Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





25 мамыр 2021

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҚР Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркем қиялын дамытып, балалардың көркем шығармашылығына ықпал ету мақсатында...

25 мамыр 2021

ҰБТ-2021 АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: 75 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

ҰБТ-2021 АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: 75 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ 75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 52 512 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 19 622 – орыс тілінде, 182 – ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 68,94 құрайды, ең...

25 мамыр 2021

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘЛІМЕТТЕР

...

25 мамыр 2021

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ - 2021

Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін - ерекше қуанышты күн. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатарласа келген жылы мыңдаған жастар білімнің алтын ұясы болған...

24 мамыр 2021

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН

     Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21.05.2021 жылғы №3759 хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-12 маусымы аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны жарияланды.     Науқанды өткізудің негізгі мақсаты:...

21 мамыр 2021

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІ САҒАТТАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ СЫНАҒЫ

Маңғыстау облысының білім басқармасының 04.05.2020ж. «Білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті сағаттарын үйлестіру сынағын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру мектебі сынақ алаңы болып танылып, 2020 жылдың мамыр айынан...

21 мамыр 2021

«МЕКТЕП МУЗЕЙІНДЕГІ САБАҚТАР» БАЙҚАУЫ

«МЕКТЕП МУЗЕЙІНДЕГІ САБАҚТАР» БАЙҚАУЫ Оқушылар мен жастардың азаматтық тәрбиесін жетілдіру, мектеп музейінің рөлін арттыру, музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу мақсатында, музей...

20 мамыр 2021

Үздік психолог

  ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес «Үздік психолог» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: І орын – Ералиева Гүлдана...

19 мамыр 2021

Менің алғашқы дебютім

Менің алғашқы дебютім Жас мамандардың өзін-өзі кәсіби жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға жас мамандардың қосар үлесін айқындап, ұстаз мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында жас мамандар арасында...

19 мамыр 2021

Үздік жылыжай - 2021

         Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес «Үздік  жылыжай-2021» байқауы  өткізілді.       Білім басқармасының «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасына сәйкес ашылған жалпы білім беру ұйымдарындағы...

14 мамыр 2021

МЕКТЕП МУЗЕЙІНДЕГІ САБАҚТАР

МЕКТЕП МУЗЕЙІНДЕГІ САБАҚТАР Оқушылар мен жастардың азаматтық тәрбиесін жетілдіру, мектеп музейінің рөлін арттыру, музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу мақсатында музей жетекшілері үшін...

13 мамыр 2021

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ СВЕТЛАНА ТӨЛЕБАЕВА: СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ТУРАЛЫ ШЕШІМДІ ӘР МЕКТЕП ӨЗІ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Биыл Маңғыстау облысында соңғы қоңырау рәсімі 25 мамыр күні барлық санитарлық талапты сақтай отырып, өңірдің бас санитарлық дәрігерінің келісімімен өткізіледі. Соңғы қоңырауды ұйымдастыру форматы туралы шешімді әр мектеп өзі қабылдайды. Бұл туралы Қоғамдық...

12 мамыр 2021

Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады

Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады 9 және 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау 25 мамыр күні соғылады. Аттестаттарды табыстау рәсімі мектеп алаңында маусым айының ортасында өткілмек. Соңғы қоңырау рәсімі 25 мамырда санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлердің бас...

12 мамыр 2021

«Алтын белгіге» 9 822 оқушы үміткер

Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды. Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру...

11 мамыр 2021

Ағылшын тілі пәні бойынша цифрлық ресурстарды әзірлеу және қолжетімді цифрлық ресурстарды пайдалану

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес «Ағылшын тілі пәні бойынша цифрлық ресурстарды әзірлеу және қолжетімді цифрлық ресурстарды пайдалану»  тақырыбында  №9 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен...

11 мамыр 2021

«БІЗ ЖЕҢІСТІ ЖЫРЛАЙМЫЗ!» СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында туған еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында «Біз Жеңісті жырлаймыз!» сырттай байқауы өткізілді. «Біз Жеңісті жырлаймыз!» сырттай байқауында жүлделі орындарға ие болған...

11 мамыр 2021

«Үздік мектепке дейінгі жеке меншік ұйым-2021» байқауы

      Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру жағдайында тәрбиелеу, дамыту, оқыту және тәрбиеленушілердің табысты әлеметтенуі бойынша озық тәжірибелерді айқындау...

6 мамыр 2021

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА АҚТАУ ҚАЛАСЫНАН 1200 ОРЫНДЫҚ ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласынан 1200 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті. Оның айтуынша, екі жаңа мектеп 34 және «Шығыс-1»...

6 мамыр 2021

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ДЕБЮТІМ

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ДЕБЮТІМ Қаланың жас педагогтер арасында өзін-өзі кәсіби жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға жас мамандардың қосар үлесін айқындап, ұстаз мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында «МЕНІҢ...

6 мамыр 2021

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу - 2021

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу - 2021 Ақтау қаласының IT мектеп-лицейі базасындағы USTUDY компьютерлік тест орталығында мемлекеттік білім беру грантына Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің 1-мүмкіндігіне түлектердің тест тапсыруы басталды. Бүгін тестке қатысушы 145 түлектің (2-уі келмеді)...

6 мамыр 2021

БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ

БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ Бейнелеу өнері арқылы жас жеткіншектердің көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді. Байқауға №№2, 12, 13, 14, 17, 20, 23, 27, 28, 29, ІТ м/л, Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің жас суретшілері...

5 мамыр 2021

ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ Оқушыларға ғылым мен техниканың, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа...

5 мамыр 2021

МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУ МЕРЗІМІ БЕКІТІЛДІ

МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУ МЕРЗІМІ БЕКІТІЛДІ Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады. Оқушылар ата-аналарының өтініштері бойынша 19-маусымға дейін...

5 мамыр 2021

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! ​ Көктем мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде. Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске...

Соңғы хабарлар

31323334353637 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері