Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары

Бүгін 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.

Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылып, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында патриоттық тақырыптарда шығармалар мен өлеңдер оқу, Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттармен бөлісу, тарихи-мәдени ескерткіштер мен қазақтың батырлары туралы әңгіме-аңыздардан үзінділер келтіру ұсынылды.

Іс- шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. 





6 желтоқсан 2022

Сараптамалық тобы бірнеше мектептің асханаларына мониторинг жүргізді

Маңғыстау облыстық білім басқармасының 08.02.2022 жылғы №14-нқ бұйрығына сәйкес Ақтау қаласының білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы бірнеше мектептің асханаларына мониторинг жүргізді. Асханаға берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы, мекеменің бракераждық комиссиясының жұмысы, ас блогындағы қызметкерлердің жеке гигиенасы, асхана ыдыстары, мәзірге қойылатын талаптар, тыйым салынған өнімдердің берілмеуі,...

6 желтоқсан 2022

3-4 желтоқсан күндері Астана қаласында "Елбасы Академиясы" қоғамдық қорының ұйымдастырумен "El UMITI CUP" Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өтті.

3-4 желтоқсан күндері Астана қаласында "Елбасы Академиясы" қоғамдық қорының ұйымдастырумен "El UMITI CUP" Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өтті. Бұл турнирге республикалық іріктеуден өтіп, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№21 жалпы білім беретін мектеп" коммуналды мемлекеттік мекемесінің оқушылары Байтемирова Ақжан мен Аманқос Нұрдаулет қатысып келді. Өте жоғары деңгейде және тартысты ойындарға қатысып,тәжірибелерін шыңдап келген оқушылар мен жетекшісі Бүркітова Нұрболған алғыс...

5 желтоқсан 2022

IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ 2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдерінің IХ халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Қызғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен 385-ден астам мұғалім қатысты. Маңғыстау облысынан аталған пәндер аясында 27 мұғалім бақтарын сынады. Оның ішінде 20 мұғалім жеке сайыстар бойынша үздік деп танылып, арнайы дипломдармен марапатталды: ...

5 желтоқсан 2022

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ №19 мектеп-гимназиясының 2 "А" сынып оқушысы Шарухия Шұғыла Астана қаласында өткен "Шабыт" халықаралық көпжанрлы өнер байқауының І орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі Абишева Илмира Утесиновнаны және Шұғыланы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!  ...

2 желтоқсан 2022

«СЕРІКТЕС ТОПТАРДЫҢ: «ҚАЛА-АУЫЛ» МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» МЕНТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«СЕРІКТЕС ТОПТАРДЫҢ: «ҚАЛА-АУЫЛ» МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» МЕНТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ Биыл облыс әкімі Н.Ноғаевтың қолдауымен облыстың білім беру жүйесін дамыту, ауыл мен қала мектептерінің білім сапасының ара қашықтығын жақындату мақсатында «Серіктес топтардың: «қала-ауыл» мектептерінің даму стратегиясын қалыптастыру» менторлық жобасы жүзеге асырылды. Аталмыш жобаға Ақтау қаласынан №1,№2, №3, №9, №10, №14, №16, №20 жалпы білім беретін мектептері қатысып, серіктес...

1 желтоқсан 2022

«Туған өлкесінің тарихы мен мәдениетімен таныстыруда балалардың бойында адамгершілік – патриоттық сезімдерді тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар

30.11.2022 ж. күні №60 «Ертөстік» бөбекжайында «Туған өлкесінің тарихы мен мәдениетімен таныстыруда балалардың бойында адамгершілік – патриоттық сезімдерді тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың туған өлкеге деген патриоттық, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Өз мекен жайы мен тұрғылықты қаласының атын, ондағы мәдени орындарды айта білуге үйрету, сүйікті қаламыздың суреттерін тамашалап, есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру. ...

1 желтоқсан 2022

Озық педагогикалық тәжірибе – ортақ нәтиже» тақырыбында қалалық семинар

30.11.2022жылы №61 «Сұлтан» бөбекжайы мен №32 «Ақшағала» бөбекжайы бірлескен «Озық педагогикалық тәжірибе – ортақ нәтиже» тақырыбында қалалық семинар жоғарғы деңгейде өтті. Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер мен жаңа технологиялардың тиімділігін арттыру, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын педагогтердің тәжірибелерімен бөлісе отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жандандыру үшін озық іс-тәжірибелерді ендіру. ...

25 қараша 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының алдын-ала қарау хаттамасы №2

...

24 қараша 2022

"Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру" тақырыбында әдістемелік семинар

23 қараша күні, Маңғыстау облысының Білім Басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 Лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру" тақырыбында әдістемелік семинар болды. Мақсаты: Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында мұғалімдерді әдістемелік қолдау және іс - тәжірибе алмасу. Бүгінгі өткен семинарда қала мектептерінің тарих пәнін оқытатын жас мамандар келіп, жас мамандар үшін әдістемелік...

24 қараша 2022

"Бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру" семинары

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің  "Оқу- әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен N3 жалпы білім беретін орта мектепте "Бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру" мақсатында Lesson study зерттеу кезеңдерінің соңғы семинары ағымдағы жылдың 23 қараша күні өтті.     Бұл зерттеу сабақтары өткен оқу жылының наурыз айында бірінші кезеңі, мамыр айында екінші кезеңі өткен болатын.      Аталған семинарларда ағылшын тілі пәні...

23 қараша 2022

"Саморазвитие как основа творческого становления молодого педагога" әдістемелік семинары

2022 жылдың 22 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне пән қауымдастық іс-шара жоспарына сәйкес «Саморазвитие как основа творческого становления молодого педагога» тақырыбында №30 жалпы білім беру мектебінде семинар өтті. Шараның мақсаты: қалалық жас педагогтердің кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып, әдістемелік пәндік жүйеде білімін жетілдіру, кәсіби құзіреттіліктерін арттыру және білім берудегі қызметте жаңа технологияны игеру арқылы өз саласын дамыту, жас мамандарға...

23 қараша 2022

АҚТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ІС САПАРЫНДА

АҚТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ІС САПАРЫНДА Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Н.Марабаев атындағы N 7 мектеп-лицейінің математика пәнінің ұстазы Петрова Н.Ю және француз тілі мұғалімі Аскармахмудова Л.А. математика әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу үшін Францияның Виши қаласына кетті. Тәжірибе алмасу барысында ұстаздар тілдік емес пәндерді зерделеу кезінде билингвизмді енгізудің инновациялық әдістерін үйренеді. Сонымен қатар, болашақта осы тәжірибеге сүйене...

22 қараша 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ақтау қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пушенова Эльмира Ермекқызы Беларуссияда өткен Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының жеңімпазы атанды. Эльмира Ермекқызының айтуы бойынша бұл оның Маңғыстау жеріндегі алғашқы жеңісі. Айта кетейік, ол өңірге арнайы бағдарлама бойынша келген мұғалімдердің бірі. Эльмира Ермекқызына шын жүректен табыс тілейміз! Сонымен қатар, жоғарыда аталған педагогтардың арасында біздің...

22 қараша 2022

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қараша күні «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының» қалалық кезеңі өткізілді.     Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды:     -Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі...

21 қараша 2022

«Тәй-Тәй» Step by step технологиясын колдану» тақырыбында қалалық семинар

   11.11.2022 ж. күні «№57 «Ақбота» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде «Тәй-Тәй» Step by step технологиясын колдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.     Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды «Тәй-Тәй» Step by step жаңа бағдарлама арқылы, жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалардың дербестігін, шығармашылықтарын, сыни ойлау, тапқырлыққа, еңбекке баулу, сыни ойлау қабілетін жан-жақты дамыту.     Семинарда №7 «Бәйшешек» МАД тобында...

18 қараша 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 8-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өткізілуде.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 8-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өткізілуде.     Науқан аясында балаларға қатысты қатыгездік пен немқұрайлық мәселесіне қоғамның назарын аудару, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстары, ата-аналар үшін «О тбасы және бала тәрбиесі»,«Әр бала-жарық жұлдыз» ұранымен «Бала тәрбиесі-бесіктен» тақырыбында...

15 қараша 2022

Педагогикалық идеялар панорамасы

   Бүгін "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының филиалы "Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық бейне-сабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын құттықтады. Филиалдың ұйымдастыру комитеті келіп түскен 292 жұмысты қарап, 43 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. 43 жеңімпаздар қатарындағы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының ұстаздарының үлесі мол. 9 педагог І орын, 8 педагог ІІ орын, 5 педагог ІІІ...

15 қараша 2022

«Үздік әлеуметтік педагог» байқауы

       Ақтау қалалық білім бөлімі «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік педагогтары арасында қашықтан «Үздік әлеуметтік педагог» байқауы өткізілді.        Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтарды анықтау, қолдау және білім беру жүйесінде әлеуметтік-психологиялық бағытты жетілдіру. Байқау нәтижесінде: І орын - Сапарбаева Жәмила Суевбаевна, «С.Қондыбай атындағы...

15 қараша 2022

КӨПТЕН КҮТКЕН СӘТ ТУДЫ!!!

КӨПТЕН КҮТКЕН СӘТ ТУДЫ!!! Сүйінші! Сүйінші! Құрметті, ағайын! Сіз бен біз боп асыға күткен, көптің сұранысына ие болып үлгерген, аз уақытта көпшілікті үзіндісімен баураған, мектеп өмірінің қызықты сәттерін таспалай отырып, тизерінің өзі қаншама қаралым жинаған-“МЕНІҢ СЫНЫПТАСТАРЫМ” атты қысқа метражды киномыздың тұсауы кесілді. 14 қараша күні №21 жалпы білім беретін мектептің оқушыларының қатысуымен түсірілген кино көрерменге жол тартты! Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының...

14 қараша 2022

"Креативті мұғалім- заман талабы" тақырыбындағы сырттай конкурс

     Aқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қарашасында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында заманауи озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, жариялау, педагогтардың ақпараттық коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында "Креативті мұғалім- заман талабы" тақырыбында сырттай конкурс өтті.      Конкурсқа барлығы 46 ағылшын тілі пәні маманы қатысып, байқаудың облыстық...

10 қараша 2022

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады «Қазақ тілі» пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады. Бұған дейін бұл ұсыныс қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және Оқу-ағарту министрінің қатысуымен өткен мұғалімдер қауымдастығы өкілдерінің...

10 қараша 2022

«Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиетіңнің айнасы» тақырыбында кездесу өтті

«Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиетіңнің айнасы» тақырыбында кездесу өтті 2022 жылдың 9 қарашасында  Ақтаудағы №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиетіңнің айнасы» тақырыбында кездесу өтті. Шараға Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев, полиция өкілдері, білім бөлімінің мамандары, мектеп Парламентінің президенттері, 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздар...

10 қараша 2022

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!     Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 01.03-10.10 аралығында өткізілген Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңіне қатысқан ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру бағыттары бойынша...

9 қараша 2022

Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту

08.11.2022 ж. күні №4 «Аққу» бөбекжайында «Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: тәй-тәй технологиясы және орф-педагогика әдісі арқылы балалардың шығармашылық пен интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру және тілін дамыту; эксперименттік іс-әрекет арқылы балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру арқылы сөйлеу тілін дамыту; мнемотехника әдісімен әртүрлі ойындар...

Соңғы хабарлар

17181920212223 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері