Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





6 желтоқсан 2022

Сараптамалық тобы бірнеше мектептің асханаларына мониторинг жүргізді

Маңғыстау облыстық білім басқармасының 08.02.2022 жылғы №14-нқ бұйрығына сәйкес Ақтау қаласының білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы бірнеше мектептің асханаларына мониторинг жүргізді. Асханаға...

6 желтоқсан 2022

3-4 желтоқсан күндері Астана қаласында "Елбасы Академиясы" қоғамдық қорының ұйымдастырумен "El UMITI CUP" Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өтті.

3-4 желтоқсан күндері Астана қаласында "Елбасы Академиясы" қоғамдық қорының ұйымдастырумен "El UMITI CUP" Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өтті. Бұл турнирге республикалық іріктеуден өтіп, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№21 жалпы білім беретін мектеп" коммуналды...

5 желтоқсан 2022

IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ 2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдерінің IХ халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Қызғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен 385-ден астам мұғалім...

5 желтоқсан 2022

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ №19 мектеп-гимназиясының 2 "А" сынып оқушысы Шарухия Шұғыла Астана қаласында өткен "Шабыт" халықаралық көпжанрлы өнер байқауының І орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі Абишева Илмира Утесиновнаны және Шұғыланы ...

2 желтоқсан 2022

«СЕРІКТЕС ТОПТАРДЫҢ: «ҚАЛА-АУЫЛ» МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» МЕНТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«СЕРІКТЕС ТОПТАРДЫҢ: «ҚАЛА-АУЫЛ» МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» МЕНТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ Биыл облыс әкімі Н.Ноғаевтың қолдауымен облыстың білім беру жүйесін дамыту, ауыл мен қала мектептерінің білім сапасының ара қашықтығын жақындату...

1 желтоқсан 2022

«Туған өлкесінің тарихы мен мәдениетімен таныстыруда балалардың бойында адамгершілік – патриоттық сезімдерді тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар

30.11.2022 ж. күні №60 «Ертөстік» бөбекжайында «Туған өлкесінің тарихы мен мәдениетімен таныстыруда балалардың бойында адамгершілік – патриоттық сезімдерді тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың туған өлкеге...

1 желтоқсан 2022

Озық педагогикалық тәжірибе – ортақ нәтиже» тақырыбында қалалық семинар

30.11.2022жылы №61 «Сұлтан» бөбекжайы мен №32 «Ақшағала» бөбекжайы бірлескен «Озық педагогикалық тәжірибе – ортақ нәтиже» тақырыбында қалалық семинар жоғарғы деңгейде өтті. Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын...

25 қараша 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау хаттамасы №2

...

24 қараша 2022

"Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру" тақырыбында әдістемелік семинар

23 қараша күні, Маңғыстау облысының Білім Басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 Лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру" тақырыбында әдістемелік семинар болды. Мақсаты: Білім алушылардың...

24 қараша 2022

"Бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру" семинары

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің  "Оқу- әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен N3 жалпы білім беретін орта мектепте "Бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру" мақсатында Lesson study зерттеу кезеңдерінің соңғы...

23 қараша 2022

"Саморазвитие как основа творческого становления молодого педагога" әдістемелік семинары

2022 жылдың 22 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне пән қауымдастық іс-шара жоспарына сәйкес «Саморазвитие как основа творческого становления молодого педагога» тақырыбында №30 жалпы білім беру мектебінде семинар өтті. Шараның мақсаты: қалалық жас...

23 қараша 2022

АҚТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ІС САПАРЫНДА

АҚТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ІС САПАРЫНДА Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Н.Марабаев атындағы N 7 мектеп-лицейінің математика пәнінің ұстазы Петрова Н.Ю және француз тілі мұғалімі Аскармахмудова Л.А. математика әдістемесі бойынша тәжірибе...

22 қараша 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ақтау қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пушенова Эльмира Ермекқызы Беларуссияда өткен Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының жеңімпазы атанды. Эльмира Ермекқызының айтуы бойынша бұл оның...

22 қараша 2022

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қараша күні «Жалпы білім беретін пәндер...

21 қараша 2022

«Тәй-Тәй» Step by step технологиясын колдану» тақырыбында қалалық семинар

   11.11.2022 ж. күні «№57 «Ақбота» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде «Тәй-Тәй» Step by step технологиясын колдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.     Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды «Тәй-Тәй» Step by step жаңа бағдарлама арқылы,...

18 қараша 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 8-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өткізілуде.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 8-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өткізілуде.     Науқан аясында балаларға қатысты қатыгездік пен немқұрайлық...

15 қараша 2022

Педагогикалық идеялар панорамасы

   Бүгін "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының филиалы "Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық бейне-сабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын құттықтады. Филиалдың ұйымдастыру комитеті келіп түскен...

15 қараша 2022

«Үздік әлеуметтік педагог» байқауы

       Ақтау қалалық білім бөлімі «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік педагогтары арасында қашықтан «Үздік әлеуметтік педагог» байқауы өткізілді.        Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік...

15 қараша 2022

КӨПТЕН КҮТКЕН СӘТ ТУДЫ!!!

КӨПТЕН КҮТКЕН СӘТ ТУДЫ!!! Сүйінші! Сүйінші! Құрметті, ағайын! Сіз бен біз боп асыға күткен, көптің сұранысына ие болып үлгерген, аз уақытта көпшілікті үзіндісімен баураған, мектеп өмірінің қызықты сәттерін таспалай отырып, тизерінің өзі қаншама қаралым жинаған-“МЕНІҢ...

14 қараша 2022

"Креативті мұғалім- заман талабы" тақырыбындағы сырттай конкурс

     Aқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қарашасында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында заманауи озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, жариялау,...

10 қараша 2022

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады «Қазақ тілі» пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып...

10 қараша 2022

«Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиетіңнің айнасы» тақырыбында кездесу өтті

«Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиетіңнің айнасы» тақырыбында кездесу өтті 2022 жылдың 9 қарашасында  Ақтаудағы №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиетіңнің айнасы» тақырыбында кездесу өтті. Шараға Маңғыстау облысы білім...

10 қараша 2022

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!     Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 01.03-10.10 аралығында өткізілген...

9 қараша 2022

Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту

08.11.2022 ж. күні №4 «Аққу» бөбекжайында «Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: тәй-тәй технологиясы және орф-педагогика әдісі арқылы балалардың шығармашылық пен...

Соңғы хабарлар

17181920212223 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері