Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





12 сәуір 2021

«ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - САПАЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының оқушылары «Жаңа инновациялық технологиялар-сапалы болашақ кепілі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ​ қатысып үздіктер қатарынан табылды.     «Үздік жоба» ұсынғаны үшін ​...

12 сәуір 2021

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес жаңаша білім мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне қысқа мазмұнды жоспар құру жөнінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары...

9 сәуір 2021

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысы

    Оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында өткізілген "Техникалық шығармашылық  және өнертапқыштар...

9 сәуір 2021

«Алау» әскери-спорттық ойыны» байқауы

    Жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, жалпы білім беру ұйымдарындағы ұстаздар арасында әскери-спорт түрлеріне машықтандыру, дене қимылдарын шапшаңдыққа баулу мақсатында «Алау» әскери – спорттық ойыны» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы...

9 сәуір 2021

«JULDYZAI» балалар шығармашылық фестивалі

«JULDYZAI» балалар шығармашылық фестивалі   Жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мақсатында өткізілген ерекше білім беру...

7 сәуір 2021

Қызметіңізге сәттілік тілейміз!

Құрметті  Светлана Дүмбайқызы! Бүгінге дейін  Сіз жауапкершілік жүгін арқалап, қаламыздың білім беру саласы қызметінде қоғамымыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық, тыныс-тіршілігін таразылай білетін, зор ұйымдастырушылық қасиетіңіздің, кәсіби іскерлігіңіз бен...

5 сәуір 2021

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰБТ-НЫҢ ШЕКТІ БАЛЫ 75 БАЛЛҒА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін: «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл; «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл; «Ауыл шаруашылығы және...

5 сәуір 2021

ГРАНТ ҰТЫП АЛУ ҮШІН ТАЛАПКЕРЛЕР ҰБТ-НЫ ЕКІ РЕТ ТАПСЫРА АЛАДЫ

  Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру...

5 сәуір 2021

ГРАНТҚА ТҮСУ ҮШІН ӨТКІЗІЛЕТІН ҰБТ 15 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді. ҰБТ-ға өтінішті http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады. ҰБТ электрондық...

5 сәуір 2021

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «KAZROBOSPORT-2020» ЧЕМПИОНАТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «KAZROBOSPORT-2020» ЧЕМПИОНАТЫ 2020 жылдың желтоқсан - 2021 жылдың қаңтары аралығында өткізілген республикалық «KAZROBOSPORT-2020» чемпионаты қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Аталған чемпионатқа республика бойынша 281 команда қатысып, 18 команда (36 адам) жеңімпаз...

2 сәуір 2021

«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие, қажетті мамандықты сәтті таңдау үшін оқушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, оқушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар...

1 сәуір 2021

ИГІ ІСТЕР

Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында «Игі істер» ақциясы өткізілді. Акция аясында мектеп оқушылары таза табиғатты қамтамасыз ету, мектеп ауласын көгалдандыру, абаттандыру мақсатында гүл егу жұмыстары...

31 наурыз 2021

«Үздік ағылшын тілі пәні кабинеті» байқауы

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес қашықтан «Үздік ағылшын тілі пәні кабинеті» байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталып білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: І орын - Уралбаева Ақмарал Аманқосқызы,...

31 наурыз 2021

«Алау» әскери-спорттық ойыны

   Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында қашықтық форматында «Алау» әскери-спорттық ойынның облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңде бақ сынаған С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының «SQ JasSarbaz»...

29 наурыз 2021

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz...

29 наурыз 2021

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді? 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша...

25 наурыз 2021

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы фестивалінің облыстық кезеңіне жолдама алған оқушылар облыстық кезеңде де жақсы нәтиже көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. «МУЗЫКАЛЫҚ КЛИП» бөлімі...

18 наурыз 2021

«Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2021» байқауы

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2021» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: І орын – Шарланова Айгерім, №1 о/м мұғалімі; ІІ...

18 наурыз 2021

Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы-2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ақтау қаласындағы №14 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі Тулембетова Айслу Багитовна ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймагамбетовтің қабылдауында болып, білім саласында елеулі жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы-2021»...

17 наурыз 2021

Көктемгі каникул кезінде оқушылар 20-31 наурыз аралығында 12 күн демалады.

Көктемгі каникул кезінде оқушылар 20-31 наурыз аралығында 12 күн демалады.    ...

17 наурыз 2021

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ Ақтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім сапасының артуына ықпал ету, ерекше дарынды балаларды анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға...

16 наурыз 2021

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы көрме байқауы

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы көрме байқауы Ағымдағы жылдың 15-наурызында  қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы көрме байқауы өткізілді. Байқауға 17 қалалық жалпы білім беретін мектептерден 90 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы...

14 наурыз 2021

Тарихи – мәдени орындарға саяхаттар

Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында оқушыларды патриоттыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу, өткен ата – бабаларымыздың қасиетті ерліктерін жас ұрпаққа насихаттау, тарихи аңыздармен таныстыру мақсатында тарихи – мәдени орындарға саяхаттар ұйымдастырылды. Саяхат барысында...

12 наурыз 2021

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

     Бүгін, 12-наурыз күні, Ақтау қаласына қарасты білім ордаларындағы 9-11 сынып оқушыларының бірнеше ай бойы дарындары мен таланттарын шыңдаған «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында салтанатты кеш өтті.       2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті белсенді...

Соңғы хабарлар

33343536373839 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері