Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Былғары доп (ұлдар)

    2023 жылдың 6-8 наурыз күндері аралығында №21 жалпы білім беретін мектептің базасында. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары (ұлдар) арасында мектеп лигасы бойынша қалалық футболдан «Былғары доп» жарысы болып өтті.
      Жарысқа қаламыздың мектептерінен 5-6 сынып ойыншылары арасында 18 команда, 270 ойыншы ойыншы қатысты.Тартысты өткен жарыста жеңімпаз командалар анықталды.

5-6 сынып оқушылары (ұлдар) арасында:

І  орын -  №14 жалпы білім беретін мектептің  командасы.

ІІ орын - №13 гимназиясының командасы.

ІІІ орын - №21 жалпы білім беретін мектептің командасы.

       Жүлдегер командалар Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан дипломдармен,грамоталармен және медальдармен марапатталды. 





10 қараша 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі

    Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 20 жұмыс қатысып үш жұмыс І орын, үш жұмыс ІІ орын,...

10 қараша 2018

Мектепішілік жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы

 Бүгін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты барлық жалпы білім беру ұйымдарында мектепішілік жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы болып өтті. Мектепішілік олимпиада жеңімпаздарының жұмыстары іріктеліп қалалық кезеңге жолданатын болады. Талантты, дарынды, білімді...

10 қараша 2018

«Жас геолог» байқауы

    Ақтау қалалық білім бөлімінің 29.10.2018 ж. №772 бұйрығының негізінде  8 қараша күні «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында оқушылардың қалалық «Жас геолог» байқауы өткізілді. Байқауға №№2, 3, 10, 12, 13, 20, 21, 28 жалпы білім беру орта...

5 қараша 2018

"Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауы

       Ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткізілген облыстық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар қатарынан...

1 қараша 2018

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыс алып отырған жекеменшік балабақшаның басшыларымен жиналыс өткізілді

     Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінде Маңғыстау облысы әкімі Е.Л.Тоғжановтың тапсырмасымен жергілікті бюджеттік түсім көздеріне талдау жұмыстарын жүргізу барысында салық декларацияларында көрсетілген жұмысшылар саны мен нақты жұмысшылар санында айырмашылықтар...

31 қазан 2018

Ұлттық тестілеу тапсыру үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу

     Ағымдағы жылдың 26 қазаны күні №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында 2018-2019 оқу жылында біліктілік санаттарын аттестаттауға өтініш берген педагогтер үшін аттестаттаудың бірінші кезеңі Ұлттық тестілеу тапсыруы үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді....

31 қазан 2018

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

      Ағымдағы жылдың 12 қазаны күні Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жөніндегі білім беру ұйымдары басшылары мәжілісі болып өтті.      Мәжіліс барысында білім беру...

24 қазан 2018

«Алтын диск» байқауы

    Ағымдағы жылдың 22-23 қазаны күндері информатика пәні мұғалімдерінің қалалық «Алтын диск» байқауы өткізілді. Жеңімпаз атанған  төмендегі жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: № Педагогтің аты - жөні Орны ...

18 қазан 2018

«Үздік педагог» байқауы

«Үздік педагог» байқауы   Ұстаздар мерекесі қарсаңында Астана қаласында "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталған шараға байқаудың қалалық, облыстық кезеңінен жеңімпаз атанған Ақтау қаласының №8 жалпы білім беру орта мектебінің...

13 қазан 2018

2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ 

13 қазан 2018

IT СЫНЫПТАР АШУ

 Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №№5, 6, 20, 21, 22 орта мектептер, IT лицей, №13 гимназия, 11 мамандандырылған физика- математика мектебі базасында  IT сыныптары ашылды. 

12 қазан 2018

Тарих және құқық пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

      Ағымдағы жылдың 10-11 қазаны күндері қалалық тарих және құқық пәні мұғалімдері олимпиадасы өткізілді. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып  қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды:       І орын - №13 гимназиясының тарих пәні мұғалімі...

26 қыркүйек 2018

Өңірлік Президент олимпиадасы

Қалалық білім  бөлімінің  12.09.2018 жылғы №648 бұйрығына сәйкес,  2018 жылдың 20 қыркүйегінде физика,  математика,  химия  және  биология пәндері  бойынша  11- сынып  оқушылары  арасында өңірлік Президент  олимпиадасы  өткізілді. Олимпиадаға 26 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлдегер...

21 қыркүйек 2018

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

   Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде өткізілген 7-9 сынып оқушыларының арасындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары № Оқушының аты-жөні сыныбы мектебі орын 1 ...

21 қыркүйек 2018

«Жас бағдарламашы» бағдарлама жазушылар байқауы

      Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде қалалық «Жас бағдарламашы» бағдарлама жазушылар байқауы өткізілді. Төмендегі жеңімпаз оқушылар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: № Оқушының аты - жөні Орны Сыны бы Мектебі ...

14 қыркүйек 2018

«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы

     Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде қалалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы өткізілді. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің грамотасымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. № Педагогтің...

28 тамыз 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы Ақтау қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы Ақтау қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы болып өтті.  Кеңеске барлығы 300 адам қатысты.  Оның ішінде 39 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша басшылары, 26...

23 тамыз 2018

«Мектептерге арналған «EDUS» электрондық оқу жүйесін басқару» атты практикалық білім сатысы оқуы өтті

«Электронды мектеп» жобаларын енгізуге байланысты «Mediana Services Limited»  ЖШС мекемесінің ұйымдастыруымен жауапты жүйе әкімшілеріне арналған 23 тамыз күні білім сатысы оқуы өтті.  Білім сатысы оқуына Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты 26 мектеп  қатысты.     ...

22 тамыз 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» асында тәрбие бағытындағы секциялық отырысы

2018 жылғы 20 тамыз күні Ақтау қаласы, 6 шағын аудан, «Жастар» мәдени-демалыс орталығында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал»  Тамыз кеңесі аясында «Ұлттық тәрбие моделі: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тәрбие...

22 тамыз 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесінің сексиялық отырысы өтуде

«Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесінің сексиялық отырысы өтуде  

16 шілде 2018

ҰБТ - 2018

      

4 шілде 2018

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ІТ-білім – болашаққа қадам» ашық есік салтанаты өтті

2018 жылғы 28 маусымда Ақтау қаласы «Оқушы»  орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ІТ-білім – болашаққа қадам» ашық есік салтанаты өтті. «ІТ-білім – болашаққа қадам» ашық есік салтанатына Тумышев Нури Лазарұлы – «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Закенов Сембіғали Төрешұлы – Ақтау қалалық мәслихат хатшысы, Көшербай Ықылас Еділұлы – Ақтау қалалық мәслихат депутаты,  Жаңбыров Ерімбет Әділұлы – «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалы жанынан құрылған ардагерлер кеңесі жетекшісі, Сахипов Қалиолла Аяшұлы – «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, Қойжанов Нұрлыбек Көбейсінұлы - Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы,  Тулебаева Светлана Дюмбаевна - Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы қатысты. Елбасының биылғы жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. IT-технологиялар кабинеті тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады. Кабинет 3 д принтер, 3 д қалам, мультимедиялық тақта, жеке модельдерді құрастыруға арналған құрылғылар, робототехника жиынтықтарымен жабдықталған. Жаңа технологиямен жабдықталған кабинет жасөспірімдердің цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология бағытында ғылыми-зерттеумен айналысуларына жол ашпақ. 

20 маусым 2018

"Жас түлек - 2018"

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсіну керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», - деп атап көрсеткен болатын өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Биылғы мектеп бітіруші түлектер саны 1436 оқушы. Оның ішінде 47 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 50 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.  Түлектерді арнайы облыс әкімі Е.Л.Тоғжанов марапаттады. Жолдарыңыз болсын, Жас түлектер! Ақ жол, Сәт сапар тілейміз!  

25 мамыр 2018

Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Сондықтан сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Соңғы хабарлар

46474849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері