Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

БАЛАБАҚША БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 28 «Балдәурен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 11 шағынаудан, 43 ғимарат телефон: : 8 (7292)42-85-25.

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 29 балабақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 9 шағынаудан, 31 ғимарат, телефон: 8(7292) 60-95-65.

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 43 «Батыр» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ.,14 шағынаудан, 49 ғимарат телефон: 8(7292) 31-18-45.

4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 44 «Шаттық» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 27 шағынаудан,14 ғимарат телефон: 87292)41-10-99.

5. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 57 «Ақбота» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директор (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165564,3 теңгеден 201334,3 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 28 шағынаудан, 44 ғимарат телефон: 8(7292) 40-54-34

Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 б ш/а, 52.

Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Кәсіпорынның қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі; үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика мен психология негіздерін;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 104, телефон: 8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 





28 сәуір 2023

Жас сарбаз-ертеңгі ел қорғаны

       Бүгін, 28 сәуір күні Жаңаөзен қаласында облыстық "Жас сарбаз-ертеңгі ел қорғаны" жарысы өтті. Жарысқа облысымыздың қала аудандарынан 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушы әр оқушы өздерінің патриоттық рұхтарының мықты, жоғары деңгейде екенін көрсете білді.      ...

28 сәуір 2023

Ақыл ойдың шұғыласы – білім, Білім – рухани байлықтың асыл сөзі

    Бүгін, 28 сәуір күні М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарынан тыс «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ақыл ойдың шұғыласы – білім, Білім – рухани байлықтың асыл сөзі» тақырыбында тәжірибе алмасу...

21 сәуір 2023

Қалалық «Бояулар құпиясы» байқауы

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 13.04.2023ж №203 нқ бұйрығы негізінде білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткізілген «Бояулар құпиясы» байқауының қорытындысы: «Менің елім-менің...

21 сәуір 2023

«Жас құтқарушылар» топтары арасындағы қалалық жарыс

   Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгеру мақсатында жалпы білім беретін мектептен құрылған «Жас құтқарушылар» топтары арасында қалалық жарыс өткізілді.    Жарыс нәтижесі...

21 сәуір 2023

Мектеп пәндері бойынша күрделі тақырыптарды оқыту

20 сәуір күні №3 жалпы білім беретін мектеп базасында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалы мектеп алаңындағы кәсіби дамудың "Тәлімгерлік мектебі-педагогикалық шеберлік зертханасы" жобасы аясында жоспарға сәйкес,...

20 сәуір 2023

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ, МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

     19 cәуір күні №11 лицейде Ақтау қаласының оқу-әдістемелік орталығының оқу жетістіктерін бағалау,мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша жиналыс өтті.      Жиналысқа Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, білім берудің оқу-әдістемелік...

20 сәуір 2023

"TopIQ" білім беру web-платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қ.К.Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында...

20 сәуір 2023

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ЖОСПАР АЯСЫНДА

   Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 2023 жылға арналған жалпы білім сапасын көтеру мақсатындағы серіктес мектептер арасындағы кешенді жоспар аясында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары №2 жалпы білім беретін мектеп базасында сабақ өткізді....

19 сәуір 2023

"Қазақтың тамырында күй тулаған" домбырашылар байқауы

Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай бүгін, 19 сәуір күні қосымша білім беру педагогтарының арасында өткен облыстық "Қазақтың тамырында күй...

17 сәуір 2023

С. Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты облыстық қашықтық байқауының қалалық кезеңі

    Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерін жатқа айту, қысқа ғұмырында қараңғылықтың көгіне күн болып сәуле шашқан кемеңгер тұлғаның ерен істерін дәріптеу, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-өрлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар...

17 сәуір 2023

Ақтау қаласының жас мамандар арасындағы «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» пікірсайысы

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 12.04.2023ж №01-32/673 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 сәуір-ғылым қызметкерлер күніне орай, 17 сәуір күні...

17 сәуір 2023

Қалалық «Балаларға базарлық» байқауы

   Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде, балалардың көркем әдебиетімен танысу, педагогтің оқуы, шығармаларды қайталау, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау, балалардың кітаптарға, балалар әдебиетіне, театр әлеміне деген тұрақты ...

17 сәуір 2023

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы

    Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 06.04.2023 жылғы №191нқ бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы өтті....

16 сәуір 2023

«Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауы

    12.04.2023 жылы «Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауы өтті. Байқауға 29 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты. Мектепке дейінгі жастағы баланың қиялына қанат бітіріп, дүниетанымын тереңдете түсетін ертегілерге,...

16 сәуір 2023

Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы

Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының 06.04.23ж № 02-20/451 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 сәуір- ғылым қызметкерлер күніне орай, «Жастар және ғылым; бүгіні мен болашағы» тақырыбында жас мамандар арасында...

16 сәуір 2023

"Еуропа-Азия" облыстық туристік фестивалі

    2023 жылдың 13-14 сәуір аралығында Түпқараған ауданында Маңғыстау облысының білім басқармасы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризімінің орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта, косымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің...

16 сәуір 2023

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық –педагогикалық қолдау қөрсету

    14.04.2023 жылы Білім басқармасы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектептердің білім сапасын көтеру мақсатындағы біріккен кешенді жоспар аясында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық –педагогикалық қолдау...

16 сәуір 2023

«Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының қалалық кезеңі

11 сәуір күні «Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 34 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысты. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны танып білуге...

16 сәуір 2023

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕС КӨРСЕТІЛЕДІ

    ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті еліміздің барлық өңірлерінде байланыс орталықтарын ұйымдастырды. Енді аттестаттау бойынша сұрақ туындаса көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, жауапты маманға жүгінуге болады. Байланыс орталықтары дүйсенбі, жұма...

15 сәуір 2023

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК?

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК? Баланың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда-ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер өз өңірлеріндегі уәкілдерден көмек сұрай алады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны...

15 сәуір 2023

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

   13 сәуірде №№2,3 жалпы білім беретін мектептерінде әдістемелік көмек көрсету күні болды.      Оқу-әдістемелік орталығынан бекітілген куратор Кдырбаева Зульфия Оразбаевна мектептердегі басты мәселелер: мектепішілік бақылау, білім сапасын арттыруға бағытталған...

15 сәуір 2023

ШАХМАТ ОЙНАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ

      Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні күні Ақтау қаласындағы  жалпы білім беретін ұйымдар арасында шахмат сабақтары арқылы интеллектуалды және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында республикалық шахмат ойнау челленджі өткізілді. Іс-шараға 21 мектеп, 938 оқушы...

14 сәуір 2023

«Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі, «Сән технологиясы» құзіреттілігі сайысы

      2023 жылдың 13 сәуір күні «Оқушы Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің "Abilympics – 2023" (мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін 6 – 17 жас) «Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі 7-10 жас, «Сән...

14 сәуір 2023

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қалалық кезеңі

 

Соңғы хабарлар

1 ... 345678910
11121314151617 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері