Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 шағынаудан ғимарат 2/1 телефон: 8 (7292)50-74-42.

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 1 шағынаудан, ғимарат 36, телефон: 8(7292)50-71-79.

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін.

Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Шығыс 1, ғимарат 300.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 б ш/а, 52 ғимарат.

Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

✓Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

✓Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

✓Педагогикалық кеңесті басқарады.

✓Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

✓Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

✓Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

✓Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

✓Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

✓Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

✓Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

✓Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

✓Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

✓Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

✓Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

✓Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

✓Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

✓Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

✓Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

✓Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

✓Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

✓Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

✓Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

✓Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 104, телефон: 8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 





4 мамыр 2021

«СЕРІКБОЛ ӘЛЕМІ» ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Белгілі өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым С.Қондыбайдың​ мұраларын​ зерттеу​ және​ насихаттау мақсатында өткізілген «Серікбол әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясының облыстық кезеңінде қалалық кезең жеңімпаздары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі...

4 мамыр 2021

«СЕРІКБОЛ ӘЛЕМІ» ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Белгілі өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым С.Қондыбайдың​ мұраларын​ зерттеу​ және​ насихаттау мақсатында «Серікбол әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы қашықтан өткізілді. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің...

4 мамыр 2021

БАЛАЛАР БАСТАУЫ-2021

БАЛАЛАР БАСТАУЫ-2021 Әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу мақсатында "Балалар бастауы-2021" әлеуметтік жобалары байқауының қалалық кезеңі қашықтан өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып,...

4 мамыр 2021

БИЫЛ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІН МЕЙРАМХАНАДА ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАЙ ОТЫРА АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ ШАРАСЫ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ.

...

4 мамыр 2021

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ Ағымдағы жылдың 25-30 сәуір аралығында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Республикалық олимпиадада Маңғыстау облысының...

30 сәуір 2021

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Сыныпта қанша оқушы болса, сонша мінез, сонша тағдыр, сонша көңіл-күй болады. Қалыпты орта құруда сынып жетекшінің алар орны ерекше. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, әр жас...

29 сәуір 2021

7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ

7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру мақсатында...

29 сәуір 2021

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. ⠀ ⠀ Бүгінгі күні бірінші сыныпқа оқушылардың болжамды контингентінің 30%-ы мектепке қабылданды. ⠀ ⠀ Бүгінде ата-аналарға үйден шықпай-ақ бір демде баласына мектепті таңдап, анықтауға мүмкіндік берілді. ⠀⠀Өңір «қызыл...

28 сәуір 2021

ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ

ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамытуды мақсат еткен «Театрдың...

27 сәуір 2021

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫ СЛЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫ СЛЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ​ Балалар мен жастардың азаматтық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау...

27 сәуір 2021

МЕНІҢ ЖАСЫЛ МЕКЕНІМ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарының арасында «Менің жасыл мекенім» байқауы өткізілді.Байқауға №№3, 5, 6, 7, 10, 11, 15, ІТ лицей, ІТ м/л қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен...

27 сәуір 2021

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

Оқушылар арасында жол қауіпсіздігі дағдыларын және жолда жүру қауіпсіздігі туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Жол қауіпсіздігі» атты онлайн сынып сағаттары өтуде. Аталған шара ағымдағы жылдың 5-мамырына дейін жалғасатын...

26 сәуір 2021

СЕРІКТЕСТЕР СЕРПІНІ...

СЕРІКТЕСТЕР СЕРПІНІ... №13 гимназиясында серіктес мектептердің арасында "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Әдістемелік семинар барысында №12 о/м тарих пәні мұғалімі...

23 сәуір 2021

ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ​ (ӘУЕ, ЗЫМЫРАН, КӨЛІК, КЕМЕ ҚҰРАСТЫРУ) РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ​ (ӘУЕ, ЗЫМЫРАН, КӨЛІК, КЕМЕ ҚҰРАСТЫРУ) РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ​ Оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру...

23 сәуір 2021

«ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕС МЕКТЕП» ​ БАЙҚАУЫ

«ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕС МЕКТЕП» ​ БАЙҚАУЫ Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім беруді жетілдіру, оқушыларға экологиялық тәлім – тәрбие беру мақсатында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдары арасында «Табиғатпен үндес мектеп» байқауы...

16 сәуір 2021

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ​ ҰЙЫМНЫҢ​ ҮЗДІК ӘДІСКЕРІ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, кәсіби және ақпараттық - коммуникациялық​ құзыреттілік​ деңгейін​ арттыру,​ шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты әдіскерлерді анықтау, заманауи​ білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджі...

16 сәуір 2021

БІЛІМ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ

БІЛІМ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ ​ Бүгін, 16-сәуір күні республикалық QAZBILIM орталығының негізін қалаушы, шебер педагог, PhD доктор, Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты білім ұйымдарының...

15 сәуір 2021

«ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ФОРУМЫ

«ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ФОРУМЫ ​ ​ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу, экологиялық мәдениет және...

14 сәуір 2021

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА САРАЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАҢАШЫЛ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА САРАЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАҢАШЫЛ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ​ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес, «Білім сапасын арттыруда саралап оқыту арқылы жаңашыл дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында химия пәні мұғалімдері...

14 сәуір 2021

БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САРАПТАУ ЖОЛДАРЫ

БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САРАПТАУ ЖОЛДАРЫ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес биология пәні мұғалімдері үшін «Биология пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау...

14 сәуір 2021

РОБОМАҢҒЫСТАУ

РОБОМАҢҒЫСТАУ ​ Бүгін, 14-сәуір күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, роботты ​ құрастыру ​ және ​ бағдарламалау бағытында ​ ​ ​ дарынды ​ ​ ​ оқушыларды ​ ​ ​ анықтау ​ және ​ қолдау көрсету мақсатында «РОБОМАҢҒЫСТАУ» байқауы...

13 сәуір 2021

Ұлттық біліктілік тестілеу

Құрметті, Ұстаздар! 2021 жылғы 12 сәуірден бастап Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау қайта жалғасады. ҰБТ өткізу мерзімі: 13 сәуір мен 10 маусым аралығы. ҰБТ-ға өтініштерді app.testcenter.kz сілтемесі арқылы беруге болады. Бұл ҰБТ-ға келесі педагогтер қатыса...

13 сәуір 2021

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықт­аймыз! Ұлы жаратушының пенд­елеріне тартқан теңд­ессіз сыйы- қасиетті Рамазан - сансыз се­зімдер мен толып тас­ыған ізгі ойлардың...

12 сәуір 2021

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

Бүгін, 12-сәуір күні "NurOtan" партиясының Ақтау қаласы филиалының ең жас депутаты Фазылбек Абылай Фазылбекұлы мен Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Байпақов Әбілқайыр Жанайұлы «Елбасы медалі» иегерлерімен кездесті. 2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам...

Соңғы хабарлар

32333435363738 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері