Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Жас маманға көмек – заман талабы»

2018 жылдың сәуір айының 27-і күні «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас педагог-психологтарға арналған «Жас маманға көмек – заман талабы» атты қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» –деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Семинарға 22 жас педагог-психолог қатысты. Семинар қазақ тілінде өткізілді.

Семинарды «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Сәлемдесу» тренинг-жаттығуынан бастады.  Жас мамандар бір-бірімен танысып, бойындағы жақсы қасиеттерімен де бөлісті. Жаттығудан кейін пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Қарым-қатынас барысында туындаған психологиялық ситуациялық мәселелерді шешу» тақырыбында коучинг сабақ өткізді.  Коучинг сабақ арқылы: Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады. Балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады, ал ішкі психологиялық конфликт - балалардың негізі ойын іс- әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болатынын ерекше атап өтті.

Педагог-психолог Джумабаева Даулетбике жас мамандарға мектеп психологының жұмыс бағытарына тоқталды. Педагог-психологтың қызметін, міндетін, оқушы және ата-ана жұмыс жоспарымен түгел таныстырып өтті. Сонымен қатар қауіп-қатер тобындағы балалармен сұхбаттасу, оларды қалай басшылыққа ала отырып, бірлесіп жұмыс жасау түрлерімен өзінің іс-тәжірибесі барысында толық түсіндірді. Жас мамандар өзінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Жас келсе, іске!» жас мамандарға арналған тренингті пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна жүргізді. Тренинг барысында «Танысу» жаттығуы, «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы, Шығармашылық жұмыс: «Визитка» жаттығуы, «Су толы тәрелке» жаттығуы, Ситуациялық сұрақтар, Тыныштық сәті «Менің болашағым», Жас мамандарға психологиялық кеңес болды. Тренинг өте қызықты өтті. Жас психологтар іс-тәжірибеде барлық әдіс-тәсілдерді меңгерді, тренинг-жаттығулар түрлерін  жасақтауды үйренді.

Сонымен қатар жас маман Еділханқызы Жаңагүл бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг-жаттығуларын 4 сынып оқушыларымен өткізіп, жас мамандарға Арт терапия түрлерімен бөлісті. Тренинг барысында оқушылар қуыршақ терапиясын, ертегі терапиясын өте әсерлі орындап, өздерінің бала армандарымен бөлісіп, отбасындағы адамдарды гүл бейнесінде таныстырды.

"Артық емес білгенің" педагогикалық-психологиялық жұмыстарды жас мамандармен бірлесе өткізіп,  жас психологтар тарапынан берілген сұрақтарға пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна нақты әдістемелік кеңестер ұсынды.

Семинардан жас мамандар көп нәрсе алғанын, алдағы уақытта осындай семинарлардың жиі өткізілуін тілге тиек етті.

  





7 қыркүйек 2021

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Бүгін Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қаоасты И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің бірінші қабатында орналасқан 103 кабинетінде тоқта қысқаша тұйықталу орын алып, бір оқушының жейдесіне шам қаптағышының (плафон)...

7 қыркүйек 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланады. Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау облысының білім беру...

7 қыркүйек 2021

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының басшыларымен ҚР Елбасының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында отырыс өткізілді.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының басшыларымен ҚР Елбасының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында отырыс өткізілді. Отырыс барысында Қазақстан...

3 қыркүйек 2021

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ 4,4 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН СЫЙАҚЫ АЛАТЫН БОЛАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ 4,4 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН СЫЙАҚЫ АЛАТЫН БОЛАДЫ Халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары біржолғы ақшалай сыйақы алатын болады. Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Бұл...

3 қыркүйек 2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

...

1 қыркүйек 2021

1 қыркүйек - білім күні

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күні, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Бүгін барлық білім беру ұйымдары санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта жаңа оқу жылын бастамақ. Жаңа оқу жылында 34 шағынауданнан...

25 тамыз 2021

«Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырысы

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының ұстаздарын «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырысына қатысуға шақырамыз.  ...

20 тамыз 2021

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдары 25 химия, 16 физика, 26 биология, 5 stem кабинеттерімен жабдықталған.

      Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдары 25 химия, 16 физика, 26 биология, 5 stem кабинеттерімен жабдықталған.       Білім сапасын арттыру мақсатында жаңа оқу жылында заманауи кабинеттер қатары 20 кабинетпен, оның ішінде 1 STEM, 2 робототехника, 7 физика,...

19 тамыз 2021

ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінен.ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінен.

...

19 тамыз 2021

"АБАЙ ОҚУЛАРЫ" БАЙҚАУЫ

Ағымдағы жылдың 16-17 тамыз күндері Абай Құнанбаев туындыларындағы қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, шығармашылығын насихаттау, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын дамыту мақсатында өткізілген «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінде бақ...

18 тамыз 2021

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ

2020-2021 оқу жылында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарын 1867 түлек бітірді, оның ішінде 1595 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл мектеп бітіруші түлектердің 85,4% құрайды. Түлектер қатарында 43 оқушы «Алтын белгі» белгісінің, 110 оқушы...

17 тамыз 2021

КӨҢІЛ АЙТУ!КӨҢІЛ АЙТУ!

...

14 тамыз 2021

Шығыс-1 шағынауданынан ашылатын N 25 жалпы білім беретін мектепке педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу

Шығыс-1 шағынауданынан ашылатын N 25 жалпы білім беретін мектепке педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу  ...

11 тамыз 2021

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНЕ «ӘЛІППЕ» ҚАЙТА ОРАЛЫП ЖАТЫР

«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр. Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды. «Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға...

9 тамыз 2021

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия отырысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев төрағалық етті. Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Комиссия құрамына...

9 тамыз 2021

2021-2022 оқу жылына арналған күнтізбе

2021-2022 оқу жылына арналған күнтізбе ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді. 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек. Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34...

6 тамыз 2021

Бала саудасына жол жоқ!

...

6 тамыз 2021

"Жетім балаға (жетім балаларға) және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" және бала асырап алу жолдары

...

5 тамыз 2021

ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz....

5 тамыз 2021

Ақтау қаласының 34-шағынауданынан ашылатын жаңа N19 мектеп-гимназиясына педагогтарды қабылдау туралы

...

4 тамыз 2021

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Све тлана Төлебаева мектеп формасы туралы айтты.

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Све тлана Төлебаева мектеп формасы туралы айтты. ...

4 тамыз 2021

МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылында мектеп формасын кию туралы сұраққа жауап берді Бұл туралы ведомство басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзекті болады. ...

15 маусым 2021

АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ

АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ 2020-2021 оқу жылында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарын 9-сыныпты 3342 оқушы (оның ішінде 135 үздік аттестат иегері), 11-сыныпты 1949 оқушы (оның ішінде 43 оқушы «Алтын белгі» белгісінің, 113 оқушы үздік аттестат иегері)...

14 маусым 2021

СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ: «ӘР ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП БОЛУ КЕРЕК»

СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ: «ӘР ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП БОЛУ КЕРЕК» Бүгінгі аппараттық жиында мектеп тапшылығы мен құрылысын жүргізу мәселесі талқыланды. Биыл жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында 4 мектеп пайдалануға беріледі. 1.Ақтаудағы 34 ш/а мектеп 2.Шығыс-1 ш/а мектеп 3.Мұнайлы...

Соңғы хабарлар

29303132333435 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері