Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





12 қазан 2021

«Тәлімгер тәрбиеші – балабақша тірегі» атты облыстық байқау

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Тәлімгер тәрбиеші – балабақша тірегі» атты облыстық онлайн бейнеролик байқауында Ақтау қаласының тәрбиешілері жақсы нәтиже көрсетті. Тәрбиешілердің кәсіби беделін көтеру, оларды...

11 қазан 2021

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша онлайн жәрмеңке

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 19 қазан күні сағат 14.30- да Ақтау қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі...

11 қазан 2021

АҚТАУЛЫҚ ӘМИНА АСҒАТОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АҚТАУЛЫҚ ӘМИНА АСҒАТОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі және «Жандану әлемі» қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Бала дауысы» ән байқауының VI маусымының жеңімпазы мен жүлдегерлері...

11 қазан 2021

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, бапкерлер арасында отансүгіштік тәрбиесін күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық, ынтымақтастық байланыстарын нығайту...

11 қазан 2021

«Алтын күз» атты облыстық кросс

Жалпы білім беретін мектептерде жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын сақтайтын жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» атты облыс көлемінде кросс өткізілді. Аталған шараға 119 оқушы қатысты. Облыс көлемінде...

8 қазан 2021

АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ Азаматтардың жауапты тұлғаларға тікелей хабарласуы үшін ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫН ҰСЫНАДЫ.

  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі азаматтардың тікелей хабарласуы үшін жалпы білім беретін мектептердің басшыларының байланыс телефондарын ұсынады: 1.   «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Испекеев Бекес Умирханович, 87013458653, https://www.facebook.com/kgush1/   2.   «№2...

5 қазан 2021

БАРЛЫҚ ҰСТАЗ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

  Ағымдағы жылдың 4 қазанында облыс көлемінде ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді. Шара аясында білім саласына елеулі үлес қосқан ұстаздар құрметке бөленіп, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Марапатталушылар қатарындағы педагог мәртебесін көтеру...

5 қазан 2021

«Парасатты отбасы» облыстық сырттай байқауы

  Парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымы мен қағидалары қалыптасқан,...

30 қыркүйек 2021

ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛ МЫҚТЫ!

ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛ МЫҚТЫ! Бүгін, Ақтау қаласында «Ұстазын ұлықтаған ел мықты» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Ә.Ж. Байпақов, облыстық білім басқармасының басшысы С.Д.Төлебаева, Маңғыстау...

24 қыркүйек 2021

«КӘСІПОДАҚТЫҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ-САЙЫСЫ

Бүгін Түркістан қаласының оқушылар сарайында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының "Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы" республикалық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін...

24 қыркүйек 2021

Бүгін, 24 қыркүйек күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында жиналыс өткізілді.

Бүгін, 24 қыркүйек күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы С.Төлебаева, сыбайлас...

23 қыркүйек 2021

NCOC компаниясының демеушілік және қайырымдылық жобалары аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер ашылды

Жыл сайын NCOC компаниясымен демеушілік және қайырымдылық жобаларының тұсаукесерінде бас қосып келеміз. Бұл игілікті шара бүгін де қаламыздың №№9, 28 жалпы білім беретін мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер ашумен жалғасын тауып...

23 қыркүйек 2021

Мемлекет басшысы “Халық Арена” спорт кешенінде 12 жасар Нұрасылдың шеберлігіне тәнті болды.

Мемлекет басшысы “Халық Арена” спорт кешенінде 12 жасар Нұрасылдың шеберлігіне тәнті болды. Ол небары 12 жасында спорт шеберіне үміткер атағын алып үлгерген. Гуанышбеков Нұрасыл Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып...

23 қыркүйек 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенін аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт кешеніндегі жаттығу залдары таныстырылды. 2500 адамға...

22 қыркүйек 2021

«ТУРИЗМ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ПЕДАГОГ ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ

«ТУРИЗМ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ПЕДАГОГ ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ Ата-аналар мен балаларды туризм саласы арқылы қоршаған ортамен байланыстыру, салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру және интеллектуалдық...

22 қыркүйек 2021

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы» орталығының директоры болып Юлдашов Фаррух Каримович тағайындалды. Юлдашов Фаррух Каримович 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2002-2006...

16 қыркүйек 2021

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

      Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету мақсатында өткен Президенттік олимпиада...

16 қыркүйек 2021

«Ана тілің-арың бұл» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің мәнерлеп оқу байқауы

       Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің арасында, «Қазақстан тілдері фестивалі» аясында балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын, ұлтжандылығын дамыту мақсатында «Ана тілің-арың бұл» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы...

15 қыркүйек 2021

Қалалық дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада

     Бүгін, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада өтуде.      Олимпиада ережесіне сәйкес бірінші кезеңде қатысушылардың теориялық білімі...

15 қыркүйек 2021

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

     Бүгін, ағымдағы жылдың 15-қыркүйегі күні «ІТ мектеп-лицей» КММ базасында орналасқан «Ustudy» тестілеу орталығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі...

14 қыркүйек 2021

11-сынып оқушыларымен кездесу

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы 11-сынып оқушыларымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты күшейту мақсатында кездесу өткізілді.    Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру...

13 қыркүйек 2021

ШАХМАТ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласының ІТ лицейінде шахматтан гроссмейстер, ерлер арасында ФИДЕ ІМ халықаралық шебері, әйелдер арасында Азия чемпионы Асаубаева Бибісара шахмат клубын салтанатты түрде ашты. Бибісара клубта алғаш өткізілген шахматтан турнир кезінде ...

10 қыркүйек 2021

Білім ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен Ақтау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары кеңесі

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдары басшыларының тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарларымен Ақтау  қаласы  полиция  басқармасының  ювеналды  полиция  бөлімінің  инспекторлары  кеңесі өткізілді. Кеңеске Ақтау  қаласы ...

9 қыркүйек 2021

АҚТАУДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАНДАРДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Ақтаудағы жоғары шағынауданда қос бірдей 1200 орындық жаңа білім ордасының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов мәлім етті.     Оның айтуынша, білім беру мектептері 18 және 31а шағынауданында орналасқан....

Соңғы хабарлар

28293031323334 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері