Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





13 қазан 2022

ТАҒАЙЫНДАУ

Тағайындау Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№29 бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Крымова Рита Илесовна тағайындалды. Крымова Рита Илесовна 1974 жылы 4 қыркүйек күні дүниеге келген. Білімі...

13 қазан 2022

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің « №25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Сарсенбаева Акмарал Кадиевна тағайындалды. Сарсенбаева Акмарал Кадиевна 1964 жылы 2 қаңтар күні дүниеге келген. Білімі...

12 қазан 2022

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

  2022 жылдың 7-8 қазан күндері Маңғыстау облысы Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында мұғалімдердің облыстық спартакиадасы жарысы болып өтті. Спартакиадада бақ сынаған Ақтау қаласының командалары жеңіспен оралды: Волейбол жарысында (ерлер) Ақтау қаласының командасы...

10 қазан 2022

МЕКТЕПТЕГІ КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС

МЕКТЕПТЕГІ КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектепте бастауыш сыныптарға "Сәрсенбідегі сәтті үзіліс" шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі ойындар ойнап, үзілісті көңілді әрі пайдалы өткізді. Бұл үрдіс әр аптаның...

10 қазан 2022

АҚТАУДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    АҚТАУДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ     Бүгін Ақтауда журналистика саласы мен шығармашылық интеллигенция ардагерлері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады.     Отырысқа ардагер журналист Есберген Іңірбайұлы, облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Ғалым...

10 қазан 2022

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында және партияның кезектен тыс XXIV съезі мен халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша “AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық...

10 қазан 2022

Ақтау қаласы мектептерінің дебат лигасының жетекшілерімен кезекті жиналыс онлайн платформада өтті.

Ақтау қаласы мектептерінің дебат лигасының жетекшілерімен кезекті жиналыс онлайн платформада өтті. Жиналыста мектепішілік лигалардың құрылуы, жоспарлар, дебатқа оқушыларды көптеп тарту және қалалық лига ойындары туралы мәселе айтылды. Жиналысты Ақтау қаласы...

9 қазан 2022

Ақтауда Қарттар арасында шахмат, дойбы, нарда және үстел теннистен жарыс өткізілді.

Ақтауда Қарттар арасында шахмат, дойбы, нарда және үстел теннистен жарыс өткізілді. Жарысқа 30 жуық қала қарттары қатысты. Жүлделі I, II, III орындарға ие болған қатысушыларға диплом және медаль табысталды.  ...

7 қазан 2022

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НАҚТЫЛАНДЫ

     ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НАҚТЫЛАНДЫ      "AMANAT" партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау мақсатында көмекті ұйымдастыру үшін құрылған Жедел әрекет ету тобының...

7 қазан 2022

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов ақсақалдармен кездесті.

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов ақсақалдармен кездесті. ⠀Кездесуге еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар кездесуге Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай да қатысты. ⠀“Бірінші кезекте қаламыздың ақсақалдарының...

7 қазан 2022

САЙЛАУ 2022

...

6 қазан 2022

Әдістемелік-нұсқау хат бойынша 5-11-сыныптарға «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың ерекшеліктері

Әдістемелік-нұсқау хат бойынша 5-11-сыныптарға «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың ерекшеліктері Видеороликті Алтынсарин академиясының Bilim 4.0 YouTube-арнасынан да мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/-yK6v_wjSnA  ...

5 қазан 2022

Қалалық семинар- практикум өтті

    Бүгін, 5 қазан күні "Оқу әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп базасында "Бастауыш мектепте білім беру: құндылықтар, басымдықтар, құзіреттілік тәжірибелер" тақырыбында қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті....

5 қазан 2022

«Современные педагогические методы и приемы на уроках информатики» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 5 қазанында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп базасында «Современные педагогические методы и приемы на уроках информатики» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өткізілді. ...

5 қазан 2022

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады....

4 қазан 2022

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ Бүгін, ағымдағы жылдың 4 қазанында орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың пәнге...

2 қазан 2022

Облыстық пікірсайыс турнирінде ақтаулық оқушылар үздік атанды

Облыстық пікірсайыс турнирінде ақтаулық оқушылар үздік атанды Өңірдегі дебат қозғалысын дамыту мақсатында 2022 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық туған күніне орай, «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» мектеп оқушыларының облыстық пікірсайыс турнирі өтті. ...

1 қазан 2022

"Қазақстан Республикасы-толеранттылық, татулық, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі" атты ашық республикалық турнирдің қалалық кезеңі

     1 қазан күні “Отпан” ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасы-толеранттылық, татулық, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі" атты ашық республикалық турнирдің қалалық кезеңі өтті.       Турнирге Ақтау қаласының студент...

1 қазан 2022

Ақтауда алғаш рет «Мұғалімдер барысы» өтті

    Ақтауда алғаш рет «Мұғалімдер барысы» өтті     Мұғалімдер күніне орай Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты 19 мектеп гимназиясында ұйымдастырылған спорттық додада 40 мұғалім өзара бақ сынап, мықтылар анықталды.     Мұғалімдер әр түрлі салмақ дәрежесінде белдесті....

29 қыркүйек 2022

Құрметті ұстаздар қауымы!

    Құрметті ұстаздар қауымы!     Ардақты білім саласының ардагерлері!     Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!      Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға...

29 қыркүйек 2022

Ақтауда «Ұстазыма ыстық ықыласпен!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті.

     Ақтауда «Ұстазыма ыстық ықыласпен!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті.      Бүгін, 29 қыркүйек күні «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» ғимаратында ұстаздар күніне арналғ ан «Ұстазыма ыстық ықыласпен!»» атты мерекелік шара салтанатты атап...

27 қыркүйек 2022

МЫРЗАҒАЛИ ІҢІРБАЕВПЕН ПОЭЗИЯ КЕШІ

16 қыркүйек Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханада ақын, жазушы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың 70 жас мерейтойына арналған оқырмандармен поэзия кеші өтті. Ақынның қаламынан тербеген туындыларын поэзияны жаны сүйген әрбір оқушы...

20 қыркүйек 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін «Ұлттық білім беру деректер қорымен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін  «Ұлттық білім беру деректер қорымен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.      Білім  беру саласы бойынша статистикалық деректер қорын жинау және өңдеу...

20 қыркүйек 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесімен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесімен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Мектептерде күнделікті оқу-білім процесстерін электронды сандық түрге енгізу, мектеп мәліметтерін...

Соңғы хабарлар

20212223242526 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері