Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

Ақтауда 17 шағынауданнан оқушылар сарайы салынып жатыр. Құрылысы 2023 жылы аяталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бөлімінің менеджері Руслан Әубекеров айтты. Оның айтуынша, ғимаратта спорт кешені, шерулер мен салтанатты сап түзу шараларына арналған алаң, ойын-сауық аймақтары болады.

- Сонымен қатар сурет, фото және видео шеберханалары, хореография, музыка сыныбы, көрме залы, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар, буфет болады. 700 адамға арналған акт залы, көрме залдары, театр өнеріне арналған залдар, әкімшілік бөлмелер, кітапхана да қарастырылған. Оқушылар сарайы күніне 1000-нан астам баланы қабылдайды, - деді Руслан Әубекеров.

Руслан Әубекеровтың айтуынша, 1998-2022 жылдар аралығында NCOC компаниясының қолдауымен Маңғыстауда 113 жоба жүзеге асты. Олардың ішінде мектептер, ауруханалар, балабақшалар, дене шынықтыру және сауығу орталықтары, жол құрылысы бар. Бұл мақсатта 425 млн АҚШ доллары жұмсалған.

- Аталған жобалардың Маңғыстау өңірі үшін маңызы зор. Мәселен 2021 жылы Ақтау қаласында 100 орындық онкологиялық диспансер құрылысы компанияның демеушілігімен жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты - халыққа онкологиялық науқастарды уақытында және ерте анықтау және емдеу бойынша жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Бір ауысымда 75 адам қабылдауға қауһарлы. 100 орындықты, 4 блоктан тұрады: функционалдық диагностика бөлімшесі, рентген бөлімшесі, радиологиялық бөлімше, радиоизотопты диагностика зертханасы, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі бар, - деді Руслан Әубекеров.

Бұдан бөлек, қала тұрғындарының кәсіби спортпен айналысуына, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға арналған 17-шағынауданда орналасқан «Бокс орталығы» спорт кешені мен 19А шағынауданындағы «Мәдениет орталығы» кешенін айтуға болады.

Брифинг барысында NCOC компаниясы Ақтау қалалық кеңсесінің басшысы Арман Жанахмет демеушілік және қайырымдылық бағдарламасына тоқталды.

-Аталған бағдарлама шеңберінде 1998-2021 ж аралығында Маңғыстау облысының жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөлу мақсатында 11,6 млн. АҚШ доллары игерілді. 2009 ж бастап жыл сайын демеушілік және қайырымдылық жобаларына 750,000 млн. АҚШ доллары бөліне бастады. NCOC компаниясы бұл бағдарламаны бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырады: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық,- деді Арман Жанахмет.

Компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Зарина Бәкенова Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға арналған қаражат негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау облысының арасында тең бөлінетінін атап өтті. Ал демеушілік және қайырымдылық мақсатындағы шараларға жыл сайын 1,5 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджет бөлініп, бұл Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең жұмсалады.

------------------------------------

В Актау строят Дворец школьников

Строительство нового объекта, предназначенного для подрастающего поколения, ведется при спонсорской поддержке компании NCOC, сообщает сайт mangystaumedia.kz со ссылкой на представителя компании Руслан Аубекеров, выступившего на брифинге в ЦОК Мангистауской области.

Дворец школьников возводят в 17 микрорайоне Актау, ввести его в эксплуатацию намерены уже в 2023 году.

В здании будущего дворца предусмотрен спортивный комплекс, площадка для шествий и торжественных линеек, развлекательные и спортивно-технические зоны. Во дворце, как рассказал спикер, запланированы кордодромы для испытаний моделей и площадка для запуска ракет.

-Помимо этого, учли и помещения для проведения мастер-классов по рисованию, фото-и видео. Здесь же школьники смогут заниматься хореографией, у них будет еще музыкальный класс, выставочный зал, студии звукозаписи и террасы для отдыха, буфет и библиотека, - делится менеджер отдела социальных и инфраструктурных проектов NCOC.

О масштабах проекта говорит и строительство актового зала на 700 мест, который сможет принять более тысячи детей в день.

-Мы хотим, чтобы дворец школьников стал настоящим центром всеобщего развития подрастающего поколения нашего региона. Здесь будут развивать свои таланты дети из всей области, и мы надеемся, что воспитанники дворца будут достойно представлять наш регион на международных культурных, научных и спортивных мероприятиях, - говорит Руслан Аубекеров.

С 1998 по 2022 годы при поддержке компании NCOC в Мангистау реализовано 113 проектов. Среди них школы, больницы, детские сады, центры физической культуры и оздоровления, дорожное строительство. На эти цели затрачено 425 млн долларов США.

Для Мангистау значимы абсолютно все эти проекты. К ним можно еще отнести онкологический диспансер на 100 мест в Актау, который построен в 2021 году. Теперь рак у больных можно выявить на ранних  стадиях. Это позволяет современное оборудование, которым оснащен новый онкоцентр.

Благодаря компании в городе появились также центры культуры и бокса, они расположены в 19Аи 17 районах соответственно.

В целом, за 23 года Мангистауской области компанией выделено 11,6 млн долларов США. Как рассказал руководитель актауского городского офиса компании NCOC Арман Жанахмет, начиная с 2009 года ежегодно на спонсорские и благотворительные проекты выделяется 750,000 млн долл. США. Все спонсорские средства поровну делятся между Атырауской и Мангистауской областями.







27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...

27 наурыз 2018

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы №4 гимназия мектебінде өткізілді. Байқауға 14 үміткер қатысып, 4 айналым болды.  

26 наурыз 2018

Кабинеттер байқауы

Ақтау қалалық  білім бөлімінің  26.03.2018 жылғы «Үздік  физика пәні  кабинеті» байқауын өткізу туралы  №302  бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Үздік  физика пәні кабинеті» байқауына наурыз айының 28-29-ы күндері №11,...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестиваліне қатысушылар

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді.  

20 наурыз 2018

«Ағылшын тілінде презентация»

«Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып  оқушылары  арасынан «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, көп...

19 наурыз 2018

ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен кездесу

Ақтау қаласы мектептерінің жауапты мамандарымен ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен бірге қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы өткен жиналыс сәтінен. 

19 наурыз 2018

"Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысы

№10 орта мектеп базасында қалалық "Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысынан... Облыстық кезеңнен толағай табыс тілейміз!  

19 наурыз 2018

Фотогалерея

...

13 наурыз 2018

"Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі

№28 орта мектебінде оқушылар арасында республикалық "Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі өткізілді. 

2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. 

27 ақпан 2018

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы

Ақтау қаласы," №23 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мұғалімдер арасында қалалық «Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы өткізілді. 

23 ақпан 2018

Гуманитарлық пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада

21 ақпан  күні  Ибаш Жанболатова атындағы №15 орта мектепте 5-6 сынып  оқушылары  арасында олимпиаданың ашылу салтанатты өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен 185 оқушы қатысады. 

21 ақпан 2018

«Информан-2018» турнирі

Қалалық «Информан-2018» турнирі 21ақпан күні күні сағат 14:00-де КММ «№14 жалпы білім беру орта мектебі» базасында өткізілді. 

19 ақпан 2018

Құм терапиясы

  ...

19 ақпан 2018

"Жауқазын" балалар шығармашылық өнер фестивалі

  ...

16 ақпан 2018

"Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы"

Ақтау қаласы №7 мектеп лицейінде 16 ақпан күні "Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы" тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларына арналған семинар өтті. 

13 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы

Қалалық «Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы 2018 жылдың 13 ақпан күні сағат 09:30-да «С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. 

11 ақпан 2018

«Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі

09-11.02.2018 жылы Ақтау қаласында №9 және №14 орта мектептерде баскетбол бойынша 9-11 сынып ұлдар арасында қалалық «Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі өтті. 21 команда, 221 ойыншы қатысты. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз. Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін...

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік...

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз хабарламасы. Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда 2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік...

29 желтоқсан 2017

"Жыл адамы - 2016" байқауы

"Жыл адамы - 2016" байқауының жеңімпаздары №13 гимназия мұғалімі Турбекова Майра, №4 балабақша тәрбиешісі Арынбасарова Зухра.  ...

23 желтоқсан 2017

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы

Қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан күні №10 орта мектеп ғимаратында қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы өткізілуде, байқау ертең...

17 қазан 2017

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара!

2017 жылдың 5 қазан күні мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының кіші залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Сакеев, қалалық білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының басшылары,...

Соңғы хабарлар

4849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері