Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ашылу салтанаты №14 жалпы білім беру орта мектебі базасында өткізілсе, бүгін Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияда шара қорытындыланды. Шараға Ақтау каласы әкімі орынбасары Г.Алдашева, Ақтау қалалық маслихат хатшысы С.Т. Закенов, Қазақстан- Британ техникалық университеті проректоры Е.С. Смолякова және білім бөлімінің басшысы С.Д.Тулебаева, мектеп басшылары, ұстаздар мен оқушылар катысты.Екі күнге созылған пәндік олимпиадаға білім бөліміне қарасты 26 білім ұйымынан 429 оқушы қатысып бақ сынаса, 172 оқушы жеңімпаз атанды. І орынды 33 оқушы, ІІ орынды 38 оқушы, ІІІ орынды 101 оқушы иеленді. Жеңімпаз оқушыларға қалалық білім бөлімінің дипломдары, сертификаттар мен кубоктар табысталды. І, ІІ орын иеленген 71 оқушы облыстық кезеңге қатысатын болады.
Олимпиаданың қорытындылау сәтінде жекелеген пәндер бойынша оқушыларға Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранттары табысталды. ІТ лицейінің 11 - сынып оқушысы Гунькина Анастасия Сергеевна математика пәнінен 50%, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп - лицейінің 11 - сынып оқушысы Пак Андрей Владимирович информатика пәнінен 100%, С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Утебай Оралбай Қосниязұлы информатика пәнінен 50%, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп - лицейінің 11 - сынып оқушысы Тищенко Кристина Викторовна информатика пәнінен 30%, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп - лицейінің 11-сынып оқушысы Тарасова Дана Алексеевна физика пәнінен 50%, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп - лицейінің 11 - сынып оқушысы Тлеугалиева Жанетта Асхатовна химия пәнінен 100%, №11 мамандандырылған физика - математикалық мектебінің 11 - сынып оқушысы Бахтыгереев Олжас Жақсылықұлы химия пәнінен 50%, №13 гимназиясының 11- сынып оқушысы Мухаметова Айлара Айметовна химия пәнінен 30%, Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Хабиболла Бибісара география пәнінен 100% грант иегерлері атанды.
Сондай-ақ, жоғары деңгейде жетістік көрсеткен 10 - сынып оқушыларына да Қазақстан- Британ техникалық университетінің гранттары табысталды. ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Джуматаева Арухан физика пәнінен 30%, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінің 10-сынып оқушысы Темірханова Динара математика пәнінен 30%, ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жауынбай Дильназ биология пәнінен 100%, №23 жалпы білім беру орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шакерова Айдана биология пәнінен 50 % грант иегерлері атанды.
Жеңімпаздарының жетістігімен көш бастаған жалпы білім беру ұйымдары «Үздік олимпиада командасы» номинацияларымен марапатталды. «Үздік олимпиада командасы» номинациясы бойынша Н.Марабаев атындағы №7 мектеп – лицейі І орын, ІТ лицей ІІ орын, ІТ мектеп-лицейі ІІІ орын иеленді.
Жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде І, ІІ орын иеленген, олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Жеңімпаз оқушыларымыздың білім додасында Ақтау қаласының намысын қорғап, қаламыздың мерейін арттырарына сенеміз. 





6 қаңтар 2023

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ 5 қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие жөніндегі орынбасарларының семинар-кеңесі өтті. Күн тәртібінде, ӘНХ жобалардың жүргізу ерекшеліктері, зерделеу қорытындылары талқыланды. Тәрбие жөніндегі орынбасарлар өз ойларын...

4 қаңтар 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МДҰ-ға жүргізілген мониторинг қорытындысының ХАТТАМАСЫ

...

3 қаңтар 2023

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Н.Марабаев атындағы №7мектеп-лицейі» КММ-нің жоғары санатты дене шынықтыру мұғалімі Нұрлан Рүстембекұлы Мұсағұловтың мезгілсіз қазасына орай отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған...

2 қаңтар 2023

КӨҢІЛ АЙТУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мусагалиева Дина Умаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты...

31 желтоқсан 2022

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік...

30 желтоқсан 2022

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН! Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау қаласы әкімі атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға 9-13 жас арасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, аз...

29 желтоқсан 2022

"ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ" БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК СУРЕТ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ІЛІНДІ

"ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ" БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК СУРЕТ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ІЛІНДІ Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңына "Жемқорлықсыз әлем" байқауының жеңімпазы – Інжу Нұрланқызының суреті ілінді. "Жемқорлық тақырыбы – өте өзекті мәселе. Осы конкурс арқылы балаларда жемқорлық жайлы...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Облыстық деңгейде өткізілген 5-6 сынып оқушыларының олимпиадасының қорытындысы  бойынша оқушыларымыз жеңімпаз атанды: І орын - Жангельды Зара,  «Бақыт-Ақтау» мектепбі,  6 сынып, жаратылыстану; І орын - Степанов Иван Алексеевич, №10 о/м, 5...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін ынталандыру мақсатында өткізілген "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінен қалалық...

28 желтоқсан 2022

Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады.

...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   8-10 сынып оқушылары арасында жас экологтардың қоршаған ортаға саналы түрде қарауға, материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық мәдениетке қол жеткізуге, рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу...

26 желтоқсан 2022

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ Бүгін, 26 желтоқсан күні Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары, Полиция басқармасы және Білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жылдық шырша мерекесінде қайғылы оқиғаларды...

22 желтоқсан 2022

«Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.

     Бүгін, 22.12.2022ж. «Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.      Жиынды, лицей директоры Ж.Жумашева ашып берді. Музей, лицейдің 9 сынып оқушысы, «Дарын» республикалық...

21 желтоқсан 2022

Педагогтердің пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін, сабақтағы басымдықтар мен дамыту стратегияларын жетілдіру жолдары

     Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында №13 гимназия базасында «Педагогтердің пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін, сабақтағы басымдықтар мен дамыту стратегияларын жетілдіру жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.      Семинар мақсатына сәйкес педагогтар...

21 желтоқсан 2022

Ақтаулық оқушы «Жылдың жас патриоты» атанды.

Ақтаулық оқушы «Жылдың жас патриоты» атанды. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында қала бойынша ең алғаш түсірілген тың туынды “Менің сыныптастарым” атты қысқа метражды кино түсіріп, бастапқы серияларын көпшілік...

21 желтоқсан 2022

АҚТАУДАҒЫ "Ф.ОҢҒАРСЫНОВА" АТЫНДАҒЫ №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ТОП ЖАРДЫ

      Ақтау қаласында алғаш рет "Daryn" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "ДАРЫНДЫЛАР ӘЛЕМІ" фестиваль конкурсында "Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің вокал үйірмелерінің "Stars" тобы І орын, Түркия елінде өтетін...

21 желтоқсан 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерімен кездесу

19 желтоқсан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерімен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, өзін-өзі басқару...

20 желтоқсан 2022

Көптілді білім берудің болашағы

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні "STEM"  мұғалімдерінің шығармашылық кәсіби әлеуетін қолдау, үштілділік білім берудің педагогикалық мазмұнын...

19 желтоқсан 2022

Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ойын технологиялары арқылы балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін арттыру

15.12.2022жылы №35 «Балдырған» бөбекжайында «Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ойын технологиялары арқылы балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ойын технологиялары арқылы мектеп жасына...

19 желтоқсан 2022

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде аймақ басшысы Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті. Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және...

14 желтоқсан 2022

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Күмбірле, домбыра" жас домбырашылар байқауы өткізілді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Күмбірле, домбыра" жас домбырашылар байқауы өткізілді. Мақсаты: күй құдіретін жас ұрпаққа насихаттау, жас домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау. Қатысушылар " Ерке сылқым", " Көроғыл Түркеш", " Балбырауын", " Адай", " Қосалқа", " Айжан...

13 желтоқсан 2022

ҚР Оқу-ағарту министрлігің кубогіне арналған Республикалық дебат турниріне келген Маңғыстау облысының пікірсайысшылары.

ҚР Оқу-ағарту министрлігің кубогіне арналған Республикалық дебат турниріне келген Маңғыстау облысының пікірсайысшылары. Ақтау қаласынан орыс және ағылшын тілді лига өкілдері қатысады. Сәттілік тілейміз!   ...

10 желтоқсан 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен Кеңес өткізілді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен Кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева, облыстық және қалалық депутаттар, қалалық кәсіподақ төрағасы, Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің...

6 желтоқсан 2022

"Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру" тақырыбында семинар өтті.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу- әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 02 желтоқсан күні №20 М.Ауезов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте  даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру жүйесі аясында...

Соңғы хабарлар

16171819202122 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері