Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





20 сәуір 2022

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде көзделген қаржылық тергеу, «integrity check» институты және мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен олардың кірістерімен сәйкестігін тексеру бастамалары бойынша түсіндірме бейнероликтері

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде көзделген қаржылық тергеу, «integrity check» институты және мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен олардың кірістерімен сәйкестігін тексеру бастамалары...

19 сәуір 2022

Құрметті тестіленушілер!

Құрметті тестіленушілер! Талапкерлерді жоғарғы оқу орнына қабылдау сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде «Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балдың өзгергені туралы хабарлаймыз. Енді бұл мамандық бойынша оқуға қабылдану үшін кемінде ...

19 сәуір 2022

2022 ЖЫЛЫ ЖОО-ДА ОҚУҒА БӨЛІНЕТІН БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ САНЫ 73 МЫҢ

2022 ЖЫЛЫ ЖОО-ДА ОҚУҒА БӨЛІНЕТІН БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ САНЫ 73 МЫҢ #Сандарды_сөйлетсек_ҚР_БҒМ @bilim_jane_gylym  ...

19 сәуір 2022

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бүгінгі Үкімет отырысында сөйлеген сөзінен

...

19 сәуір 2022

МЕКТЕПТЕРДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕ ҚАТЫСТЫ

МЕКТЕПТЕРДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕ ҚАТЫСТЫ Бұған дейін ҚР БҒМ келесі оқу жылынан бастап бұл пән міндетті пәннен факультативтік пәнге ауыстырылатынын хабарлаған болатын. Яғни сабақ бұрынғыдай 1-ден 11-сыныпқа дейін емес, оқушылардың таңдауы бойынша және тек бір...

18 сәуір 2022

ГИМНАЗИЯ БАРЫСЫ

ГИМНАЗИЯ БАРЫСЫ Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні №19 мектеп-гимназиясында «Салауатты ұрпақ-саламатты Қазақстан» атты дене шынықтыру апталығына орай тұңғыш рет қазақ күресінен «Гимназия Барысы» өтті. Шараға ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Дарын...

4 сәуір 2022

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Самендирова Нұргүл Толеубайқызы тағайындалды. Самендирова Нұргүл Толеубайқызы 1977 жылы 20 қазан күні дүниеге келген. Білімі жоғары,...

1 сәуір 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Бүгін, ағымдағы жылдың 1 сәуір күні 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі қорытыланды. 24-29 наурыз аралығында өткізілген олимпиадаға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты...

1 сәуір 2022

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады. Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын. ...

1 сәуір 2022

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қазақстандық түлектерге жазған хатынан

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қазақстандық түлектерге жазған хатынан @aimagam betov @bilim_jane_gylym ...

1 сәуір 2022

ҰБТ - 2022

Сіздер бұл жаңалықты көп күттіңіздер! Құрметті достар! 2022 жылғы мемлекеттік білім беру грантына үміткерлер үшін өткізілетін негізгі ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілетінін қуанышпен хабарлаймыз. Бұл ретте, оқуға түсуші мемлекеттік білім беру грантын тағайындау...

31 наурыз 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының қорытынды

...

28 наурыз 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 18 наурызында жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру мақсатында өткізілген облыстық "Алау" әскери-спорттық ойынында С.Қондыбай атындағы №22 мектеп -гимназиясының «Jas Sarbaz» командасы І орын иеленді. Жеңімпаз команданы...

25 наурыз 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

     Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарына, ұлттық ойындарға және еңбек әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Шымырлық пен...

25 наурыз 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау ХАТТАМАСЫ

...

24 наурыз 2022

«Үздік тәрбиеші – 2022» сырттай байқауы

Ағымдағы жылдың 17 наурызында «Үздік тәрбиеші – 2022» сырттай байқауы өткізілді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту проблемаларына, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың назарын аудару, тәрбиеші кәсібінің статусын...

18 наурыз 2022

«МАҢҒЫСТАУ САМАЛЫ» БАРД ӘНДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«МАҢҒЫСТАУ САМАЛЫ» БАРД ӘНДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ Ағымдағы жылдың 16 наурызында «Балалар жылы» шеңберінде «Маңғыстау самалы» бард әндерінің облыстық байқауы өткізілді. 12-17 жас аралығындағы 40 оқушы қатысқан байқауда Ақтау қаласынан қатысқан оқушылар жеңіспен...

18 наурыз 2022

«Орта және жоғары білімі туралы дипломы болған жағдайда білім деңгейін анықтау» тақырыбында семинар өткізілді

Бүгін, ағымдағы жылдың 18 наурызы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымымен, Ақтау қаласындағы ұйымымен бірлесе отырып «Орта және жоғары білімі туралы дипломы болған...

18 наурыз 2022

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1986...

18 наурыз 2022

«Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты №21 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

16 наурыз күні «Балалар жылы» аясында облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова Ақтау қаласындағы №21 жалпы білім беретін мектептің жас мамандарымен және 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында оқушылар мектептің тыныс-тіршілігімен, ай сайын шығарылатын...

16 наурыз 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

...

16 наурыз 2022

«Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің съезінен.

...

16 наурыз 2022

«Оқушы дауысы» - кері байланыстың тиімділігін арттыратын фактор» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өткізілді.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №6 жалпы білім беретін мектеп базасында «Оқушы дауысы» - кері байланыстың тиімділігін арттыратын фактор» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өткізілді.     Шара аясында Ә.Р.Чиндагулова, И.А.Дорошкевич бастауыш...

15 наурыз 2022

КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ

   Білім және ғылым министрі көктемгі демалыс мерзімін хабарлады: «Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан бастал ып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады.    Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық...

Соңғы хабарлар

23242526272829 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері