Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «58 «Балауса» бөбекжайы ЖБҚ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна тағайындалды.

Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна 1976 жылы 15 қазан күні Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін 2003-2007 жж. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін 2016-2018жж. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітірген.

Педагогикалық еңбек өтілі: 25 жыл. Басшы –ұйымдастырушы. Педагог-сарапшы.

Педагогикалық қызметін Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» бөбекжайында тәрбиеші қызметінен бастаған. 2008-2015 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы МКҚК №57 «Ақбота» бөбекжайында бейнелеу өнері мұғалімі, «Өзін-өзі тану» маманы қызметінде; 2015-2022 жылдары Ақтау қаласындағы №61 «Сұлтан» бөбекжайында әдіскер қызметін атқарған. 2022 жылдан бері Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» бөбекжайында әдіскер қызметін атқарып келген.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына директор болып тағайындалды.

Жетістіктері:

2018ж. Қалалық «Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдер – балабақшада»-педагогикалық оқылым-1-орын;

2018 жылы "Ақтау қаласына 55 жыл" мерекелік медалімен марапатталған;

2018 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс Хатымен марапатталған;

2018 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының Алғыс хатымен марапатталған;

2018 жылы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталған;

2018 жылы Маңғыстау облысы «Қоғамдық келісім» Алғыс хатымен марапатталған;

2019 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталған;

2019 жылы Ақтау қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған;

2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы МО ПҚ БАИ Алғысымен марапатталған;

2022 жылы Ақтау қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған;

2022ж. Облыстық«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ«Педагогикалық идеялар панорамасы» I орын;

2022ж. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ«Педагогикалық идеялар панорамасы» 3 орын;

2023 жылы "Ақтау қаласына 60 жыл" мерекелік медалімен марапатталған;

2023жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен марапатталды. 





27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...

27 наурыз 2018

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы №4 гимназия мектебінде өткізілді. Байқауға 14 үміткер қатысып, 4 айналым болды.  

26 наурыз 2018

Кабинеттер байқауы

Ақтау қалалық  білім бөлімінің  26.03.2018 жылғы «Үздік  физика пәні  кабинеті» байқауын өткізу туралы  №302  бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Үздік  физика пәні кабинеті» байқауына наурыз айының 28-29-ы күндері №11,...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестиваліне қатысушылар

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді.  

20 наурыз 2018

«Ағылшын тілінде презентация»

«Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып  оқушылары  арасынан «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, көп...

19 наурыз 2018

ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен кездесу

Ақтау қаласы мектептерінің жауапты мамандарымен ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен бірге қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы өткен жиналыс сәтінен. 

19 наурыз 2018

"Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысы

№10 орта мектеп базасында қалалық "Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысынан... Облыстық кезеңнен толағай табыс тілейміз!  

19 наурыз 2018

Фотогалерея

...

13 наурыз 2018

"Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі

№28 орта мектебінде оқушылар арасында республикалық "Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі өткізілді. 

2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. 

27 ақпан 2018

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы

Ақтау қаласы," №23 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мұғалімдер арасында қалалық «Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы өткізілді. 

23 ақпан 2018

Гуманитарлық пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада

21 ақпан  күні  Ибаш Жанболатова атындағы №15 орта мектепте 5-6 сынып  оқушылары  арасында олимпиаданың ашылу салтанатты өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен 185 оқушы қатысады. 

21 ақпан 2018

«Информан-2018» турнирі

Қалалық «Информан-2018» турнирі 21ақпан күні күні сағат 14:00-де КММ «№14 жалпы білім беру орта мектебі» базасында өткізілді. 

19 ақпан 2018

Құм терапиясы

  ...

19 ақпан 2018

"Жауқазын" балалар шығармашылық өнер фестивалі

  ...

16 ақпан 2018

"Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы"

Ақтау қаласы №7 мектеп лицейінде 16 ақпан күні "Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы" тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларына арналған семинар өтті. 

13 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы

Қалалық «Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы 2018 жылдың 13 ақпан күні сағат 09:30-да «С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. 

11 ақпан 2018

«Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі

09-11.02.2018 жылы Ақтау қаласында №9 және №14 орта мектептерде баскетбол бойынша 9-11 сынып ұлдар арасында қалалық «Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі өтті. 21 команда, 221 ойыншы қатысты. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз. Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін...

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік...

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз хабарламасы. Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда 2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік...

29 желтоқсан 2017

"Жыл адамы - 2016" байқауы

"Жыл адамы - 2016" байқауының жеңімпаздары №13 гимназия мұғалімі Турбекова Майра, №4 балабақша тәрбиешісі Арынбасарова Зухра.  ...

23 желтоқсан 2017

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы

Қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан күні №10 орта мектеп ғимаратында қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы өткізілуде, байқау ертең...

17 қазан 2017

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара!

2017 жылдың 5 қазан күні мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының кіші залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Сакеев, қалалық білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының басшылары,...

Соңғы хабарлар

4849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері