Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





6 қаңтар 2023

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ 5 қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие жөніндегі орынбасарларының семинар-кеңесі өтті. Күн тәртібінде, ӘНХ жобалардың жүргізу ерекшеліктері, зерделеу қорытындылары талқыланды. Тәрбие жөніндегі орынбасарлар өз ойларын...

4 қаңтар 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МДҰ-ға жүргізілген мониторинг қорытындысының ХАТТАМАСЫ

...

3 қаңтар 2023

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Н.Марабаев атындағы №7мектеп-лицейі» КММ-нің жоғары санатты дене шынықтыру мұғалімі Нұрлан Рүстембекұлы Мұсағұловтың мезгілсіз қазасына орай отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған...

2 қаңтар 2023

КӨҢІЛ АЙТУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мусагалиева Дина Умаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты...

31 желтоқсан 2022

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік...

30 желтоқсан 2022

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН! Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау қаласы әкімі атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға 9-13 жас арасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, аз...

29 желтоқсан 2022

"ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ" БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК СУРЕТ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ІЛІНДІ

"ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ" БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК СУРЕТ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ІЛІНДІ Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңына "Жемқорлықсыз әлем" байқауының жеңімпазы – Інжу Нұрланқызының суреті ілінді. "Жемқорлық тақырыбы – өте өзекті мәселе. Осы конкурс арқылы балаларда жемқорлық жайлы...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Облыстық деңгейде өткізілген 5-6 сынып оқушыларының олимпиадасының қорытындысы  бойынша оқушыларымыз жеңімпаз атанды: І орын - Жангельды Зара,  «Бақыт-Ақтау» мектепбі,  6 сынып, жаратылыстану; І орын - Степанов Иван Алексеевич, №10 о/м, 5...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін ынталандыру мақсатында өткізілген "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінен қалалық...

28 желтоқсан 2022

Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады.

...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   8-10 сынып оқушылары арасында жас экологтардың қоршаған ортаға саналы түрде қарауға, материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық мәдениетке қол жеткізуге, рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу...

26 желтоқсан 2022

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ Бүгін, 26 желтоқсан күні Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары, Полиция басқармасы және Білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жылдық шырша мерекесінде қайғылы оқиғаларды...

22 желтоқсан 2022

«Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.

     Бүгін, 22.12.2022ж. «Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.      Жиынды, лицей директоры Ж.Жумашева ашып берді. Музей, лицейдің 9 сынып оқушысы, «Дарын» республикалық...

21 желтоқсан 2022

Педагогтердің пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін, сабақтағы басымдықтар мен дамыту стратегияларын жетілдіру жолдары

     Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында №13 гимназия базасында «Педагогтердің пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін, сабақтағы басымдықтар мен дамыту стратегияларын жетілдіру жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.      Семинар мақсатына сәйкес педагогтар...

21 желтоқсан 2022

Ақтаулық оқушы «Жылдың жас патриоты» атанды.

Ақтаулық оқушы «Жылдың жас патриоты» атанды. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында қала бойынша ең алғаш түсірілген тың туынды “Менің сыныптастарым” атты қысқа метражды кино түсіріп, бастапқы серияларын көпшілік...

21 желтоқсан 2022

АҚТАУДАҒЫ "Ф.ОҢҒАРСЫНОВА" АТЫНДАҒЫ №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ТОП ЖАРДЫ

      Ақтау қаласында алғаш рет "Daryn" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "ДАРЫНДЫЛАР ӘЛЕМІ" фестиваль конкурсында "Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің вокал үйірмелерінің "Stars" тобы І орын, Түркия елінде өтетін...

21 желтоқсан 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерімен кездесу

19 желтоқсан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерімен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, өзін-өзі басқару...

20 желтоқсан 2022

Көптілді білім берудің болашағы

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні "STEM"  мұғалімдерінің шығармашылық кәсіби әлеуетін қолдау, үштілділік білім берудің педагогикалық мазмұнын...

19 желтоқсан 2022

Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ойын технологиялары арқылы балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін арттыру

15.12.2022жылы №35 «Балдырған» бөбекжайында «Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ойын технологиялары арқылы балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ойын технологиялары арқылы мектеп жасына...

19 желтоқсан 2022

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде аймақ басшысы Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті. Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және...

14 желтоқсан 2022

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Күмбірле, домбыра" жас домбырашылар байқауы өткізілді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Күмбірле, домбыра" жас домбырашылар байқауы өткізілді. Мақсаты: күй құдіретін жас ұрпаққа насихаттау, жас домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау. Қатысушылар " Ерке сылқым", " Көроғыл Түркеш", " Балбырауын", " Адай", " Қосалқа", " Айжан...

13 желтоқсан 2022

ҚР Оқу-ағарту министрлігің кубогіне арналған Республикалық дебат турниріне келген Маңғыстау облысының пікірсайысшылары.

ҚР Оқу-ағарту министрлігің кубогіне арналған Республикалық дебат турниріне келген Маңғыстау облысының пікірсайысшылары. Ақтау қаласынан орыс және ағылшын тілді лига өкілдері қатысады. Сәттілік тілейміз!   ...

10 желтоқсан 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен Кеңес өткізілді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен Кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева, облыстық және қалалық депутаттар, қалалық кәсіподақ төрағасы, Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің...

6 желтоқсан 2022

"Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру" тақырыбында семинар өтті.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу- әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 02 желтоқсан күні №20 М.Ауезов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте  даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру жүйесі аясында...

Соңғы хабарлар

16171819202122 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері