Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Балаларға қатысты буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг және мұғалімдерге «Мектептегі буллингтің алдын алу және оған қарсы тұру» тақырыбында мастер-класс

Ағымдағы жылдың 15-17 мамыр күндері Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу» тақырыбындағы мақсатты каржыландыру бағдарламасының аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті «Педагогика» кафедрасының жетекші ғалымдары Асылбекова Марзия Пазыловна мен Утемисова Гульмира Укатаевнаның жетекшілігімен жобаның эксперименттік жұмыстарын жүзеге асыру үшін 7-10 сынып оқушылары арасында «Балаларға қатысты буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг және мұғалімдерге «Мектептегі буллингтің алдын алу және оған қарсы тұру» тақырыбында мастер-класс өтті. Аталған шараға қатысқан оқушы саны - 480, педагог саны - 29. 





12 қазан 2021

«Тәлімгер тәрбиеші – балабақша тірегі» атты облыстық байқау

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Тәлімгер тәрбиеші – балабақша тірегі» атты облыстық онлайн бейнеролик байқауында Ақтау қаласының тәрбиешілері жақсы нәтиже көрсетті. Тәрбиешілердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу, тәрбиешілердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату, ардагер тәрбиешілердің ерең еңбегін елеу, тәжірибесімен бөлісу және жас маман арасындағы байланысты нығайту, жас мамандардың біліктілігін арттырып,...

11 қазан 2021

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша онлайн жәрмеңке

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 19 қазан күні сағат 14.30- да Ақтау қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша онлайн форматта жәрмеңке өткізілуі жоспарлануда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өтетін жәрмеңкеде Мәдениет және спорт,...

11 қазан 2021

АҚТАУЛЫҚ ӘМИНА АСҒАТОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АҚТАУЛЫҚ ӘМИНА АСҒАТОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі және «Жандану әлемі» қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Бала дауысы» ән байқауының VI маусымының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Финалға биыл 25 наурыз бен 15 мамыр аралығындағы іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы мен он төрт облыстың 17 жас дарынды өнерпазы жолдама алды. «Бала дауысы» ән байқауының VI маусымының ...

11 қазан 2021

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, бапкерлер арасында отансүгіштік тәрбиесін күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық, ынтымақтастық байланыстарын нығайту мақсатында мұғалімдер спартакиадасы өткізілді. Спартакиада аясындағы «Үстел теннисі» жарысы бойынша жеңімпаздар анықталып дипломдармен марапатталды: ЖЕКЕШЕЛЕНГЕН ЕСЕП БОЙЫНША: І орын – Буранбай Серік, №9 жалпы білім беретін...

11 қазан 2021

«Алтын күз» атты облыстық кросс

Жалпы білім беретін мектептерде жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын сақтайтын жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» атты облыс көлемінде кросс өткізілді. Аталған шараға 119 оқушы қатысты. Облыс көлемінде өткізілген шарада Ақтау қаласының білім ұйымдарының оқушылары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 7 - 8 сынып оқушылары (қыздар) бойынша: І орын - Горбатикова Полина, №17 о/м; ІІ орын – Аташова Альмира,...

8 қазан 2021

АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ Азаматтардың жауапты тұлғаларға тікелей хабарласуы үшін ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫН ҰСЫНАДЫ.

  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі азаматтардың тікелей хабарласуы үшін жалпы білім беретін мектептердің басшыларының байланыс телефондарын ұсынады: 1.   «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Испекеев Бекес Умирханович, 87013458653, https://www.facebook.com/kgush1/   2.   «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Ізбен Ерлан Шәулекенұлы, 87753672470, https://www.facebook.com/profile.php?id=100046180341589   3.   «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры м.а....

5 қазан 2021

БАРЛЫҚ ҰСТАЗ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

  Ағымдағы жылдың 4 қазанында облыс көлемінде ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді. Шара аясында білім саласына елеулі үлес қосқан ұстаздар құрметке бөленіп, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Марапатталушылар қатарындағы педагог мәртебесін көтеру мақсатында облыс әкімінің "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін"төсбелгісін тағайындау бойынша өткізілген конкурста «Үздік әдістемені ұсынушы» атағына лайық деп танылған Ақтау қаласының IT мектеп – лицейінің...

5 қазан 2021

«Парасатты отбасы» облыстық сырттай байқауы

  Парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымы мен қағидалары қалыптасқан, өнегелі, үлгілі отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» облыстық сырттай байқауында қалалық кезең жеңімпазы Мусаевтар отбасы облыстық кезеңде де жеңімпаз атанды.   Қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне «Менің...

30 қыркүйек 2021

ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛ МЫҚТЫ!

ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛ МЫҚТЫ! Бүгін, Ақтау қаласында «Ұстазын ұлықтаған ел мықты» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Ә.Ж. Байпақов, облыстық білім басқармасының басшысы С.Д.Төлебаева, Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Е.К.Өмірзақ, Республикалық «Назарбаев зияткерлік мектебінің «Педагог шеберлігі» орталығының облыстық филиалының директоры Қ.Қ.Боранбаева, Маңғыстау...

24 қыркүйек 2021

«КӘСІПОДАҚТЫҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ-САЙЫСЫ

Бүгін Түркістан қаласының оқушылар сарайында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының "Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы" республикалық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату мақсатында өткізілген республикалық шараға Маңғыстау облысы Ақтау қаласының атынан қатысқан №46 «Балбұлақ»...

24 қыркүйек 2021

Бүгін, 24 қыркүйек күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында жиналыс өткізілді.

Бүгін, 24 қыркүйек күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы С.Төлебаева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Қ.Мырзағали, білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева, жалпы білім беретін мектеп басшылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, жауапты мамандар қатысты. Іс – шара...

23 қыркүйек 2021

NCOC компаниясының демеушілік және қайырымдылық жобалары аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер ашылды

Жыл сайын NCOC компаниясымен демеушілік және қайырымдылық жобаларының тұсаукесерінде бас қосып келеміз. Бұл игілікті шара бүгін де қаламыздың №№9, 28 жалпы білім беретін мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер ашумен жалғасын тауып отыр. Білім ұйымдарында ашылған инклюзивті кабинеттер 4 аймақты қамтиды: жалпы сабақтар, жеке сабақтар, сенсорлық жеңілдету және мұғалім бұрышы және арнайы замануи жабдықтармен жабдықталған. Кез келген ерекше...

23 қыркүйек 2021

Мемлекет басшысы “Халық Арена” спорт кешенінде 12 жасар Нұрасылдың шеберлігіне тәнті болды.

Мемлекет басшысы “Халық Арена” спорт кешенінде 12 жасар Нұрасылдың шеберлігіне тәнті болды. Ол небары 12 жасында спорт шеберіне үміткер атағын алып үлгерген. Гуанышбеков Нұрасыл Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы. Ол 7 жасынан бастап білім алумен қатар дзюдо және қазақ күресі спорт түрімен айналысып, облыстық және Республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.  ...

23 қыркүйек 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенін аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт кешеніндегі жаттығу залдары таныстырылды. 2500 адамға арналған спорт кешенінде баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, ауыр атлетика, суда жүзу, шағын футбол сияқты спорттың 19 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Президент кешенде жаттығып жүрген спортшылармен...

22 қыркүйек 2021

«ТУРИЗМ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ПЕДАГОГ ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ

«ТУРИЗМ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ПЕДАГОГ ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ Ата-аналар мен балаларды туризм саласы арқылы қоршаған ортамен байланыстыру, салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру және интеллектуалдық спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында «Туризм – салауатты өмір салты» педагог отбасылар байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес алты кезеңде өткізілді: 1) «Өз тобыңды таныстыр» кезеңі (топтың аты, ұраны,...

22 қыркүйек 2021

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы» орталығының директоры болып Юлдашов Фаррух Каримович тағайындалды. Юлдашов Фаррух Каримович 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2002-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін лингвистика мамандығы бойынша; 2015-2017 жылы Орталық Қазақстан Академиясын  шетел филологиясы мамандығы бойынша бітірген; 2007-2008 жылдары Жаңаөзен қаласындағы «Lingua»-тіл...

16 қыркүйек 2021

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

      Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету мақсатында өткен Президенттік олимпиада өз мәресіне жетті.    «Ustudy» тестілеу орталығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген Президенттік олимпиада жеңімпаздары анықталып білім бөлімінің...

16 қыркүйек 2021

«Ана тілің-арың бұл» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің мәнерлеп оқу байқауы

       Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің арасында, «Қазақстан тілдері фестивалі» аясында балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын, ұлтжандылығын дамыту мақсатында «Ана тілің-арың бұл» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.        Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды:        №16 «Бөбек» бөбекжай тәрбиеленушісі Столярова Мирослава І орын;        №42 «Түймедақ» балабақшасының тәрбиеленушісі...

15 қыркүйек 2021

Қалалық дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада

     Бүгін, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада өтуде.      Олимпиада ережесіне сәйкес бірінші кезеңде қатысушылардың теориялық білімі сараланады. Оқушылар теориялық кезеңде дене тәрбиесі пәнінің теориялық білім негіздері, Қазақстан спорт саласы бойынша даму тарихы, дене шынықтыру және спорт тарихы, олимпиадалық қозғалыс тарихы, өмір қауіпсіздік негіздері бөлімдері бойынша...

15 қыркүйек 2021

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

     Бүгін, ағымдағы жылдың 15-қыркүйегі күні «ІТ мектеп-лицей» КММ базасында орналасқан «Ustudy» тестілеу орталығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтуде.        Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдетуді...

14 қыркүйек 2021

11-сынып оқушыларымен кездесу

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы 11-сынып оқушыларымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты күшейту мақсатында кездесу өткізілді.    Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру бойынша мәліметтер беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.    ...

13 қыркүйек 2021

ШАХМАТ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласының ІТ лицейінде шахматтан гроссмейстер, ерлер арасында ФИДЕ ІМ халықаралық шебері, әйелдер арасында Азия чемпионы Асаубаева Бибісара шахмат клубын салтанатты түрде ашты. Бибісара клубта алғаш өткізілген шахматтан турнир кезінде өз тәжірибесімен бөлісті. Шахматқа қызығушылық танытып жүрген оқушылар турнир соңында Бибісараға көптеген сұрақтар қойып, жауаптарын алып, оған жылы лебіздерін білдірді. Бибісара шахматпен төрт жасынан бері...

10 қыркүйек 2021

Білім ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен Ақтау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары кеңесі

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдары басшыларының тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарларымен Ақтау  қаласы  полиция  басқармасының  ювеналды  полиция  бөлімінің  инспекторлары  кеңесі өткізілді. Кеңеске Ақтау  қаласы  полиция  басқармасының  бастығының  орынбасары, полиция  полковнигі  И.А.Қирбасов, ювеналды  полиция  бөлімінің  бастығы, полиция  майоры  Н.А.Рахаев, Ақтау  қаласы  бойынша  білім  бөлімінің  тәрбие  секторының  меңгерушісі ...

9 қыркүйек 2021

АҚТАУДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАНДАРДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Ақтаудағы жоғары шағынауданда қос бірдей 1200 орындық жаңа білім ордасының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов мәлім етті.     Оның айтуынша, білім беру мектептері 18 және 31а шағынауданында орналасқан. Құрылыс жұмыстары жыл басында басталған. Қазір мектептің іргетасы қаланып жатыр.    «3 қабатты ғимаратта оқу сыныптары, асхана, кітапхана, медициналық пункт, спортзал, акт залы, мұғалімдер бөлмесі, өндірістік шеберханалар, демалыс...

Соңғы хабарлар

28293031323334 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері