Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қала көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есеП

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімі Ғ.Ниязов ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні қала көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есебін берді. Кездесу барысында тұрғындар қала тұрмысын жақсартуға қажетті ең маңызды мәселелер, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен сауалдарын ортаға салды. Қала әкімі қаламыздың білім саласы бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Әлеуметтік салада баса мән берілетін бағыт – білім саласына тоқталатын болсақ, қала бюджеті 25 млрд. теңге болатын болса, оның 14 млрд. 91 млн. теңгесі білім саласына бөлінген.
Қалада барлығы 81 балабақша жұмыс жасайды, оларда 14 663 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 46 жекеменшік балабақшаға 3184 бала барады. Өткен жылы 5 балабақша ашылды (545 орын 15 ш/а, 24/1 үйдің асты, 17 ш/а 26 үйдің асты, 31Б ш/а №34 ғим., Шығыс-3 ш/а 53 ғим., Рауан т/м, 492 ғим).
Осы жылы салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан барлығы 475 орындық 6 және 14 ш/а бұрынғы балалар интернатының ғимаратына 280 орындық балабақша ашу жоспарлануда.
Бұдан басқа, облыстық білім басқармасына мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде 2140 баланы қамтитын 9 балабақшаның жеріне (Шығыс-1 320 орындық, 17 ш/а 140 орындық, 32А ш/а 2 балабақша әр қайсысы 240 орындық, 18, 18А, 19А, 20, 34 ш/а әр қайсысы 240 орындық) құрылыс салуға конкурс өткізуге ұсыныс жолданды.
Балабақшаларды оңтайландыру мақсатында, 33 (Айшуақ санаторлы бөбекжайы мен «Бәйтерек» шағын орталығыкірмейді) балабақшадағы 49 штаттық бірлік 33-ке азайып, 5-уі орталыққа өтті.11 штаттық бірлікке қысқарды.Енді, балабақшадағы есепші қызметкерлердің жалақылары мен ата-аналар төлемдерін есептейді.Ал, қалған жұмыстармен орталық айналысатын болады.
Жалпы орта білім беру
Қазіргі таңда, қаламыздағы 25 күндізгі (42891 бала + 0 - сынып 1971), 1 кешкі (160 оқушы) және 4 жекеменшік мектепте (776 оқушы) 45 888 оқушы білім алады.
2019 жылы 1426 бала мектеп бітіріп, 5 778 бала 1 сыныпқа келді (4-есеге артқан).
Жергілікті бюджет есебінен: көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған, бала күнінен мүгедек, ата-аналары І, ІІ топтағы мүгедек отбасыларының 2 200 баласы және барлық
1-сыныптың 5 581 оқушысы (2018 ж.-5168) мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Биылғы оқу жылынан бастап аз қамтылған отбасы балаларын мектеп формасымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Одан әрі, Рауан және Приморский елді мекендерінен Өмірзақтағы мектепке (27 о/м) – 415 баланы (4 автобус), Өмірзақ ауылына қарасты елді мекендерінен қалаға (24 мектеп) – 715 баланы (Өмірзақ – 169, Раун – 54, Приморский – 192, Приозерный – 315, әскери қалашық – 43 балалар, 4 автобуспен) және Мұнайлы ауданынан 253 бала автобустармен мемлекет есебінен мектептерге тасымалданады, одан басқа 748 бала ата-ана есебінен мектепке келеді.
Ал, мектептердегі мұғалім тапшылығын (34 педагог жетпейді және 198 мұғалім зейнет жасында немесе 6,7% құрайды) шешу мақсатында сәуір-мамыр айларында Орал, Өскемен, Тараз, Павлодар қалаларынан шақырту жоспарланып отыр. Оларды, өткен жылы қала әкімдігінің меншігіне өткен 31Б шағын аудандағы орналасқан жатақханамен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қаладағы өзекті мәселенің бірі – үш ауысымдық оқыту.
Осыған дейін 28 ш/а-ғы №20 және 32А ш/а-ғы №29 мектептер үш ауысымда сабақ оқытады. Қалаға көшіп келушілер санының артуы мен демографиялық өсім нәтижесінде алдағы жылдары №10,12,28 мектептердің де үш ауысымға өту қауіпі бар.
Жоғарыдағы мәселені шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр.
Одан басқа, 600 орындық 2 мектептің (17 ш/а, Шығыс-1 әр қайсысы 300 орындық) және жобалары жақсақталып жатқан 1200 орындық 5 мектептің (16,18,19,19А,31А) мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде құрылысын салуға облыстық білім басқармасына конкурс өткізуге ұсыныс жолданды.
(Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беретін 17 колледжде 12 789 студент бар. Шамамен 700 студент жатақханамен қамтамасыз етуді қажет етеді. Мәселені шешу үшін Туризм колледжінің студенттері үшін 160 орындық, Маңғыстау облыстық гуманитарлық колледжі оқушыларына 100 орындық жатақхана ашу жоспарланған. Бұдан бөлек, осы жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (СПК) арқылы 27 шағын аудандағы «Қызмет көрсету» колледжінің аумағында және 3 «Б» шағын аудандағы Энергетикалық колледжінің аумағынан 300 орындық екі жатақхана салу жоспарлануда). 





9 қараша 2022

"LеssonStudy" тәсілі - білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті

    Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "LеssonStudy" тәсілі - білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті. Семинарға 36...

8 қараша 2022

Ашық далалық «Жас геолог» жарысы

    Ашық далалық «Жас геолог» жарысы     Оқушыларға туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген облыстық ашық далалық «Жас геолог»...

8 қараша 2022

Қалалық «Үздік дефектолог» байқауы

Қалалық «Үздік дефектолог» байқауы 03.11.2022жылы Ақтау қалалық білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру ұйымдарының дефектологтары арасында қашықтан «Үздік дефектолог» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: білікті...

7 қараша 2022

Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT лицейінің география пәнінің мұғалімі Рябова Людмила Николаевнаны «Құрмет» орденімен марапаттады.

Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT лицейінің география пәнінің мұғалімі Рябова Людмила Николаевнаны «Құрмет» орденімен марапаттады. Ол еңбек жолын 1977 жылы биология пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Одан кейін география, физика және...

7 қараша 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жалпы білім беру ұйымдарындағы информатика пәні мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында өткізілген информатика пәні мұғалімдерінің...

7 қараша 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 3-5 қарашасында Қарағанды қаласында өткен Халықаралық VІІ “RoboLand-2022” робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде 300 қатысушының арасынан Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29...

7 қараша 2022

«Mektep.edu.kz» электрондық оқыту жүйесімен жұмыс

   Ағымдағы жылдың 4-5 қарашасында «Mektep.edu.kz» электрондық оқыту жүйесінің жүргізілуі бойынша меншік нысанына қарамастан жалпы білім беретін мектептерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында педагогтердің жүйені толықтай толтыруы, оқу жоспарларының...

6 қараша 2022

«Искусттво- этоя, наука это мы» тақырыбындағы шеберлік сыныбы өтті

2022 жылдың 3 қарашасы күні орыс тілі мен әдебиеті пәні облыстық қауымдастық іс-шара жоспарына сәйкес, Жаңаөзен қаласында №24 мектеп- лицейінде «Искусттво- этоя, наука это мы» тақырыбындағы шеберлік сыныбы өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы...

5 қараша 2022

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖЕҢІМПАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖІБЕРІЛДІ

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖЕҢІМПАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖІБЕРІЛДІ Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің мәртебесін арттыру...

5 қараша 2022

САЙЛАУ 2022

...

4 қараша 2022

Информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» олимпиадасы

     Озық тәжірибелі шығармашылықпен жұмыс жасайтын информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби және ақпараттық құзыреттілігін көтеру, қолдау көрсету мақсатында информатика пәні мұғалімдерінің қалалық «Алтын диск» олимпиадасы өткізілді.     Олимпиада ережесіне сәйкес...

4 қараша 2022

Ағылшын тілі пәнін тиімді оқытудағы жаңа платформалар тізбектерін пайдалану әдістері

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2 қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Ағылшын тілі пәнін тиімді оқытудағы жаңа платформалар тізбектерін пайдалану...

4 қараша 2022

САЙЛАУ 2022

...

4 қараша 2022

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

     Ағымдағы жылдың 1-2 қарашада жалпы білім беру ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында жаратылыстану-математика пәні...

4 қараша 2022

САЙЛАУ 2022

...

4 қараша 2022

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының қалалық кезеңі

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының қалалық кезеңі     Ағымдағы жылдың 27 қазанында жалпы білім беру ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог...

4 қараша 2022

Ақтаулық ұстаздарға тұңғыш отандық цифрлық оқулықтар платформасы ұсынылды.

Ақтаулық ұстаздарға тұңғыш отандық цифрлық оқулықтар платформасы ұсынылды.     Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектепте «Алматыкітап баспасы» тұңғыш «TopIQ» білім беру web-платформасын тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, семинар өткізді. Семинардың негізі бөлімі...

31 қазан 2022

САЙЛАУ 2022

...

29 қазан 2022

Мамандықты қалай таңдау керек?

Мамандықты қалай таңдау керек?     Ата-ана, туған-туыстың таңдауымен мамандық меңгеруге болмайды. Бұл туралы бүгін профориентолог Әсел Бахытқызы "Кәсіби бағдар" жобасында айтты.     Бүгін №9 мектептің жоғары сынып оқушылары облыстық жастар ресурстық орталығында алғаш...

28 қазан 2022

Ақтауда «Маңғыстаунама - 2022» танымдық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Ақтауда «Маңғыстаунама - 2022» танымдық байқауының қалалық кезеңі өтті. 27 қазан күні Ақтаудағы ІТ мектеп-лицейінде ақын, әдебиет бойынша Президент стипендиясының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Светқали Нұржанның 60 жылдық мерейтойына орай «Маңғыстаунама - 2022»...

28 қазан 2022

Ақтаулық оқушылар республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды.

Ақтаулық оқушылар республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды. С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 5 оқушыдан құрылған «Space 22» тобы Алматы қаласында өткізілген М.Әбділдин атындағы «Адам.Жер.Ғалам» турнирінің республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие...

26 қазан 2022

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 20.11.2022.

...

26 қазан 2022

25 қазан Республика күніне орай "Жанашыр жүрек" халықтық акциясының аясында 21 қазан күні "Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында педагогтер арасында қалалық сурет байқауы өтті.

25 қазан Республика күніне орай "Жанашыр жүрек" халықтық акциясының аясында 21 қазан күні "Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында педагогтер арасында қалалық сурет байқауы өтті. Байқауға 12 үміткер қатысып, жеңімпаздар анықталды. І орын – Давыдова Ольга Николаевна (№23 жалпы...

23 қазан 2022

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім саласы қызметкерлерін марапаттады.

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім саласы қызметкерлерін марапаттады. Соның ішінде Президенттің қолынан М. Әуезов атындағы №20 мектептің ардагер ұстазы Таңмағанбетова Рима Бисенбайқызы ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» орденімен...

Соңғы хабарлар

18192021222324 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері