Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Алтын сақа» олимпиадасы

     Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласындағы №8 И.Сүйеубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында «Зерделі» ақыл-ой орталығы және облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 3-4 және 5-6 сыныптар үшін «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті.

    Олимпиадаға аудандар мен қалалардан 120 оқушы қатысты. Оның 9-ы 5-6 сынып оқушылары, қалғаны 3-4 сынып оқушылары болды. Екі кезеңнен тұратын олимпиадада жеке және командалық есеп бойынша жүлделі орындар белгіленіп, оқушылар дипломдармен марапатталды.

    Олимпиада қорытындысы бойынша, Ақтау қаласы командалық кезеңнен «БАС ЖҮЛДЕНІ» өзге орындардан едәуір алшақтықпен жеңіп алды. Сәйкесінше, жеке есептен жоғары көрсеткіштер көрсетіп, қатысқан 21 оқушымыздың 20- сы жүлделі орындарға ие болды.

орын иегерлері:

№11 лицейінің 3 сынып оқушысы Әзберген Қажымұқан (сынып жетекшісі Шохарбаева Г.А);

  С.Мұқашев атындағы № 16 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Камал Абдульазиз (сынып жетекшісі Кулушева Б .Ш.);

Мамандандырылған ІТ лицейінің 4 сынып оқушысы Арзанбай Абзал ( сынып жетекшісі Чапканова Н. И.);

№13 гимназияның 4 сынып оқушысы Көнебай Әмір (сынып жетекшісі Жубанова Б.Р);

С.Мұқашев атындағы № 16 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Нұрбай Алихан (сынып жетекшісі Жалгасбаева А);

№13 гимназияның 4 сынып оқушысы Нұрлыбаев Мерей (сынып жетекшісі Жұмабаева Ф.К.)

орын иегерлері:

№ 11 лицейінің 3 сынып оқушысы Болат Марат (сынып жетекшісі Шохарбаева Г.А);

№12 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Дәлубай Хасан (сынып жетекшісі Сабырбаева Ш.У.)

№28 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Кенен Жақсым (сынып жетекшісі Бегеева А.С.)

№13 гимназияның 4 сынып оқушысы Мұқаналы Айтқазы (сынып жетекшісі Абжетова Г. А.)

№1 жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы Ермеков Айдархан (сынып жетекшісі Гуро Н.В.);

№12 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Моисеев Богдан Александрович (сынып жетекшісі Кирилюк Н. Ф.);

Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Сараухан Әбубәкір Хуваншұлы (сынып жетекшісі Турмаганбетова Н.);

№6 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Шихов Ярослав (сынып жетекшісі Кенжеева Г.Д.);

№1 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Турсымуратов Жеңісбек (сынып жетекшісі Старкова С.В.).

орын иегерлері:

«Алаш» лицейінің 3 сынып оқушысы Бекбулатов Адис(сынып жетекшісі Елеусинова Ж.Е.) ;

«Жайсаң бала» бастауыш мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Оңғар Шапағат (Елусинова Ж.);

№ 11 лицейінің 4 сынып оқушысы Баймағамбет Таңат (сынып жетекшісі Қаракулова Р.О);

Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Нурлан Дильназ Рауанкызы (сынып жетекшісі Морханова У.О.).

Сонымен қатар, № 11 лицейінің 4 сынып оқушысы Самат Әлихан (сынып жетекшісі Жумакалиева Д.) жетістік грамотасымен марапатталды.

Облыстық додаға шығу оңай еңбек емес, бұл - ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз дайындығының нәтижесі. Бұл оқушылардың барлығы қалалық «Алтын сақа» олимпиадасынан 1 орынды жеңіп алған жеңімпаз оқушылар.

Облыстық кезеңде де өз білімдерін көрсете білді. Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін құттықтай отырып,алда талай сайыстарда биіктен көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.

Олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ақтау қалалық білім бөлімінің және оқу-әдістемелік орталығы ұжымының атынан «Зерделі ақыл-ой орталығы мен «Дарын» қосымша білім беру орталығына алғысымызды білдіреміз. 





18 қаңтар 2020

Мектеп нұсқаушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кездесуі

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ақтау қалалық білімді дамыту орталығы базасында қалалық білім бөлімінің басшысы С.Б.Тулебаева, Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Б.Б.Досов, бас маманы Р.Шамшадинова, теннис бойынша БЖСМ директорының м.а. А.Ерлик,  

17 қаңтар 2020

Мектеп басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс

Бүгін, ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша білім беру ұйымдары басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс өткізілді. 

16 қаңтар 2020

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс өткізілді. Отырысқа Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г.Алдашева, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.Өмірзақ,  

14 қаңтар 2020

Абай әндері мен халық әндерінің үндесуі

Бүгін, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлеміне саяхат» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Абай әндері мен халық әндерінің үндесуімен мектепішілік байқау болып өтті.  

9 қаңтар 2020

Жастар жетістіктері

Бүгін, "Жастар жетістіктері" қоғамдық қорының "Болашаққа бағдар" кәсіптік бағдар беру бағдарламасын ендіру жобасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Ең үздік мұғалім", "Ең үздік мектеп" байқаулары және 5-10 сынып 

6 қаңтар 2020

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бүгін, екі күнге созылған 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада оқушылар пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, зертханалық жұмыстар жасады. 

27 желтоқсан 2019

Маңғыстаунама - 2019

Ақтау қаласының білім бөлімінің «Маңғыстаунама - 2019» танымдық байқауын өткізу туралы №318 бұйрығын негізге ала отырып, №28 жалпы білім беру орта мектебінде аталған шара ағымдағы жылдың 19 желтоқсаны күні өткізілген болатын. 

26 желтоқсан 2019

USTAZ Professional Learning Centre

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны күні №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында жаратылыстану - математика бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндерін үштілді оқытатын мұғалімдерге арналған Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының "USTAZ Professional Learning Centre" 

23 желтоқсан 2019

Мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 ж. «Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы  

20 желтоқсан 2019

Жастар сыйлығы - 2019

Бүгін “Жастар сыйлығы - 2019” жастар премиясын табыстау рәсімі болып өтті. Жастар арасындағы кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін көрсете алған білімді, өнерлі, бәсекеге  

19 желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың білім саласы қызметкерлерімен кездесуі

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Ш.Каринова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ. Жұмашевтың қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы 29 жалпы білім беру орта мектебі базасында білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті 

16 желтоқсан 2019

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!Сіздерді Ақтау қалалық білім бөлімі атынан Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.  

11 желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді.  

7 желтоқсан 2019

Жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.  

5 желтоқсан 2019

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды.  

29 қараша 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

21 қараша 2019

Жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі

Бүгін, жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды. Олимпиадаға қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.  

18 қараша 2019

«Абай әндерінен хор дайындау» сайысы

Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай атамыз қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Ол қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Осындай ұлы...

15 қараша 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №27 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

8 қараша 2019

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі

Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау 

8 қараша 2019

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы базасында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, оқушылар арасында өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, олардың ізденушілік,  

4 қараша 2019

Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысушыларға түсіндірме жұмыстары

2019-2020 оқу жылында біліктілік санаттарын аттестаттауға өтініш берген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі - Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру ағымдағы жылғы қараша айында өткізу жоспарланған.  

1 қараша 2019

"Алтын диск" олимпиадасы

Облыстық "Алтын диск" информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында қалалық кезең жеңімпазы 11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің информатика пәні мұғалімі Батқамбаева Ізбибі Далабайқызы қала абыройын қорғады. 

25 қазан 2019

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Ақтау қалалық білім бөлімінің 08.10.2019ж №237 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 17-18 қазаны күндері «№23 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді. 

Соңғы хабарлар

40414243444546 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері