Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





26 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға барушыларға үгіт-насихат жүргізген өкілдерімен кездесу өтті

    Ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында Ақтау қаласындағы №№3,8,29 мектеп базасында өткізілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жоғары оқу орындарына  оқуға барушыларға  үгіт-насихат жүргізген өкілдерімен өткізілген кездесуге Ақтау қаласы бойынша...

26 қаңтар 2023

«Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы өтті

«Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы өтті 2023 жылдың 24-26 қаңтар күндері аралығында «Маңғыстау Арена» базасында Ақтау қаласы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің арасында футзалдан 9-11 сынып қыздарының қатысуымен «Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы...

26 қаңтар 2023

ШЕБЕРЛЕР ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

ШЕБЕРЛЕР ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА Бүгін, 2023жыл 26 қаңтар күні педагог-зерттеуші "С.Қондыбай атындағы №22 мектеп -гимназиясы" КММ бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Нұрғаным Аманқосқызы №19 мектеп -гимназиясының педагог-шебері Сүйесінова Кенжегүл Берішбайқызынан челленджі...

26 қаңтар 2023

ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ Ақтау қаласы бойынша «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысып,...

25 қаңтар 2023

ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫ ӨТТІ

ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫ ӨТТІ 2023 жылдың 23 қаңтарында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу –әдістемелік орталығы» КММ директоры К. Мированың төрағалығымен №№2, 6, 20, 29 жалпы білім беретін мектеп басшылары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен талқылау алаңы өтті. Шараның...

25 қаңтар 2023

БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТТІ

БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТТІ 2023 жылдың 23-24 қаңтары аралығында №23 жалпы білім беретін мектептің спорт залында, білім ұйымдары арасында баскетболдан 7-8 сынып ұлдарының қатысуымен «Алтын доп» мектеп лигасы  өтті. Лигага қаламыздың мектептерінен 13...

25 қаңтар 2023

"Оқушыларды START-UP жобаларға дайындау алгоритмі" тақырыбында онлайн-семинары өтті

Бүгін, 2023 жылдың 25.01 күні Назарбаев Зияткерлік мектебі мен №2 жалпы білім беретін мектептің арасындағы серіктестік негізіндегі жоспар аясында жетекші Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының ұйымдастыруымен "Оқушыларды START-UP жобаларға дайындау алгоритмі"...

25 қаңтар 2023

«Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 25 қантарында «№36 “Топотушки” бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК-де «Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық...

25 қаңтар 2023

«Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында №44 «Шаттық» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға 37 мектепке дейінгі мекемелерден 39 педагог және...

25 қаңтар 2023

ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ 2023 жылдың 25 қаңтары күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  №№1, 29 жалпы білім беретін мектептер мен №11 лицейінің дебат клубтарының оқушылары Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысуда. «Дарын» облыстық...

20 қаңтар 2023

2022-2023 оқу жылындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі

Aғымдағы жылдың 20 қаңтары күні 2022-2023 оқу жылындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі өткізілді. Жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық...

20 қаңтар 2023

АҚТАУДА “ОҚУШЫ. МЕКТЕП. АТА-АНА” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ

АҚТАУДА “ОҚУШЫ. МЕКТЕП. АТА-АНА” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ Бүгін №21 жалпы білім беретін орта мектепте Ақтау қаласы әкімі жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Оқушы. Мектеп. Ата-ана” тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Оған барлық мектептің тәрбие...

18 қаңтар 2023

Ақтауда қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді

Ақтауда қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді Бүгін, 2023 жылдың 18 қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта математика пәнінен ойлау тапсырмаларын үйретудің тиімді жолдары» тақырыбында ...

16 қаңтар 2023

Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау

Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау Оқушыларды информатика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау бағытында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтау қаласы бойынша...

16 қаңтар 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік -...

13 қаңтар 2023

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Информатика пәнінде жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік...

13 қаңтар 2023

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ      Ақтауда 2023 жылдың жылдық жоспарын бекіту мақсатында “Аналар кеңесінің” мүшелері бас қосты.      Кездесуге Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева және кеңес мүшелері қатысты.      Кеңес төрағасы Гүлзира...

11 қаңтар 2023

«ҰБТ - дағы информатика есептерін шешудің тиімді тәсілдері» облыстық семинар өтті.

«ҰБТ - дағы информатика есептерін шешудің тиімді тәсілдері» облыстық семинар өтті. Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына IT бағыты бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін...

11 қаңтар 2023

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ. 05.01.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, білім беру...

10 қаңтар 2023

БИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨТТІ.

БИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨТТІ. 06.01.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік...

10 қаңтар 2023

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

СҮЙІНШІ АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ      Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Түркияның Стамбул қаласында өткен Халықаралық байқауда топ жарды.     Түрік елінің...

9 қаңтар 2023

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді.

    Ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді.     Aқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 қаңтарында ағылшын тілінің білім сапасын арттыру мақсатында...

9 қаңтар 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

   Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Мирова Күлпан Тойлықызы тағайындалды.     Білімі жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік...

8 қаңтар 2023

«Мы не физики, мы - лирики» тақырыбындағы онлайн челлендж

     2022 жылдың 12-23 желтоқсан аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының жоспарына сәйкес, шығармашыл мұғалімдерді интеллектуалды дамыту және қолдау үшін жағдай жасау және өзін-өзі көрсетуіне, жеке дамуына жәрдемдесу мақсатында «...

Соңғы хабарлар

15161718192021 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері