Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚУҒА ҚҰШТАР ШӘКІРТ" СЕМИНАРЫ

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚУҒА ҚҰШТАР ШӘКІРТ" СЕМИНАРЫ

      Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кітап оқу арқылы жүзеге асыру, жас оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттау және мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру, оқырмандардың оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру мақсатында "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар шәкірт" тақырыбымен облыстық семинар өтті.

     Шараға Маңғыстау облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының мамандары, сонымен қатар қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, оқу-әдістемелік орталықтарының мамандары қатысты.

     Семинар тренинг 2 бөлімнен тұрды. Алғашқы кезеңде мектеп акт залында "READx" жобасы бойынша, "Отбасылық кітап оқудың маңызы" тақырыбында және "Әлеуметтік желіде кітапты насихаттау жолдары" тақырыбында мектеп мұғалімдері Әндіжан Әділет Мерекеұлы, Дүмбаев Мәулен Мақсотұлы, Каримова Ақмарал Байтышқызы, Каджанова Аида Мұратқызы өз жұмыстарын ортаға салды, арнайы қойылым қойылды, дебат ойыны өткізілді.

Келесі практикалық кезеңде мектеп кітапханасында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Шеберлік сыныпта бастауыш сынып мұғалімі Тулеушова Айнагүл Серікқызы «Оқушылардың кітап оқу дағдыларын дамытуға арналған әдістер» тақырыбында квест ойынын, орыс тілі пәні мұғалімі Муканова Нагима Жоламанқызы «Кроссенс әдісі арқылы көркем әдебиет шығармаларын насихаттау» тақырыбында активити – ойын жүргізсе, бастауыш сынып мұғалімі Ертлеуова Моншақ Мұхамедқызы «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің рөлі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. 





12 наурыз 2021

«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы

«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды тәрбиешілерді қолдау, білім мазмұнын жаңарту, жаңа өңдеулер әзірлеу және тәжірибе әрекетінде тиімді оқыту тәсілдерін қолдану бойынша...

12 наурыз 2021

«Әйел - отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы

     Болашақ ұрпаққа дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, үлгі тұтар әйел жандардың өмірінен мағлұматтар беру мақсатында қалалық  «Әйел -отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы өткізілді.     Байқау қорытындысы...

11 наурыз 2021

Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі

Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі – А.Аймағамбетов ⠀ Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың...

10 наурыз 2021

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ Қалалық білім бөлімінің іс - шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы фестивалі өткізілді. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің...

9 наурыз 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

  2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қаламыздан 44 оқушы қатысып, 35 оқушы жеңімпаз атанды. 11 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 17 оқушы ІІІ орын иеленіп, сәуір айында өтетін жалпы білім беретін...

9 наурыз 2021

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀ Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша...

5 наурыз 2021

Көңіл айту

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Мамандандырылған IT лицейінің ұстазы, әріптес Жаннят Қадіралиева Ұзақбайқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы  мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның...

3 наурыз 2021

19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Биыл Ақтауда 19 а шағын ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 4 қабатты ғимараттың құрылыс алаңы 3979,84 ш. м. құрайды. Учаске...

3 наурыз 2021

Сынағы мол жарқын өмір

     Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, халық шаруашылығы саласының қызметкері, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, соғыс ардагері Тұтқабай Әшімбаевтың өткен өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау мақсатында 7-сынып оқушылары...

3 наурыз 2021

Өрге сүйрер – жан еді

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-11 сынып оқушылары арасында «Өрге сүйрер – жан еді» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілуде.  ...

2 наурыз 2021

«Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу кеші

РАҚМЕТ АЙТАМ БАРШАҒА! Алғыс айту күні қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының бірлесуімен ардагер ұстаздарға кейінгі ұрпақтардың құрмет көрсетуі мақсатында «Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу...

1 наурыз 2021

«Тілші мұғалімдер-2021» олимпиадасы

   Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтап, көпшілікке таныту мақсатында 2021 жылдың 24-26 ақпан күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері...

1 наурыз 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

    Бүгін, 1-наурыз күні мемлекет және қоғам қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес №11 лицейінде Тұтқабай Әшімбайұлының бюстіне гүл шоқтары қойылып, қайта...

26 ақпан 2021

ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА

ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 7-8 сынып оқушылары арасында «Елім деп қызмет еткен ер тұлға" эссе жазу байқауы ...

26 ақпан 2021

ӨЛКЕНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСШЫСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-7 сынып оқушылары арасында «Өлкенің алғашқы басшысы» тақырыбында сурет байқауы өтуде. #Суретбайқауы #ТұтқабайӘшімбайұлы  ...

26 ақпан 2021

ТҮБЕКТІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары арасында Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа таныту мақсатында "Түбектің танымал тұлғасы"...

26 ақпан 2021

ЖАСТАРҒА СІЛТЕП ЖОЛДЫ АЙҚЫН, ХАЛҚЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН...

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...

24 ақпан 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...

24 ақпан 2021

Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт

"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуыменақпанында "Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт " қашықтан отырыс өткізілді. Отырыс аясында «Ақтау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Қанат...

23 ақпан 2021

ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ

«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп  жолды  айқын, халқының  қамын  ойлайтын...» тақырыбымен  халқымыздың  ардақты  азаматы, әйгілі ...

22 ақпан 2021

«Еліне еңбегі сіңген ер (Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар

...

22 ақпан 2021

9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсы

2021 жылдың 9-12 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсында №13 гимназиясының 10-сынып оқушылары Көшербаева Айдана, Жайлыбай Нұрәділ, С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Асқарқызы Мейрамгүл ІІ орын,...

22 ақпан 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бүгін, 22-ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Облыстық кезеңге олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанған 43 оқушы, олимпиадалық резервке енген халықаралық және республикалық олимпиаданың 1...

28 қаңтар 2021

ЖАҢҒЫРҒАН ЖАС МАМАН-2021

27-қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің оқу- әдістемелік орталығында «Жаңғырған жас маман-2021» қалалық сырттай байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды: Бас жүлде - №58 «Балауса» балабақшасының ...

Соңғы хабарлар

34353637383940 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері