Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Балаларға қатысты буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг және мұғалімдерге «Мектептегі буллингтің алдын алу және оған қарсы тұру» тақырыбында мастер-класс

Ағымдағы жылдың 15-17 мамыр күндері Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу» тақырыбындағы мақсатты каржыландыру бағдарламасының аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті «Педагогика» кафедрасының жетекші ғалымдары Асылбекова Марзия Пазыловна мен Утемисова Гульмира Укатаевнаның жетекшілігімен жобаның эксперименттік жұмыстарын жүзеге асыру үшін 7-10 сынып оқушылары арасында «Балаларға қатысты буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг және мұғалімдерге «Мектептегі буллингтің алдын алу және оған қарсы тұру» тақырыбында мастер-класс өтті. Аталған шараға қатысқан оқушы саны - 480, педагог саны - 29. 





7 желтоқсан 2021

«ТЕРЕҢ БІЛІМ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФОРУМЫ

Бүгін, ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас педагогтердің шығармашылық педагогикалық ортасын құру, жастардың азаматтық, қоғамдық бастамаларын дамыту және белсенді шығармашылық қызметке араластыру мақсатында №13 гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен «Терең білім - Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында қалалық жас педагогтер форумы өткізілді. Форумға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы 1991 жылғы тәуелсіздік құрдастары...

7 желтоқсан 2021

Бөбекжайда арт-терапия элементтерін тиімді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

     Арт-терапия технологиясының элементтерін қолдану арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз жұмысының нәтижесіне қуана білуге және бағалай білуге үйрету, ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке, белсенділікке, адамгершілікке, қарапайым қарым-қатынас ережелеріне тәрбиелеу, баланың көңіл-күйін көтеріп, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында «№35 «Балдырған» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында қалалық әдістемелік семинар...

7 желтоқсан 2021

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес №14 «Айгөлек» бөбекжайында «Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді. Мектеп дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру арқылы балалардың оқу қызметке деген қызығушылықтарын, ынтасын, қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыруды мақсат еткен вебинар аясында бөбекжайдың білікті мамандары өз іс - тәжірибелерімен, оқу қызметтерін...

7 желтоқсан 2021

ҚАЛАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» АПТАЛЫҒЫ

ҚАЛАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» АПТАЛЫҒЫ Тәуелсіздік – бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдары үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке 30 жыл» апталығын өткізу мақсатында іс – шаралар жоспары жасақталып, шара аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ» тақырыбында тәуелсіздікке арналған балалар...

7 желтоқсан 2021

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектебінің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты,-деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа құрылғы аталған мектепке орнатылып, сынақтан өткізілуде. Антивирус терминалы ең алдымен адамның дене қызуын өлшеп, қолды автоматты түрде...

29 қараша 2021

5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

  Ағымдағы жылдың 26 қарашасында 5-6 сынып оқушыларының зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде оқушылардың қабілеттерін іске асыру, ерте бейіндеу үшін жағдай жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған дарынды білім алушыларды анықтау мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы  қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ...

23 қараша 2021

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Осылайша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болды. Білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшылар, мерзімсіз еңбек келісімшарттарын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы...

23 қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Көрнекті ғалым, ғылым ұйымдастырушы, өз заманының ұлы ойшыл, әрі белгілі жаратылыстанушысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне, ғылым саласында білімін жалғастыруға ынталанған дарынды зияткерлерді және талантты оқушыларды анықтау мен қолдау мақсатында өткізілген Сәтбаев атындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейдің 9 сынып оқушысы Тугельбай Кожахмет жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз оқушымызды,...

22 қараша 2021

«ҮЗДІК ПӘН МҰҒАЛІМІ» БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК ПӘН МҰҒАЛІМІ» БАЙҚАУЫ Жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімдері арасында әр пән бойынша үздіктерді анықтау, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мен тәрбиені қатар берудегі жетістіктерін саралау, сапалы білім берудің қыр-сырын меңгерген ұстаздарды қолдау мақсатында қалалық «Үздік пән мұғалімі» байқауы өткізілуде. Байқау ережесі бойынша қатысушылар өздерінің педагогикалық іс- тәжірибесінен электронды портфолиосын, ұзақтығы 40 минуттан тұратын бір сабағының жоспарын...

22 қараша 2021

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ Мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету, Тәуелсіздікке қатысты оқиғаларды еске ала отырып, тәуелсіздіктің оңайлықпен  келмегенін оқушыларға насихаттау, оқушылардың тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, оқушыларды Отанға, елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын...

16 қараша 2021

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген конкурс...

15 қараша 2021

Ағылшын тілін оқытудағы тиімді стратегиялар

  Ағылшын тілін оқытудағы тиімді стратегиялар   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін «Ағылшын тілін оқытудағы тиімді стратегиялар» тақырыбында «№16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қалалық әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинарға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты ұйымдардан 45 ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Шара аясында №16 С.Мұқашев атындағы...

12 қараша 2021

КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Ақтау қаласы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен, білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтер мен тәрбие жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету бағытындағы жұмыс тобымен кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры З.Тұрлан, орталық психологы...

12 қараша 2021

«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңі

  Озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану пәні педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру мақсатында өткізілген «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңінде бақ сынаған №19 мектеп- гимназиясының өзін - өзі тану пәні мұғалімі Егизбаева Раушан Сарсенбековна жүлделі ІІ орын иеленді. Жүлдегер ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз.    ...

12 қараша 2021

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ Бүгін, ағымдағы жылдың 12 қарашасында оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілетін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып...

11 қараша 2021

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мақсатында 8-11 сынып оқушыларының арасында өткен халықаралық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан үш оқушы да жүлдемен оралды. І орын - Таимова Дарина, Мамандандырылған IT лицей оқушысы; ІІ орын - Асемгали Темирлан, Мамандандырылған IT лицей оқушысы; ІІ орын - Мынжасова Аяна, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицей оқушысы. Жеңімпаз оқушылар мен...

11 қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында облыс көлемінде өткізілген “ProEco” экологиялық жобалар конкурсынан оқушыларымыз жүлдемен оралды. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша №13 гимназиясының 8 сынып оқушысы Берекет Абай ІІ орын; «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша №13 гимназиясының 7 сынып оқушысы Қимағанбет Айару І орын; «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша №11 лицейдің 6...

10 қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 3-7 қарашасы аралығында Румыния мемлекетінің астанасы Бухарест қаласында Ашихара-каратэ бойынша өткен Әлем чемпионатында Ақтау қаласы  бойынша білім бөліміне қарасты «Оқушы» орталығының «Тұлпар» аула клубының «Ашихара-каратэ» үйірмесінің мүшесі Баландин Александр І орын иеленді. Жүлдегер оқушымызды және үйірме жетекшісі Отаров Игорь Викторовичті жеңістерімен құттықтаймыз. ...

8 қараша 2021

ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЙРЕТЕРІ МОЛ СЕМИНАР

ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЙРЕТЕРІ МОЛ СЕМИНАР Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жас мамандардың оқу-әдістемелік материалдарды дұрыс таңдай білуі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында қалалық әдістемелік семинар өткізілді. Семинар қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдері үшін екі кабинетте қатар...

8 қараша 2021

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі шаралар өткізілді. Шара аясында түрлі сайыстар өткізіліп, мектеп оқушылары қатысты: - «ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 үздік қолөнер бұйымы» байқауы 1-10 сыныптардағы 234 оқушы қамтыды; - «Тағылым мен танымға толы» айдарымен драма театр актерларымен кездесуге 124 оқушы; - «Ата-анамның...

8 қараша 2021

ТАҒЫЛЫМ НЕГІЗІ - ТӘРБИЕ

ТАҒЫЛЫМ НЕГІЗІ - ТӘРБИЕ   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын қолдау, озық тәжірибелерді тарату және жариялау, педагог имиджін көтеру мақсатында 1-5 жылға дейін еңбек өтілі бар мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында «Тағылым негізі-тәрбие» байқауы өткізілді. Байқауға №№5, 9, 10, 28, 29 о/м, ІТ мл мамандары қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру» визиттік...

8 қараша 2021

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ Үздік тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ Үздік тәрбие ісі жөніндегі орынбасар   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын қолдау, озық тәжірибелерді тарату және жариялау, педагог имиджін көтеру мақсатында «Үздік тәрбие ісі жөніндегі орынбасар» байқауы өткізілді. Байқауға №№10, 11, 13, 15, 16 о/м, Мамандандырылған ІТ лицей мамандары қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру» визиттік карточка, лауазымдық...

5 қараша 2021

Республикалық мұғалімдер спартакиадасы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 2-6 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық мұғалімдер спартакиадасынан ұстаздарымыз жүлдемен оралды. Білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру, достық пен ынтымақтастықты насихаттау, тәжірибе алмасуға ықпал ету мақсатында өткізілген спартакиада спорттың үш түрінен (үстел теннисі, волейбол (әйелдер), шағын (футбол ерлер))...

5 қараша 2021

"Mektep.edu.kz" электронды оқыту жүйесімен жұмыс

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесі бойынша жұмысты жандандыру мақсатында жауапты мамандармен семинар - практикум өткізілді.   Семинар-практикум аясында «Mediana Services Limited» ЖШС маманы, IT-жобалау менеджері А.С.Батырханова, Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесі бойынша жауапты мамандар И.Д.Баткамбаева (№11 лицей), Е.А.Мадинаев (С.Қондыбай атындағы...

Соңғы хабарлар

26272829303132 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері