Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





11 наурыз 2017

Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы

Қалалық білім бөлімінің 21.02.2017ж. №177 бұйрығымен, жалпы білім беретін орта мектептердегі педагогикалық технологияларды кеңінен қолданып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдерін анықтау мақсатында, «Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы»...

22 ақпан 2017

«Зар заман зұлматы» ізденіс жобалары байқауы

24.05.2017 ж.күні «№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – де Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 20 жылдығына орай, болашақ ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу...

20 ақпан 2017

«Үздік сынып сағаты» байқауы

«АҚБҮО» КММ 2017 жылдың ақпан айының 02-13 күндері аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндікке байланысты іс-шара жоспарына сай 10 ақпан күнінде «Мейірімділік асыл қасиет», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл...

20 ақпан 2017

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты

Қаладағы № 12 жалпы білім беру орта мектебінде бүгін 2 ақпан сағат 9-30-да «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Оған қала мектептерінен 1 оқушы мен өзін –өзі тану пәні мұғалімдері қатыстырылды. Жиынды қалалық...

20 ақпан 2017

География пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік 2017 жылдың 24 ақпан күні өткізілген семинар

География пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік 2017 жылдың 24 ақпан күні өткізілген семинар КММ «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы», 2017 жылдың 24 ақпан күні география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәніндегі математикалық амалдармен жұмыс жасау...

20 ақпан 2017

Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі

Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігінің қорытындысы 07.02.2017ж. Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігінің «5-8 сыныптар арасындағы...

18 ақпан 2017

«Менің қуанышымды менімен бөліс!»

Ақтау қалалық білім бөлімінің 16.01.2017ж. №19 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-рухани білім беру арқылы тұлғаның бойында құндылықтарды қалыптастырып, шығармашылық потенциалын дамыту, өзін-өзі көрсете...

18 қаңтар 2017

"Мектепаралық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалауды жетілдіру" тақырыбында басқосу

Бүгін №21 мектеп базасында Ақтау қалалық білім бөлімінің, қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шара жоспарларына сәйкес "Мектепаралық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалауды жетілдіру" тақырыбында басқосу өтіп жатыр. Мақсаты: Десанттық сабақтар...

18 қаңтар 2017

"Үздік музыка пәні кабинеті" байқауы

Бүгін қалалық білім бөлімінің бұйрығына және қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында қалалық "Үздік музыка пәні кабинеті" байқауы болып жатыр.  ...

17 қаңтар 2017

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Бүгін №23 мектеп базасында Қалалық білім бөлімінің бұйрығына және Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді насихаттау, шығармашылқпен жұмыс...

4 қаңтар 2017

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы Ақтау қаласының командасына психологиялық тренинг және олимпиада ережесімен таныстыру жұмыстары

Бүгін Ақтау қаласында №16 мектеп базасында 5-6 қаңтар күндері өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы Ақтау қаласының командасына психологиялық тренинг және олимпиада ережесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.  ...

28 желтоқсан 2016

"Жас бағдарламашы" бағдарлама

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 26.12.2016 күні №8 орта мектеп базасында информатика пәнінен оқушыларға арналған "Жас бағдарламашы" бағдарлама жасаушылардың қалалық байқауы өтті.  ...

23 желтоқсан 2016

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауының екінші кезеңі.

Қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауының екінші кезеңі.  ...

22 желтоқсан 2016

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадасы

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық іскерлігін тереңдету, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау үшін қажетті жағдайлар...

21 желтоқсан 2016

8-11 сынып оқушылары арасында туристік слет

Қалалық білім бөлімінің 26.09.2016 жылғы №553 бұйрығына сәйкес, оқушылардың бойына әскери – патриоттық тәрбие беру, жасөспірімдерді салауатты өмір салтында тәрбиелеу мақсатында 7-8 қазан күндері №12,13 орта мектептерінде 8-11 сынып оқушылары арасында туристік ...

21 желтоқсан 2016

Қазақстан халықтары тілдерінің ХVІІІ фестивалі

Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтары тілдерінің ХVІІІ фестивалі» оқушылар мен ұстаздар арасында №7 лицейі мен №9 орта мектептері базасында өткізілді.  ...

21 желтоқсан 2016

Қалалық «Үздік этнокабинет – 2016» байқауы

Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен , жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы заманауи этнокабинеттерді анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында 15 қыркүйек күні Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығында ...

3 мамыр 2016

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы

Ақтау қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 21-22 күндері «№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы өтті. Қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден 44...

29 қаңтар 2016

«Жобалау жұмысын зерттеудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Мектептегі жобалау ісі тақырыбындағы семинар Қазіргі заманда табысты болу адамның өз өмірін жоба ретінде ұйымдастыру қабілетімен анықталады: жақын және алыс болашағын болжау, қажетті ресурстарды іздеу және табу, іс-әрекетін жоспарлау және оны орындау, алдына қойған...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері