Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Алтын сақа» олимпиадасы

     Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласындағы №8 И.Сүйеубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында «Зерделі» ақыл-ой орталығы және облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 3-4 және 5-6 сыныптар үшін «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті.

    Олимпиадаға аудандар мен қалалардан 120 оқушы қатысты. Оның 9-ы 5-6 сынып оқушылары, қалғаны 3-4 сынып оқушылары болды. Екі кезеңнен тұратын олимпиадада жеке және командалық есеп бойынша жүлделі орындар белгіленіп, оқушылар дипломдармен марапатталды.

    Олимпиада қорытындысы бойынша, Ақтау қаласы командалық кезеңнен «БАС ЖҮЛДЕНІ» өзге орындардан едәуір алшақтықпен жеңіп алды. Сәйкесінше, жеке есептен жоғары көрсеткіштер көрсетіп, қатысқан 21 оқушымыздың 20- сы жүлделі орындарға ие болды.

орын иегерлері:

№11 лицейінің 3 сынып оқушысы Әзберген Қажымұқан (сынып жетекшісі Шохарбаева Г.А);

  С.Мұқашев атындағы № 16 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Камал Абдульазиз (сынып жетекшісі Кулушева Б .Ш.);

Мамандандырылған ІТ лицейінің 4 сынып оқушысы Арзанбай Абзал ( сынып жетекшісі Чапканова Н. И.);

№13 гимназияның 4 сынып оқушысы Көнебай Әмір (сынып жетекшісі Жубанова Б.Р);

С.Мұқашев атындағы № 16 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Нұрбай Алихан (сынып жетекшісі Жалгасбаева А);

№13 гимназияның 4 сынып оқушысы Нұрлыбаев Мерей (сынып жетекшісі Жұмабаева Ф.К.)

орын иегерлері:

№ 11 лицейінің 3 сынып оқушысы Болат Марат (сынып жетекшісі Шохарбаева Г.А);

№12 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Дәлубай Хасан (сынып жетекшісі Сабырбаева Ш.У.)

№28 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Кенен Жақсым (сынып жетекшісі Бегеева А.С.)

№13 гимназияның 4 сынып оқушысы Мұқаналы Айтқазы (сынып жетекшісі Абжетова Г. А.)

№1 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Ермеков Айдархан (сынып жетекшісі Гуро Н.В.);

№12 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Моисеев Богдан Александрович (сынып жетекшісі Кирилюк Н. Ф.);

Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Сараухан Әбубәкір Хуваншұлы (сынып жетекшісі Турмаганбетова Н.);

№6 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Шихов Ярослав (сынып жетекшісі Кенжеева Г.Д.);

№1 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Турсымуратов Жеңісбек (сынып жетекшісі Старкова С.В.).

орын иегерлері:

«Алаш» лицейінің 3 сынып оқушысы Бекбулатов Адис(сынып жетекшісі Елеусинова Ж.Е.) ;

«Жайсаң бала» бастауыш мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Оңғар Шапағат (Елусинова Ж.);

№ 11 лицейінің 4 сынып оқушысы Баймағамбет Таңат (сынып жетекшісі Қаракулова Р.О);

Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Нурлан Дильназ Рауанкызы (сынып жетекшісі Морханова У.О.).

Сонымен қатар, № 11 лицейінің 4 сынып оқушысы Самат Әлихан (сынып жетекшісі Жумакалиева Д.) жетістік грамотасымен марапатталды.

Облыстық додаға шығу оңай еңбек емес, бұл - ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз дайындығының нәтижесі. Бұл оқушылардың барлығы қалалық «Алтын сақа» олимпиадасынан 1 орынды жеңіп алған жеңімпаз оқушылар.

Облыстық кезеңде де өз білімдерін көрсете білді. Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін құттықтай отырып,алда талай сайыстарда биіктен көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.

Олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ақтау қалалық білім бөлімінің және оқу-әдістемелік орталығы ұжымының атынан «Зерделі ақыл-ой орталығы мен «Дарын» қосымша білім беру орталығына алғысымызды білдіреміз. 





25 мамыр 2018

25 мамыр - соңғы қоңырау

Бүгін мектеп оқушылары үшін ерекше күн. Себебі, білім ордаларында соңғы қоңырау соғылды.  

23 мамыр 2018

Саламат Мұқашевтың 90 жылдығы

23 мамыр күні Ақтау қаласының С.Мұқашев  атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебінің базасында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғары кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі VII-XI шақырылымының депутаты болған Саламат Мұқашевтың 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.  

16 мамыр 2018

15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай өткізілген жалпыұлттық ата-аналар жиналысы туралы

15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай өткізілген жалпыұлттық ата-аналар жиналысы туралы   № Барлық мектептер саны Ата-аналар жиналысы өткізілген мектептер саны Өткізу пайызы % Білім алушылар саны Жиналысқа қатысқан ата-аналар...

14 мамыр 2018

TIMSS-2019, ICILS-2018, PISA-2018 халықаралық зерттеуі

Ағымдағы жылдың сәуір айының 02 мен 06 аралығында қалалық білім бөліміне қарасты PISA-2018 халықаралық зерттеуіне (Білім алушылардың оқу жетістіктерін халықаралық бағалау) қатысуға іріктелген КММ «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі», КММ «№2 жалпы білім беру орта мектебі», КММ «Мамандандырылған экономикалық лицей», КММ «№10 жалпы білім беру орта мектебі» - де PISA-2018 халықаралық зерттеуі өтті. Зерттеуге білім ошақтарының 2002 жылғы туған білім алушылардың ішінен іріктелген 167 оқушының 162-і қатысып, өз білімдерін сынады. 

11 мамыр 2018

"Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні

№8 орта мектепте "Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні 05.05.2018 ж. күні өткізілді.  

11 мамыр 2018

"Ел тірегі - жас ұрпақ" әскери-патриоттық сайысы

04.05.2018 ж. күні  №14 орта мектепте "Ел тірегі - жас ұрпақ" әскери-патриоттық сайысы өткізілді. Сайысқа 14 мектеп қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.  

27 сәуір 2018

«Жас маманға көмек – заман талабы»

2018 жылдың сәуір айының 27-і күні «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас педагог-психологтарға арналған «Жас маманға көмек – заман талабы» атты қалалық семинар болып өтті. 

23 сәуір 2018

"Ерліктерің ұрпақ есінде" тақырыбында патриоттық байқау

№28 орта мектепте 9 мамыр - Жеңіс күніне орай оқушылар арасында отансүйгіштік, Отанын қорғауға деген құштарлығын ояту, патриоттық сезімдеірн қалыптастыру мақсатында "Ерліктерің ұрпақ есінде" тақырыбында патриоттық байқау өткізілді.  

23 сәуір 2018

"Бір шаңырақ астында" қалалық фестивалі

"Ақтау қалалық жастар орталығы" мәдени-демалыс кешенінде "Бір шаңырақ астында" қалалық фестивалі өткізілді. 

21 сәуір 2018

"Түлектер аллеясы" акциясы

Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні жалпы білім беру орта мектептерінде жаппай "Түлектер аллеясы" акциясы өткізілді. 

17 сәуір 2018

«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері  «Отан қорғаушы - 2018»  қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  

13 сәуір 2018

«Әке көрген оқ жонар» атты әкелермен кездесу кеші

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және мектеп-оқушы-ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, Ақтау қаласының 55 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойлары қарсаңында №13 гимназиясы қалалық «Әке көрген оқ жонар» атты әкелермен кездесу кешін ұйымдастырды.  

12 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы»

Қалалық білім бөлімінің 5 сəуірдегі N264-ші бұйрығы негізінде 12 сəуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы» тақырыбында N3 жалпы білім беру орта мектебінде деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен əдістемелік семинар болып өтті. 

12 сәуір 2018

«Үздік әлеуметтік педагог»

Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциялын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген ұстаздарды анықтау. 

9 сәуір 2018

"Мен армандаған Ақтау" қолөнер және бейнероликтер байқауы

"Мен армандаған Ақтау" қолөнер және бейнероликтер байқауы №2 орта мектепте өткізілді. Байқау қаламыздың 55 жылдығына орай ұйымдастырылды, оқушылар өздерінің ойларын, идеяларымен бөлісті.  

4 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы»

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының іс-жоспарына сəйкес, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен іс-тəжірибе алмасу жəне озық іс-тəжірибелерді насихаттау мақсатында 12 сəуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы» тақырыбында N3 мектепте, 25 сəуір күні «Жаңартылған оқу мазмұнын жүзеге асырудағы ізденістер» тақырыбында мамандандырылған экономикалық лицей мен 24 жббом базасында өткізіледі. 

2 сәуір 2018

"Жол қауіпсіздігінің жас сақшылары - 2018" слеті

"Жол қауіпсіздігінің жас сақшылары - 2018" слеті Исатай Сүйеубаев атындағы №8 орта мектепте өткізілді. Слетка №1, 8, 9, 14, 16, 17, 20, 21, 23 мектептерінен 9 команда қатысты. 

30 наурыз 2018

«Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы»

Қалалық білім бөлімі, білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін орта мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының қабілетін, білім деңгейін, ой-өрісін, дүниетаным түсініктерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 11 сәуір күні сағат 09.00-де «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы» (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, русский  язык, литература, познание мира пәндері бойынша) өткізіледі. 

30 наурыз 2018

«Маңғыстау-Серікбол көзімен» атты зияткерлік сайысы

Ағымдағы жылдың сәуір айының 02 күні қалалық білім бөлімі және білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен белгілі өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым С.Ә.Қондыбайдың мұраларын зерттеу және насихаттау мақсатында «№16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  С.Қондыбай оқулары бойынша «Маңғыстау-Серікбол көзімен» атты зияткерлік сайысы өтеді.  

30 наурыз 2018

"Жас мамандарға үлгілік сабақтар" тақырыбында оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің жас мамандарына арналған семинар

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сай, Ақтау қалалық білім бөлімінің 29.03.2018ж. күнгі №327 бұйрығына сәйкес, "Жас мамандарға үлгілік сабақтар" тақырыбында оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің жас мамандарына арналған тәжірибе алмасу бағытында ағымдағы жылдың наурыз айының 30-ы күні №1 орта мектебінде семинар өткізілді. 

29 наурыз 2018

Қалалық кеңес

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың 29 наурыз күні «№13гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қалалық кеңес өткізілді.  

29 наурыз 2018

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығыныі ұйымдастыруы мен өткен  Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өз нәтижесін тапты. 27-28 наурыз күндері №16 орта мектеп базасында өткен олимпиада...

28 наурыз 2018

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауы

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының - елордасы  Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың...

28 наурыз 2018

«Ұлы дала рухының жаршысы»

Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде «Ұлы дала рухының жаршысы » тақырыбында С.Қондыбайға 50 жыл толуына орай С.Қондыбай атындағы №22 орта мектептің ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік кешті  қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылары тамашалады.   

Соңғы хабарлар

474849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері