ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 4 қабатты ғимараттың құрылыс алаңы 3979,84 ш. м. құрайды. Учаске...

3 наурыз 2021

Сынағы мол жарқын өмір

     Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, халық шаруашылығы саласының қызметкері, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, соғыс ардагері Тұтқабай Әшімбаевтың өткен өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау мақсатында 7-сынып оқушылары...

3 наурыз 2021

Өрге сүйрер – жан еді

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-11 сынып оқушылары арасында «Өрге сүйрер – жан еді» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілуде.  ...

2 наурыз 2021

«Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу кеші

РАҚМЕТ АЙТАМ БАРШАҒА! Алғыс айту күні қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының бірлесуімен ардагер ұстаздарға кейінгі ұрпақтардың құрмет көрсетуі мақсатында «Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу...

1 наурыз 2021

«Тілші мұғалімдер-2021» олимпиадасы

   Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтап, көпшілікке таныту мақсатында 2021 жылдың 24-26 ақпан күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері...

1 наурыз 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

    Бүгін, 1-наурыз күні мемлекет және қоғам қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес №11 лицейінде Тұтқабай Әшімбайұлының бюстіне гүл шоқтары қойылып, қайта...

26 ақпан 2021

ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА

ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 7-8 сынып оқушылары арасында «Елім деп қызмет еткен ер тұлға" эссе жазу байқауы ...

26 ақпан 2021

ӨЛКЕНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСШЫСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-7 сынып оқушылары арасында «Өлкенің алғашқы басшысы» тақырыбында сурет байқауы өтуде. #Суретбайқауы #ТұтқабайӘшімбайұлы  ...

26 ақпан 2021

ТҮБЕКТІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары арасында Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа таныту мақсатында "Түбектің танымал тұлғасы"...

26 ақпан 2021

ЖАСТАРҒА СІЛТЕП ЖОЛДЫ АЙҚЫН, ХАЛҚЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН...

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...

24 ақпан 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...

24 ақпан 2021

Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт

"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуыменақпанында "Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт " қашықтан отырыс өткізілді. Отырыс аясында «Ақтау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Қанат...

23 ақпан 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп  жолды  айқын, халқының  қамын  ойлайтын...» тақырыбымен  халқымыздың  ардақты  азаматы, әйгілі ...

22 ақпан 2021

«Еліне еңбегі сіңген ер (Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар

...

22 ақпан 2021

9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсы

2021 жылдың 9-12 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсында №13 гимназиясының 10-сынып оқушылары Көшербаева Айдана, Жайлыбай Нұрәділ, С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Асқарқызы Мейрамгүл ІІ орын,...

22 ақпан 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бүгін, 22-ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Облыстық кезеңге олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанған 43 оқушы, олимпиадалық резервке енген халықаралық және республикалық олимпиаданың 1...

28 қаңтар 2021

ЖАҢҒЫРҒАН ЖАС МАМАН-2021

27-қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің оқу- әдістемелік орталығында «Жаңғырған жас маман-2021» қалалық сырттай байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды: Бас жүлде - №58 «Балауса» балабақшасының ...

Соңғы хабарлар

34353637383940 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері