Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі

  Бүгін, 29 тамыз күні 2023-2024 жаңа оқу жылы аясында “Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі” тақырыбында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің, оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен “Достық” үйі ғимаратында жиналыс өткізілді. 

Мақсаты - сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиесінде білім мазмұнының маңыздылығын талқылау.

  Жиналысқа Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Сали Нұртас Төребекұлы, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру мекемелерінің басшылары, орынбасарлар және өзге де қонақтар шақырылды. Алғашқы сөз Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Сали Нұртас Төребекұлының құттықтауымен басталды.

    Бағдарламаның жүргізілу тәртібі бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Тұрғанбаева Бағдат Сырымқызы «Өткен оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылына жоспарланған міндеттер туралы», №21 жалпы білім беретін мектептің директоры Еңсегенова Гүлзада Еңсегенқызы «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы», №4 «Аққу» бөбекжайының әдіскері Баймуханова Жания Карловна «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында заттық-кеңістіктік  дамытушы ортаның қызметі» тақырыбында, Ақтау қаласының прокуроры Тұрмағамбетов Ержан Сисенбайұлы, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүгірбай Аят Исатайұлы «Ұлттық рух – ұлы құндылық», «Айрық» қоғамдық қорының жетекшісі, қоғам белсендісі Таласбай Ағлен Таласбайқызы бала тәрбиесі аясында сөз сөйледі.

     Өткен оқу жылында үздіктер қатарынан танылған мектептер сертификаттармен марапатталып, № 17 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бүркітбаев Райымбек Тұрарұлының орындауында “Ұшады Маңғыстаудан шағалалар” әнімен жиналыс өз мәресіне жетті.   

: https://www.instagram.com/p/Cwh-tSHMMgg/





9 қараша 2022

"LеssonStudy" тәсілі - білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті

    Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "LеssonStudy" тәсілі - білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті. Семинарға 36...

8 қараша 2022

Ашық далалық «Жас геолог» жарысы

    Ашық далалық «Жас геолог» жарысы     Оқушыларға туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген облыстық ашық далалық «Жас геолог»...

8 қараша 2022

Қалалық «Үздік дефектолог» байқауы

Қалалық «Үздік дефектолог» байқауы 03.11.2022жылы Ақтау қалалық білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру ұйымдарының дефектологтары арасында қашықтан «Үздік дефектолог» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: білікті...

7 қараша 2022

Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT лицейінің география пәнінің мұғалімі Рябова Людмила Николаевнаны «Құрмет» орденімен марапаттады.

Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT лицейінің география пәнінің мұғалімі Рябова Людмила Николаевнаны «Құрмет» орденімен марапаттады. Ол еңбек жолын 1977 жылы биология пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Одан кейін география, физика және...

7 қараша 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жалпы білім беру ұйымдарындағы информатика пәні мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында өткізілген информатика пәні мұғалімдерінің...

7 қараша 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 3-5 қарашасында Қарағанды қаласында өткен Халықаралық VІІ “RoboLand-2022” робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде 300 қатысушының арасынан Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29...

7 қараша 2022

«Mektep.edu.kz» электрондық оқыту жүйесімен жұмыс

   Ағымдағы жылдың 4-5 қарашасында «Mektep.edu.kz» электрондық оқыту жүйесінің жүргізілуі бойынша меншік нысанына қарамастан жалпы білім беретін мектептерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында педагогтердің жүйені толықтай толтыруы, оқу жоспарларының...

6 қараша 2022

«Искусттво- этоя, наука это мы» тақырыбындағы шеберлік сыныбы өтті

2022 жылдың 3 қарашасы күні орыс тілі мен әдебиеті пәні облыстық қауымдастық іс-шара жоспарына сәйкес, Жаңаөзен қаласында №24 мектеп- лицейінде «Искусттво- этоя, наука это мы» тақырыбындағы шеберлік сыныбы өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы...

5 қараша 2022

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖЕҢІМПАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖІБЕРІЛДІ

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖЕҢІМПАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖІБЕРІЛДІ Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің мәртебесін арттыру...

5 қараша 2022

САЙЛАУ 2022

...

4 қараша 2022

Информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» олимпиадасы

     Озық тәжірибелі шығармашылықпен жұмыс жасайтын информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби және ақпараттық құзыреттілігін көтеру, қолдау көрсету мақсатында информатика пәні мұғалімдерінің қалалық «Алтын диск» олимпиадасы өткізілді.     Олимпиада ережесіне сәйкес...

4 қараша 2022

Ағылшын тілі пәнін тиімді оқытудағы жаңа платформалар тізбектерін пайдалану әдістері

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2 қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Ағылшын тілі пәнін тиімді оқытудағы жаңа платформалар тізбектерін пайдалану...

4 қараша 2022

САЙЛАУ 2022

...

4 қараша 2022

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

     Ағымдағы жылдың 1-2 қарашада жалпы білім беру ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында жаратылыстану-математика пәні...

4 қараша 2022

САЙЛАУ 2022

...

4 қараша 2022

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының қалалық кезеңі

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының қалалық кезеңі     Ағымдағы жылдың 27 қазанында жалпы білім беру ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог...

4 қараша 2022

Ақтаулық ұстаздарға тұңғыш отандық цифрлық оқулықтар платформасы ұсынылды.

Ақтаулық ұстаздарға тұңғыш отандық цифрлық оқулықтар платформасы ұсынылды.     Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектепте «Алматыкітап баспасы» тұңғыш «TopIQ» білім беру web-платформасын тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, семинар өткізді. Семинардың негізі бөлімі...

31 қазан 2022

САЙЛАУ 2022

...

29 қазан 2022

Мамандықты қалай таңдау керек?

Мамандықты қалай таңдау керек?     Ата-ана, туған-туыстың таңдауымен мамандық меңгеруге болмайды. Бұл туралы бүгін профориентолог Әсел Бахытқызы "Кәсіби бағдар" жобасында айтты.     Бүгін №9 мектептің жоғары сынып оқушылары облыстық жастар ресурстық орталығында алғаш...

28 қазан 2022

Ақтауда «Маңғыстаунама - 2022» танымдық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Ақтауда «Маңғыстаунама - 2022» танымдық байқауының қалалық кезеңі өтті. 27 қазан күні Ақтаудағы ІТ мектеп-лицейінде ақын, әдебиет бойынша Президент стипендиясының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Светқали Нұржанның 60 жылдық мерейтойына орай «Маңғыстаунама - 2022»...

28 қазан 2022

Ақтаулық оқушылар республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды.

Ақтаулық оқушылар республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды. С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 5 оқушыдан құрылған «Space 22» тобы Алматы қаласында өткізілген М.Әбділдин атындағы «Адам.Жер.Ғалам» турнирінің республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие...

26 қазан 2022

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 20.11.2022.

...

26 қазан 2022

25 қазан Республика күніне орай "Жанашыр жүрек" халықтық акциясының аясында 21 қазан күні "Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында педагогтер арасында қалалық сурет байқауы өтті.

25 қазан Республика күніне орай "Жанашыр жүрек" халықтық акциясының аясында 21 қазан күні "Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында педагогтер арасында қалалық сурет байқауы өтті. Байқауға 12 үміткер қатысып, жеңімпаздар анықталды. І орын – Давыдова Ольга Николаевна (№23 жалпы...

23 қазан 2022

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім саласы қызметкерлерін марапаттады.

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім саласы қызметкерлерін марапаттады. Соның ішінде Президенттің қолынан М. Әуезов атындағы №20 мектептің ардагер ұстазы Таңмағанбетова Рима Бисенбайқызы ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» орденімен...

Соңғы хабарлар

18192021222324 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері