Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 «Aқбота» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

      Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері семинарға уақытында келіп, тіркеуден өтті.

      Семинарды бөбекжай директоры Бақтыгереева Перуза Асенқызы ашып, педагогтерге сәттілік тіледі. Бөбекжай әдіскері Жапалақова Асылгүл семинар бағдарламасымен таныстырып өтті.

      «Асық алтын қазынам » ұйымдастырылған кешенді іс-әрекет (Ересек тобы) Исмағұл Раушан Дулатқызы,Досанова Гүлнұр (әже).

      Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету. Сонымен қатар, санай отырып түстерін ажыратуға, ретімен орналастыруға үйрету.

      «Түстер әлеміне саяхат» ұйымдастырылған кешенді іс-әрекетті кіші топ тәрбиешісі Саулебекова Лариса өткізді.

     Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, көк, жасыл. Сары түспен таныстыру. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой - түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

     «Қарым-қатынасты жақсартайық!» тренинг (педагогтермен) Азанов Кенжебек Жумашевич.

     «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» ұйымдастырылған іс-әрекет (Ересек топ) тәрбиешісі Сәду Шолпан, Халмурзаева Зульфия(жол сақшысы)

     Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.

     «Құрғақ жүннен ши құрақ жасап үйренейік» ұйымдастырылған кешенді іс-әрекет Кесикбаева Амангуль.

     «Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар » ұйымдастырылған кешенді іс-әрекет (МАД тобы) бөбекжай тәрбиешісі Джолмурзаева Гулсара Душамовна.

     Концерттік бағдарлама: Халық күйі «Келіншек» орындайтын ересек топ балалары. «Аспаптар» әні әуенді мектепалды даярлық тобы ұсынды. Жетекшісі: Тлеубергенова Жанар Отаровна, балалар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы қауымдастықтың жауапты маманы № «56» бөбекжай әдіскері Кульжанова Бакитжамал Дакеновна «Өте жақсы» деген баға берді және семинарға келген педагогтер өз пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді. 





12 наурыз 2021

«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы

«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды тәрбиешілерді қолдау, білім мазмұнын жаңарту, жаңа өңдеулер әзірлеу және тәжірибе әрекетінде тиімді оқыту тәсілдерін қолдану бойынша...

12 наурыз 2021

«Әйел - отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы

     Болашақ ұрпаққа дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, үлгі тұтар әйел жандардың өмірінен мағлұматтар беру мақсатында қалалық  «Әйел -отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы өткізілді.     Байқау қорытындысы...

11 наурыз 2021

Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі

Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі – А.Аймағамбетов ⠀ Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың...

10 наурыз 2021

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ Қалалық білім бөлімінің іс - шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы фестивалі өткізілді. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің...

9 наурыз 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

  2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қаламыздан 44 оқушы қатысып, 35 оқушы жеңімпаз атанды. 11 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 17 оқушы ІІІ орын иеленіп, сәуір айында өтетін жалпы білім беретін...

9 наурыз 2021

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀ Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша...

5 наурыз 2021

Көңіл айту

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Мамандандырылған IT лицейінің ұстазы, әріптес Жаннят Қадіралиева Ұзақбайқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы  мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның...

3 наурыз 2021

19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Биыл Ақтауда 19 а шағын ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 4 қабатты ғимараттың құрылыс алаңы 3979,84 ш. м. құрайды. Учаске...

3 наурыз 2021

Сынағы мол жарқын өмір

     Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, халық шаруашылығы саласының қызметкері, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, соғыс ардагері Тұтқабай Әшімбаевтың өткен өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау мақсатында 7-сынып оқушылары...

3 наурыз 2021

Өрге сүйрер – жан еді

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-11 сынып оқушылары арасында «Өрге сүйрер – жан еді» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілуде.  ...

2 наурыз 2021

«Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу кеші

РАҚМЕТ АЙТАМ БАРШАҒА! Алғыс айту күні қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының бірлесуімен ардагер ұстаздарға кейінгі ұрпақтардың құрмет көрсетуі мақсатында «Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу...

1 наурыз 2021

«Тілші мұғалімдер-2021» олимпиадасы

   Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтап, көпшілікке таныту мақсатында 2021 жылдың 24-26 ақпан күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері...

1 наурыз 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

    Бүгін, 1-наурыз күні мемлекет және қоғам қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес №11 лицейінде Тұтқабай Әшімбайұлының бюстіне гүл шоқтары қойылып, қайта...

26 ақпан 2021

ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА

ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 7-8 сынып оқушылары арасында «Елім деп қызмет еткен ер тұлға" эссе жазу байқауы ...

26 ақпан 2021

ӨЛКЕНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСШЫСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-7 сынып оқушылары арасында «Өлкенің алғашқы басшысы» тақырыбында сурет байқауы өтуде. #Суретбайқауы #ТұтқабайӘшімбайұлы  ...

26 ақпан 2021

ТҮБЕКТІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары арасында Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа таныту мақсатында "Түбектің танымал тұлғасы"...

26 ақпан 2021

ЖАСТАРҒА СІЛТЕП ЖОЛДЫ АЙҚЫН, ХАЛҚЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН...

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...

24 ақпан 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...

24 ақпан 2021

Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт

"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуыменақпанында "Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт " қашықтан отырыс өткізілді. Отырыс аясында «Ақтау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Қанат...

23 ақпан 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп  жолды  айқын, халқының  қамын  ойлайтын...» тақырыбымен  халқымыздың  ардақты  азаматы, әйгілі ...

22 ақпан 2021

«Еліне еңбегі сіңген ер (Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар

...

22 ақпан 2021

9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсы

2021 жылдың 9-12 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсында №13 гимназиясының 10-сынып оқушылары Көшербаева Айдана, Жайлыбай Нұрәділ, С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Асқарқызы Мейрамгүл ІІ орын,...

22 ақпан 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бүгін, 22-ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Облыстық кезеңге олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанған 43 оқушы, олимпиадалық резервке енген халықаралық және республикалық олимпиаданың 1...

28 қаңтар 2021

ЖАҢҒЫРҒАН ЖАС МАМАН-2021

27-қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің оқу- әдістемелік орталығында «Жаңғырған жас маман-2021» қалалық сырттай байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды: Бас жүлде - №58 «Балауса» балабақшасының ...

Соңғы хабарлар

34353637383940 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері