Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

“Ер жігіт - Ер қорғаны” әскери-спорттық сайысы

Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығы Маңғыстау жергілікті бастама орталығы қоғамдық қорымен бірлесіп облыстық оқушылар сарайы базасында “Ер жігіт - Ер қорғаны” әскери-спорттық сайысын өткізді. Әскери-спорттық сайысына қаламыздың 15 жалпы білім беретін ұйымдарының 14-15 жастағы 8-9 сынып білім алушылары ұлдар мен қыздар қатысты.

Қалалық сайыстың мақсаты: мектепте оқушыларға Әскери дайындық пәндерінің және патриоттық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнын жетілдіру арқылы отанға қызмет етуге деген елжандылық қасиеттерін бойларына дарыту.

Төрешілер алқасының шешімімен жеңімпаз командалар анықталды.

І орын А.Байтұрсынов атындағы №28 ЖББМ КММ командасы.

ІІ орын №11 лицей КММ командасы.

ІІІ орын №3 ЖББМ КММ командасы иеленді.

Жүлделі орынға ие болған командалар дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!! 





26 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға барушыларға үгіт-насихат жүргізген өкілдерімен кездесу өтті

    Ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында Ақтау қаласындағы №№3,8,29 мектеп базасында өткізілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жоғары оқу орындарына  оқуға барушыларға  үгіт-насихат жүргізген өкілдерімен өткізілген кездесуге Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары оның ішінде 15 мектептің ұл балаларынан 360 оқушы қатысты.      Кездесуге Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының оқу жаттығу...

26 қаңтар 2023

«Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы өтті

«Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы өтті 2023 жылдың 24-26 қаңтар күндері аралығында «Маңғыстау Арена» базасында Ақтау қаласы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің арасында футзалдан 9-11 сынып қыздарының қатысуымен «Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы болып өтті. Жарысқа қаламыздың мектептерінен 10 команда қатысты. Үш күн бойы тартысты өткен додада жеңімпаз командалар анықталды. І орын -  №20 жалпы білім беретін мектеп командасы; ІІ орын - №5 жалпы білім беретін...

26 қаңтар 2023

ШЕБЕРЛЕР ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

ШЕБЕРЛЕР ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА Бүгін, 2023жыл 26 қаңтар күні педагог-зерттеуші "С.Қондыбай атындағы №22 мектеп -гимназиясы" КММ бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Нұрғаным Аманқосқызы №19 мектеп -гимназиясының педагог-шебері Сүйесінова Кенжегүл Берішбайқызынан челленджі қабылдап, №28 мектептің бастауыш сыныбында қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында десант сабақ өткізді.  ...

26 қаңтар 2023

ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ Ақтау қаласы бойынша «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орындар алып және республикаға жолдама алған қатысушыларымыз бен жетекшілерімізді құттықтайды! Облыстық турнир БПФ форматында және қазақша, орысша, ағылшынша топтық кезеңдер арқылы өткізілді. Қазақ тобы: ІІ орын -...

25 қаңтар 2023

ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫ ӨТТІ

ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫ ӨТТІ 2023 жылдың 23 қаңтарында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу –әдістемелік орталығы» КММ директоры К. Мированың төрағалығымен №№2, 6, 20, 29 жалпы білім беретін мектеп басшылары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен талқылау алаңы өтті. Шараның мақсаты білім сапасын II тоқсан қорытындысы бойынша төмен көрсеткен мектептердің үлгеріміне әсер ететін факторлар мен себептерді анықтау. Сонымен қатар, талқылау алаңы аясында білім сапасының мониторинг...

25 қаңтар 2023

БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТТІ

БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТТІ 2023 жылдың 23-24 қаңтары аралығында №23 жалпы білім беретін мектептің спорт залында, білім ұйымдары арасында баскетболдан 7-8 сынып ұлдарының қатысуымен «Алтын доп» мектеп лигасы  өтті. Лигага қаламыздың мектептерінен 13 команда қатысып, екі күндік тартысты ойында жеңімпаз командалар анықталды: І орын - №1 жалпы білім беретін мектеп командасы; ІІ орын - №9 жалпы білім беретін мектеп командасы; ІІІ орын -  №10 жалпы білім беретін...

25 қаңтар 2023

"Оқушыларды START-UP жобаларға дайындау алгоритмі" тақырыбында онлайн-семинары өтті

Бүгін, 2023 жылдың 25.01 күні Назарбаев Зияткерлік мектебі мен №2 жалпы білім беретін мектептің арасындағы серіктестік негізіндегі жоспар аясында жетекші Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының ұйымдастыруымен "Оқушыларды START-UP жобаларға дайындау алгоритмі" тақырыбында онлайн-семинары өтті. Семинарға мектебіміздің жаратылыстану бағытындағы және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Семинар ZООМ платформасымен өткеніне қарамастан көптеген қажетті мәліметтер берілді. Бүгінгі бәсекеге...

25 қаңтар 2023

«Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 25 қантарында «№36 “Топотушки” бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК-де «Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар мақсаты: Балалармен жұмыс ұйымдастыруда ойын технологияларын қолдану арқылы тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерін...

25 қаңтар 2023

«Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында №44 «Шаттық» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға 37 мектепке дейінгі мекемелерден 39 педагог және Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталық» әдіскері Сәтиева Раушан Қуанышқызы қатысты. Семинардың мақсаты: ойын арқылы әлеуметтік құбылыстарды баланың жас ерекшелігіне сай түсіндіру. Балаларды тату...

25 қаңтар 2023

ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ 2023 жылдың 25 қаңтары күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  №№1, 29 жалпы білім беретін мектептер мен №11 лицейінің дебат клубтарының оқушылары Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысуда. «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнирдің мақсаты өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін...

20 қаңтар 2023

2022-2023 оқу жылындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі

Aғымдағы жылдың 20 қаңтары күні 2022-2023 оқу жылындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі өткізілді. Жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мақсатында өткізілген олимпиадаға 560 оқушы қатысты. Олимпиада қазақ тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, орыс тілі,...

20 қаңтар 2023

АҚТАУДА “ОҚУШЫ. МЕКТЕП. АТА-АНА” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ

АҚТАУДА “ОҚУШЫ. МЕКТЕП. АТА-АНА” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ Бүгін №21 жалпы білім беретін орта мектепте Ақтау қаласы әкімі жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Оқушы. Мектеп. Ата-ана” тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Оған барлық мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, ұстаздары және кеңес мүшелері қатысты. Кездесу Аналар кеңесінің төрағасы Гүлзира Есетованың жетекшілігімен өтті. Онда ҚР Білім беру ісінің үздігі Рысгүл Игликова, педагог -зерттеуші, психолог Нұржамал...

18 қаңтар 2023

Ақтауда қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді

Ақтауда қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді Бүгін, 2023 жылдың 18 қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта математика пәнінен ойлау тапсырмаларын үйретудің тиімді жолдары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты жас мамандардың әлеуетін арттыру және әдістемелік көмек көрсету. Шара №23 жалпы білім беретін мектепте өтті. Оған қала мектептерінің 50-ге жуық...

16 қаңтар 2023

Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау

Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау Оқушыларды информатика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау бағытында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «№11 лицей» КММ базасында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға 30 педагог...

16 қаңтар 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік - рухани қолдау көрсету мақсатында өткізілген жас ақындар айтысында «Қайым айтыс» бойынша “Дарын” ЖШС 9 сынып оқушысы Байжігіт Бейбіт бас жүлде иеленді. Жеңімпаз оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!   ...

13 қаңтар 2023

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Информатика пәнінде жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында №6 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімдері іс – тәжірибелерімен бөлісті: Байзулина Бакыт Жакуовна «Электронные таблицы в MS Excel», Хайдырова Алтынай Синбаевна...

13 қаңтар 2023

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ      Ақтауда 2023 жылдың жылдық жоспарын бекіту мақсатында “Аналар кеңесінің” мүшелері бас қосты.      Кездесуге Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева және кеңес мүшелері қатысты.      Кеңес төрағасы Гүлзира Есетованың айтуынша, жаңа 2023 жылға жоспарланған шаралар мен міндеттер өте көп.     “Бүгінгі отырысқа қош келдіңіздер. Осы жылы бізге жүктелген міндеттемелер өте көп. Қоғамдағы өткір мәселелерді назарымызға алып, сол бойынша...

11 қаңтар 2023

«ҰБТ - дағы информатика есептерін шешудің тиімді тәсілдері» облыстық семинар өтті.

«ҰБТ - дағы информатика есептерін шешудің тиімді тәсілдері» облыстық семинар өтті. Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына IT бағыты бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізді. «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика»...

11 қаңтар 2023

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ. 05.01.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, білім беру ұйымдарындағы химия пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиада есептерін тиімді шешу жолдары мен шығару тәсілдері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Қала бойынша әр мектептен 26 мұғалім қатысты. «Олимпиада есептерін тиімді...

10 қаңтар 2023

БИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨТТІ.

БИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨТТІ. 06.01.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, білім беру ұйымдарындағы биология пәні мұғалімдеріне арналған "Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация" тақырыбында әдістемелік семинар, биология қауымдастығының кезекті отырысында өтті. Қала бойынша әр мектептен...

10 қаңтар 2023

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

СҮЙІНШІ АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ      Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Түркияның Стамбул қаласында өткен Халықаралық байқауда топ жарды.     Түрік елінің төрінде өткен Халықаралық байқауға әлемнің әр шетінен 200-ге жуық өнерпаз келген. Солардың ішінен жүзден жүйрік атанып, Бас жүлдені қанжығасына байлаған эстрадалық вокал номинациясы бойынша "Жұлдыз" ансамблі мен жеке орындау...

9 қаңтар 2023

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді.

    Ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді.     Aқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 қаңтарында ағылшын тілінің білім сапасын арттыру мақсатында *Эффективные методы развития устной речи на уроках английского языка на разных ступенях обучения* тақырыбында N6 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді.     Вебинарда А.Букенбаева, А.Абдрахман,...

9 қаңтар 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

   Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Мирова Күлпан Тойлықызы тағайындалды.     Білімі жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, тілдер факультетін 1992-1998жж. Қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.    Еңбек жолын Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті...

8 қаңтар 2023

«Мы не физики, мы - лирики» тақырыбындағы онлайн челлендж

     2022 жылдың 12-23 желтоқсан аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының жоспарына сәйкес, шығармашыл мұғалімдерді интеллектуалды дамыту және қолдау үшін жағдай жасау және өзін-өзі көрсетуіне, жеке дамуына жәрдемдесу мақсатында « Мы не физики, мы - лирики» тақырыбында онлайн челлендж өтті.       Осыған орай Ақтау қаласы бойынша мұғалімдеріміздің өлеңдері және челленджге қатысушылардың бейне ролигі ережеге сәйкес инстаграмм желісіне жарияланды.     ...

Соңғы хабарлар

15161718192021 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері