Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





4 наурыз 2022

«FIST ROBOTICS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

      Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Робототехника» үйірмесінің «Smart Children» командасы ағымдағы жылдың 25-27 ақпан аралығында Алматы облысы Каскелең қаласында робототехника бойынша «Fist Robotics»...

1 наурыз 2022

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Ақтау қаласының №28 жалпы білім беретін мектебіне бос азаматтық лауазымына орналасуға конкурс жариялайды» «Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы:...

24 ақпан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

       2022 жылдың 21-25 ақпан күндері Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІV кезеңінде Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Литвиненко Владислав...

24 ақпан 2022

ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ДА ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ ШЕКТІ БАЛДЫ ЖИНАДЫ

ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ДА ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ ШЕКТІ БАЛДЫ ЖИНАДЫ Талапкерлердің 70%-ға жуығы қаңтар айындағы ҰБТ-да шекті балл жинады. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Ал орташа балға келетін болсақ, бұл көрсеткіш 7%-ға артып, шамамен 68 балды құрады. Ең жоғары балл 135...

24 ақпан 2022

ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» ҚАШЫҚТЫҚ БАЙҚАУЫ

ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» ҚАШЫҚТЫҚ БАЙҚАУЫ Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық бастамаларын дамыту,...

24 ақпан 2022

Білім және ғылым министрінің математика мұғалімдерінің республикалық съезінде айтқан сөзінен:

Білім және ғылым министрінің математика мұғалімдерінің республикалық съезінде айтқан сөзінен: «Мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары жаңартылады. Алған білімді бекітіп, қайталау үшін уақыт берілуі және материалдың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Мысалы,...

23 ақпан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ      Ақтау қаласы бойынша  білім  бөлімі,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы  29  қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға  конкурс жариялайды (1177 орын). Конкурсқа...

22 ақпан 2022

БАЛАБАҚША БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». 1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы...

22 ақпан 2022

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». 1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы...

21 ақпан 2022

Білім және ғылым министрінің математика мұғалімдерінің республикалық съезінде айтқан сөзінен

...

21 ақпан 2022

Келесі оқу жылынан бастап IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.

Келесі оқу жылынан бастап IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады. Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне...

11 ақпан 2022

АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫ

...

11 ақпан 2022

«Сахналау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 «Күншуақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2022 жылдың 9 ақпанында «Сахналау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту» тақырыбында ZOOM платформасында қалалық вебинар өткізілді. ...

11 ақпан 2022

"PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

      Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты оқу-әдістемелік орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес "Бағдарламалық сауаттылық маңызды өлшем" жобасы аясында М.Әуезов атындағы 20 жалпы бі лім беретін мектеп ұжымының ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдері...

10 ақпан 2022

«Абайтану» олимпиадасының қалалық кезеңі

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «№19 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында ағымдағы жылдың 9-10 ақпан күндері оқыту қазақ тілді мектеп оқушылары үшін «Абайтану» олимпиадасының қалалық кезеңінің алғашқы күні...

9 ақпан 2022

Мұқағали Мақатаев ақынды еске алуға арналған қалалық әдеби-сазды кеш

    Бүгін, ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Әр өлеңі – бір әлем» атты ақиық ақын, поэзия падишасы Мұқағали Мақатаев ақынды еске алуға арналған қалалық әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.     Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың...

8 ақпан 2022

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында толыққанды офлайн оқу форматына көшу мәселесі қарастырылды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына ауысады....

8 ақпан 2022

Құрметті маңғыстаулықтар!

Құрметті маңғыстаулықтар! Қаңтар айының басында Қазақстан тап болған оқиғалар еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндірген күрделі кезең болды. Елге қауіп төнген кезде Мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, бірқатар нақты шешім...

4 ақпан 2022

“ОҚУШЫЛАРДЫ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА МЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТУДЕ

Бүгін, ағымдағы жылдың 4 ақпанында №3 жалпы білім беретін мектеп базасында “Оқушыларды пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері” тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтуде. Тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің шеберлігін...

4 ақпан 2022

«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбындағы онкүндік өтуде

    Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында ағымдағы жылдың 1-11 ақпаны аралығында республика көлемінде «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбындағы бірыңғай өзін-өзі тану сабағымен  қорытындыланатын дәстүрлі өзін-өзі...

3 ақпан 2022

«Блум таксономиясы. Құндылықтарға негізделген білім және тәрбие, интеграция» тақырыбында әдістемелік семинар өтті

  Ағымдағы жылдың 2-3 ақпаны күндері, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс- шаралар жоспарына сәйкес профессор Қисымова Алима Қисымқызымен «Тәрбие процесін құндылықтар негізінде интеграциялау»  тақырыбында желтоқсан айында өткізілген семинар-курстан кейінгі кері...

3 ақпан 2022

«Жобалау әдісін қолдана отырып, тәрбиеленушілердің танымдық - сөйлеу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес №8 «Ақжелкен» бөбекжайында «Жобалау әдісін қолдана отырып, тәрбиеленушілердің танымдық - сөйлеу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді.   Мектепке дейінгі мекемелердегі жоба...

25 қаңтар 2022

2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың республикалық конкурсының облыстық кезеңі

Ағымдағы жылдың 18-21 қаңтары күндері 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың республикалық конкурсының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді. Конкурсқа қалалық кезең бойынша жеңімпаз атанған 22 оқушы қатысып, 18 оқушы...

20 қаңтар 2022

2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ САНЫ 5 МЫҢҒА АРТАДЫ

2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ САНЫ 5 МЫҢҒА АРТАДЫ 

Соңғы хабарлар

24252627282930 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері