Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

23 қазан 2022

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    21 қазан күні "Шеберлер шеруі" челленджі № 13 гимназияның 4 сыныбында Кенжегүл Берішбайқызының "Мен бақытты баламын" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымен жалғасты. Сабаққа жас мамандар ғана емес ,еңбек өтілі 15-20 жыл болған тіс қаққан мамандар да қызығушылық танытып қатысты.     Сабақ өте жоғары деңгейде өтіп,көпшіліктің көңілінен шықты. Сабақтың құрылымы да,таңдалған әдіс - тәсілдер де өте жүйелі және тиімді болды. Десант сабақ болғанына қарамастан, мұғалім мен...

23 қазан 2022

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Мұғалімдер спартакиадасы 2022 жылдың 27-30 қыркүйек, 3-7қазан күндері аралығында Ақтау қаласы бойынша жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдер арасында дене шынықтыру пәнін танымал ету және білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдердің физикалық, психологиялық және денсаулықтарын нығайту, мұғалімдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты насихаттау және тәжірибе алмасу мақсатында №№3, 5, 15, 19 мг базасында қалалық мұғалімдер спартакиадасы...

22 қазан 2022

“AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту" тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті.

    “AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту" тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті. Шараға әр саланың өкілдері, партия филиалының қызметкерлері, қала белсенділері қатысты.     Шарада корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі қағидалары мен мақсаттары, оған қол жеткізу жөніндегі нақты іс-шаралары талқыланып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды.  ...

21 қазан 2022

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту

20.10.2022 жылы №31 «Еркемай» бөбекжайында қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту». Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қоршаған әлеммен таныстыру арқылы дамыту.Қоршаған әлем объектілері,олардың қасиеттері мен қатынастары туралы түсінік қалыптастыру. Балаларды қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тәрбиелеу. Бөбекжайымыздың ересек орыс тобы тәрбиешісі, сарапшы санатты...

21 қазан 2022

Ақтаулық педагог «Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының жеңімпазы атанды

Ақтаулық педагог «Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының жеңімпазы атанды 2022 жылдың 21 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, педагог-психологтар арасында «Менің зерттеу жобам» облыстық сырттай байқауы өткізілді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға аудан, қалалардан 9...

21 қазан 2022

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. № 11лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Ергожаева Венера Отесовна мен Құрмашева Нұргүл Алтайқызы өз сыныптарында әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарынан ашық сабақ өткізіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.Тәжірибе алмасуға Ақтау қаласы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып жас мамандары қатысты. Бастауыш сынып...

21 қазан 2022

Жердегі жарық жұлдыздар!

Жердегі жарық жұлдыздар! 21 қазан күні Ф.Оңғарсынова атындағы 29 мектепте Ақтау қалалық бастауыш сыныптар қауымдастығының жоспарына сәйкес ата-ана жиналысының жаңа форматтағы жұмыс түрі көрсетілді. "Жердегі жарық жұлдыздар" тақырыбындағы ата-аналар жиналысын өткізген сынып жетекші - Тулеушова Айнагүл Серікқызы. Жиналысқа қала мектептерінен бірнеше мұғалімдер қатысты, әрі 3 "Д" сыныбының ата-аналары қатысты. Мұғалім жас маманға үлгі боларлық жиналыс форматын ұсына алды. Бірнеше әдіс...

20 қазан 2022

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама

19.10.2022 жылы №23 «Ақмоншақ» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Білім сапасын арттыруда іс – әрекеттің әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, баланың ақыл – ойын, тілін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында өткізілген семинар жоғары деңгейде өтті. Дене шынықтыру нұсқаушысы ересек тобында «Ертегі кейіпкерлерімен кездесу»...

20 қазан 2022

Президенттің «Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша «Рухтастар cases» диалог алаңы өтті.

Президенттің «Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша «Рухтастар cases» диалог алаңы өтті. Бүгінгі кездесуде спикерлер жастарға барынша кеңінен жолдауда айтылған мүмкіндіктерді түсіндіріп, өскелең ұрпаққа жасалып отырған жеңілдіктерге жеке-жеке тоқталды. Кездесу «Yessenov University» студенттерінің қатысуымен өткізіліп, жанды қарым-қатынас және өзара қызығушылық атмосферасында өтті.  ...

20 қазан 2022

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды.

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды. «Саралапты салмақ ой, сөз асылын ағытып, Айта алған жоқ әлі ешкім, Мұхтарынан асырып Өзегінің нәрі алтын, өсиетті сөзіне Төрткүл дүние, күллі әлем, отыр бүгін бас иіп» - дегендей, күллі адамзатқа «Абай жолы» роман-эпопеясымен танылған Мұхтар Омарханұлы болса, Абай өмірін суреттей отырып, қазақи болмысты паш еткен Абай жолының да алар орны ерекше. 1989...

19 қазан 2022

“Жас геолог” қалалық байқауы өтті

    Ағымдағы жылдың 17 қазанында туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық далалық “Жас геолог” қалалық байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар 3 блоктан тұратын, 9 геологиялық бағыт бойынша бақтарын сынады. Әділқазылар алқасының шешімімен төменде көрсетілген мектептер жүлделі орын иегерлері атанды: І орын - Мамандандырылған ІТ лицейдің “Ураниум” тобы;...

19 қазан 2022

АҚТАУДА АРДАГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ақтауда ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Президент Жолдауы талқыланды. "Жолдау еліміз үшін жарқын болашаққа есік ашады. Сол себептен бастаманы қолдау мақсатында облысымызда қала мен аудандарды аралап, ардагерлермен кездесу ұйымдастырудамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев айтпақшы, ұлтты ұйыстыратын 7 қағида бар. Тәуелсіздігімізді сақтау үшін жастарға патриоттық сезімді сіңірте білуіміз керек. Ананың тілін, атаның салтын сақтасақ, Президент айтқан жеті қағида жақсылыққа...

19 қазан 2022

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында “AMANAT” партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Сейдалыева, Ақтау қалалық мәслихат депутаты У.Ерсайынұлы “Ақтау қалалық №2 емхана” ШЖҚ МҚК медицина саласы қызметкерлерімен кездесті.    Кездесу барысында спикерлер жолдаудың маңызын, басым бағыттарын...

19 қазан 2022

«Жас құтқарушылар» тобының сайысы өтті

19 қазан- Құтқарушылар күніне орай, Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, мектептер арасында «Жас құтқарушылар» тобының сайысы өткізілді. «Жас құтқарушы» тобының негізгі мақсаты тіршілік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті білім деңгейін, авариялық құтқару жабдығы мен өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларын, төтенше жағдай туындаған жағдайдағы дұрыс іс-қимылдарды үйрету, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша біліктіліктер мен...

17 қазан 2022

«Әлем глобусы!» қалалық экологиялық – зияткерлік байқауы

      Ағымдағы жылдың 14 қазан күні «Әлем глобусы!» қалалық экологиялық – зияткерлік байқауы өтті. Байқауға Ақтау қаласы бойынша 16 білім ұйымдарының 14-16 жас аралығындағы оқушылары қатысты.      Байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақтың назарын экологиялық өзекті мәселелерге аударып, саналы мінез-құлықты дәріптеу. Балалар мен жасөспірімдер арасында табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырып, зияткерлік қабілетін дамыту және насихаттау.      Байқауға қатысушылар 3 кезең...

14 қазан 2022

Математикалық прогрессия

   Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің  үздіксіз білім алып отыруын қамтамасыз ету мақсатында өткізілген облыстық «Математикалық прогрессия» байқауында Ақтау қаласының ұстаздары топ жарды.    Ураков Алибек Джумабаевич (№17 о/м) І орын;    Абенов Ұлар (IT мектеп-лицей) ІІ орын;    Көшенова Нұрсәуле Нұртаңатқызы (№28 о/м) ІІІ орын...

14 қазан 2022

Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі

      Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету мақсатында өткізілген Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне қатысқан оқушыларымыз Дулат Ибраһим Алмасұлы (№11 лицей) ІІ орын, Ожиганов...

14 қазан 2022

«Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі

  Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қазаны күні Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың...

14 қазан 2022

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

    Күздің екінші айының ортасы жылу қазандықтары қосылады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларындағы жылу қазандықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.     «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Алия Жетібаева, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Гулнар Тасболатова, «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Нұрсулу Сейдалыева, әлеуметтік мәселелер...

14 қазан 2022

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен басталған "ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда.   Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қазанында №13 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог - шебер Абиева Жанар Себенгалиевна 11 лицейдің 2 сыныбында математикадан десант сабақ өткізді. Ақтау қаласының білім ұйымдарынан 17 бастауыш сынып жас мамандары қатысты.    ...

14 қазан 2022

КӨҢІЛ АЙТУ

  КӨҢІЛ АЙТУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Курмангазиева Сабика Мукановнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Курмангазиева Сабика Мукановна 1956 жылдың 16 қарашасында Орал  облысының Бәйтерек ауданы Большой Чаган селосында дүниеге келген. 1973 жылы Орал қаласының №13 орта мектебін бітірген соң, Орал педагогикалық институтына қабылданып, аталған оқу орнын 1978 жылы математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Ең алғашқы еңбек жолын Орал қаласында бастаса,...

14 қазан 2022

«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысын филиал атқарушы хатшысы Анар Шамшадинова ашып жүргізді. Бүгінгі жиналыстың күн тәртібінде бір мәселе қаралды. 1.«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының 9 айдағы орындалысы туралы. «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының 9 айдағы орындалысы бойынша Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің...

13 қазан 2022

«Жастарға Кеңес» жобасы

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Жастарға Кеңес» атты жобасы аясында Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ыбрай Әсел Аманкелдіқызы жұмыспен қамту және бизнес ашу мақсатында мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру үшін консультативтік кездесу өтті. «Ақтау» сауда кешенінің қонақтары жұмысқа орналасу, жастар практикасы және жеке кәсіпкерлерге қарастылған мүмкіндіктер туралы сұрақтары...

13 қазан 2022

«Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті.

«Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті. 12.10. 2022ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру мектептерінің психологтарының арасында қашықтан «Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті. Жобаның басты мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігі жоғары педагог- психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру . Конкурс нәтижесі бойынша: І...

Соңғы хабарлар

19202122232425 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері