0
МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ
1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 шағынаудан ғимарат 2/1 телефон: 8 (7292)50-74-42.
2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 1 шағынаудан, ғимарат 36, телефон: 8(7292)50-71-79.
3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін.
Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Шығыс 1, ғимарат 300.
Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 б ш/а, 52 ғимарат.
Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.
Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.
Функционалдық міндеттері:
✓Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
✓Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
✓Педагогикалық кеңесті басқарады.
✓Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.
✓Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.
✓Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
✓Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.
✓Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
✓Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
✓Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
✓Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
✓Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.
✓Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
✓Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
✓Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
✓Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
✓Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.
Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
✓Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
✓Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.
✓Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
✓Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
✓Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
✓Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:
1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 104, телефон: 8 (7292) 571216,.
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
18 қаңтар 2020
Мектеп нұсқаушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кездесуі
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ақтау қалалық білімді дамыту орталығы базасында қалалық білім бөлімінің басшысы С.Б.Тулебаева, Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Б.Б.Досов, бас маманы Р.Шамшадинова, теннис бойынша БЖСМ директорының м.а. А.Ерлик,17 қаңтар 2020
Мектеп басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс
Бүгін, ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша білім беру ұйымдары басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс өткізілді.16 қаңтар 2020
Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс өткізілді. Отырысқа Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г.Алдашева, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.Өмірзақ,14 қаңтар 2020
Абай әндері мен халық әндерінің үндесуі
Бүгін, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлеміне саяхат» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Абай әндері мен халық әндерінің үндесуімен мектепішілік байқау болып өтті.9 қаңтар 2020
Жастар жетістіктері
Бүгін, "Жастар жетістіктері" қоғамдық қорының "Болашаққа бағдар" кәсіптік бағдар беру бағдарламасын ендіру жобасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Ең үздік мұғалім", "Ең үздік мектеп" байқаулары және 5-10 сынып6 қаңтар 2020
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Бүгін, екі күнге созылған 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада оқушылар пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, зертханалық жұмыстар жасады.27 желтоқсан 2019
Маңғыстаунама - 2019
Ақтау қаласының білім бөлімінің «Маңғыстаунама - 2019» танымдық байқауын өткізу туралы №318 бұйрығын негізге ала отырып, №28 жалпы білім беру орта мектебінде аталған шара ағымдағы жылдың 19 желтоқсаны күні өткізілген болатын.26 желтоқсан 2019
USTAZ Professional Learning Centre
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны күні №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында жаратылыстану - математика бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндерін үштілді оқытатын мұғалімдерге арналған Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының "USTAZ Professional Learning Centre"23 желтоқсан 2019
Мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 ж. «Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы20 желтоқсан 2019
Жастар сыйлығы - 2019
Бүгін “Жастар сыйлығы - 2019” жастар премиясын табыстау рәсімі болып өтті. Жастар арасындағы кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін көрсете алған білімді, өнерлі, бәсекеге19 желтоқсан 2019
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың білім саласы қызметкерлерімен кездесуі
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Ш.Каринова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ. Жұмашевтың қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы 29 жалпы білім беру орта мектебі базасында білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті16 желтоқсан 2019
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!Сіздерді Ақтау қалалық білім бөлімі атынан Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.11 желтоқсан 2019
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді.7 желтоқсан 2019
Жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
Ақтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.5 желтоқсан 2019
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды.29 қараша 2019
Балалар үшін тегін IT сынып
Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды.21 қараша 2019
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі
Бүгін, жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды. Олимпиадаға қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.18 қараша 2019
«Абай әндерінен хор дайындау» сайысы
Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай атамыз қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Ол қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Осындай ұлы...15 қараша 2019
Балалар үшін тегін IT сынып
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №27 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды.8 қараша 2019
Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі
Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау8 қараша 2019
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы базасында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, оқушылар арасында өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, олардың ізденушілік,4 қараша 2019
Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысушыларға түсіндірме жұмыстары
2019-2020 оқу жылында біліктілік санаттарын аттестаттауға өтініш берген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі - Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру ағымдағы жылғы қараша айында өткізу жоспарланған.1 қараша 2019
"Алтын диск" олимпиадасы
Облыстық "Алтын диск" информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында қалалық кезең жеңімпазы 11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің информатика пәні мұғалімі Батқамбаева Ізбибі Далабайқызы қала абыройын қорғады.25 қазан 2019