Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Педагог мектепке жұмысқа қалай тұра алады?

: https://www.instagram.com/reel/C8tJFYatv0R/?igsh=d3MwOXJrZmZoa2Uy





6 қаңтар 2023

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ 5 қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие жөніндегі орынбасарларының семинар-кеңесі өтті. Күн тәртібінде, ӘНХ жобалардың жүргізу ерекшеліктері, зерделеу қорытындылары талқыланды. Тәрбие жөніндегі орынбасарлар өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында 2022 жылы жетістікке жеткен ұстаздар марапатталды.  ...

4 қаңтар 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МДҰ-ға жүргізілген мониторинг қорытындысының ХАТТАМАСЫ

...

3 қаңтар 2023

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Н.Марабаев атындағы №7мектеп-лицейі» КММ-нің жоғары санатты дене шынықтыру мұғалімі Нұрлан Рүстембекұлы Мұсағұловтың мезгілсіз қазасына орай отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған Нұрлан Рүстембекұлы Түрікмен КСР тумасы (Красноводск қ.) «С.Сейди атындағы Түрікмен мемлекеттік педагогикалық институтын» бітірген. Ол тек қалалық қана емес, облыстық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған көптеген...

2 қаңтар 2023

КӨҢІЛ АЙТУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мусагалиева Дина Умаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған - туыстары мен отбасына қайғырып, көңіл айтады. Дина Умаровна - үлгілі ана, бақытты әже, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Ол қаланың білім саласына зор еңбек сіңірген білікті мамандардың бірі еді. Иманы жолдас...

31 желтоқсан 2022

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Ізгі тілекпен, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Тұғанбаева Бағдат Сырымқызы  ...

30 желтоқсан 2022

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН! Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау қаласы әкімі атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға 9-13 жас арасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалары 250 бала қатысты. Шараға қала әкімінің орынбасары И. Шагирбаев, облыстық мәслихат депутаты Л. Мендыгалиева, «НЗМ мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы...

29 желтоқсан 2022

"ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ" БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК СУРЕТ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ІЛІНДІ

"ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ" БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК СУРЕТ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ІЛІНДІ Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңына "Жемқорлықсыз әлем" байқауының жеңімпазы – Інжу Нұрланқызының суреті ілінді. "Жемқорлық тақырыбы – өте өзекті мәселе. Осы конкурс арқылы балаларда жемқорлық жайлы терең түсінік қалыптасатынына сенімдімін. Бұл жарысқа оқушымның қатысып, топ жарғанына қуаныштымын. Қалада шәкіртімнің суреті ілініп тұрғаны мен үшін – мақтаныш",- деді ұстазы Нұрболат Жазықбаев. 12 жасар Інжу...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Облыстық деңгейде өткізілген 5-6 сынып оқушыларының олимпиадасының қорытындысы  бойынша оқушыларымыз жеңімпаз атанды: І орын - Жангельды Зара,  «Бақыт-Ақтау» мектепбі,  6 сынып, жаратылыстану; І орын - Степанов Иван Алексеевич, №10 о/м, 5 сынып, математика; І орын - Хакимгали Абұлмансұр,  «Бақыт-Ақтау» мектебі, 6 сынып, математика; І орын - Рашидов Ильяс, №7 м/л, 5 сынып, орыс  тілі мен әдебиеті; І орын - Смоленская Виталина, №7 м/л, 6 сыны, орыс  тілі мен әдебиеті: ІІ...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін ынталандыру мақсатында өткізілген "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінен қалалық кезең жеңімпаздары жүлдемен оралды: І орын 1.  Әшірбай Сания,  №19 мг, 5 сынып, технология, өнер бағыты; 2.  Қонақбай Аян, Аманжан Райяна,  ALASH LYCEUM, 2 сынып,  туризм және спорт бағыты; 3.  Ожиганов Мирон,  Н.Марабаев атындағы...

28 желтоқсан 2022

Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады.

...

28 желтоқсан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   8-10 сынып оқушылары арасында жас экологтардың қоршаған ортаға саналы түрде қарауға, материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық мәдениетке қол жеткізуге, рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу мақсатында өткізілген жас экологтардың «Экоәлем» облыстық олимпиадасында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды: 8 сынып бойынша: III орын – № 13 гимназиясы, Қимағамбет Айару 9 – сынып бойынша: III орын –№ 13 гимназиясы, Сүтбай...

26 желтоқсан 2022

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ Бүгін, 26 желтоқсан күні Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары, Полиция басқармасы және Білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жылдық шырша мерекесінде қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қала аумағындағы мектеп оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды пайдалану...

22 желтоқсан 2022

«Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.

     Бүгін, 22.12.2022ж. «Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті.      Жиынды, лицей директоры Ж.Жумашева ашып берді. Музей, лицейдің 9 сынып оқушысы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық, облыстық кезеңінің жеңімпазы, Еуразия инновациялық орталығы мен Ұлттық жоғары оқу...

21 желтоқсан 2022

Педагогтердің пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін, сабақтағы басымдықтар мен дамыту стратегияларын жетілдіру жолдары

     Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында №13 гимназия базасында «Педагогтердің пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін, сабақтағы басымдықтар мен дамыту стратегияларын жетілдіру жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.      Семинар мақсатына сәйкес педагогтар біліктілік арттыру курстарынан алған білімін тәжірибесінде қолдану жолдары және оқытудағы негізгі мәселелерді талқылады. Семинарға қала мектептерінен 20 мұғалім қатысты.       Бағдарламаға сәйкес, Г. Умирзакова «Soft skill...

21 желтоқсан 2022

Ақтаулық оқушы «Жылдың жас патриоты» атанды.

Ақтаулық оқушы «Жылдың жас патриоты» атанды. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында қала бойынша ең алғаш түсірілген тың туынды “Менің сыныптастарым” атты қысқа метражды кино түсіріп, бастапқы серияларын көпшілік назарына ұсынған еді. 9 бөлімнен тұратын киноның алғашқы бөлімдері көптің көңілінен шығып, тек қала, облысты ғана емес республиканы да мойындатып, жетістік әкелді. №21 жалпы білім беретін мектептің көркем сурет пәні...

21 желтоқсан 2022

АҚТАУДАҒЫ "Ф.ОҢҒАРСЫНОВА" АТЫНДАҒЫ №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ТОП ЖАРДЫ

      Ақтау қаласында алғаш рет "Daryn" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "ДАРЫНДЫЛАР ӘЛЕМІ" фестиваль конкурсында "Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің вокал үйірмелерінің "Stars" тобы І орын, Түркия елінде өтетін конкурсқа 70% жолдама, "Балдәурен" тобы ІІ орын, Түркияға 50% жолдама алды. Оқушылар мен жетекшісі Н.Тұржанованы құттықтаймыз!  ...

21 желтоқсан 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерімен кездесу

19 желтоқсан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерімен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын үйлестіруші Ізбен Ерлан Шаулекенұлы жүргізіп отырды. Кездесу барысында 2022 жылдың қорытындысы, президенттердің жұмыс есебі, алдағы міндеттер талқыланды.  ...

20 желтоқсан 2022

Көптілді білім берудің болашағы

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні "STEM"  мұғалімдерінің шығармашылық кәсіби әлеуетін қолдау, үштілділік білім берудің педагогикалық мазмұнын жаңарту, инновацилық идеяларды іздеу мақсатында "Көптілді білім берудің болашағы" тақырыбында сырттай конкурс өтті.  ...

19 желтоқсан 2022

Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ойын технологиялары арқылы балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін арттыру

15.12.2022жылы №35 «Балдырған» бөбекжайында «Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ойын технологиялары арқылы балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ой тұжырымдау мен пайымдауларын жетілдіру, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Семинарда тәрбиеші А.У. Кощанова, ән-саз мұғалімі Б.Ж.Нуримова, дене шынықтыру нұсқаушысы...

19 желтоқсан 2022

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде аймақ басшысы Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті. Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, жас мамандар қатысты. Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ноғаев шараның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандығын атап өтіп, мерекемен құттықтады. Шара соңында 2022...

14 желтоқсан 2022

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Күмбірле, домбыра" жас домбырашылар байқауы өткізілді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Күмбірле, домбыра" жас домбырашылар байқауы өткізілді. Мақсаты: күй құдіретін жас ұрпаққа насихаттау, жас домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау. Қатысушылар " Ерке сылқым", " Көроғыл Түркеш", " Балбырауын", " Адай", " Қосалқа", " Айжан қыз" күйлерін нақышын келтіре орындады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Жауапты: Н.Исагалиева.  ...

13 желтоқсан 2022

ҚР Оқу-ағарту министрлігің кубогіне арналған Республикалық дебат турниріне келген Маңғыстау облысының пікірсайысшылары.

ҚР Оқу-ағарту министрлігің кубогіне арналған Республикалық дебат турниріне келген Маңғыстау облысының пікірсайысшылары. Ақтау қаласынан орыс және ағылшын тілді лига өкілдері қатысады. Сәттілік тілейміз!   ...

10 желтоқсан 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен Кеңес өткізілді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен Кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева, облыстық және қалалық депутаттар, қалалық кәсіподақ төрағасы, Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, қалалық білім беру ұйымдарының басшылары, жалпы білім беретін орта мектептердің Білім бөлімі жанындағы мүшелері қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, баяндамалар оқылды. Соның ішінде, ҰБТ салыстыра отырып, оқу...

6 желтоқсан 2022

"Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру" тақырыбында семинар өтті.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу- әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 02 желтоқсан күні №20 М.Ауезов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте  даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру жүйесі аясында "Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру" тақырыбында семинар өтті. Семинарға қала мектептерінен 24 мұғалім қатысты. Семинарда аталған мектептің жас мамандары В.Сидегалиева, Ә.Кесікбаева, Ә.Нурланова А.Хабибуллина,...

Соңғы хабарлар

16171819202122 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері