Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





7 наурыз 2023

С.Қондыбай атындағы география пәнінен қалалық олимпиада

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 наурызы күні С.Қондыбай атындағы география пәнінен қалалық олимпиада, «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін...

6 наурыз 2023

Ана – бақыт, ана – нұр, ана - ұстаз

Ана – бақыт, ана – нұр, ана - ұстаз  “8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында ұстаз аналарды құттықтау мақсатында М.Өскінбаев атындағы филармония залында «Ана – бақыт, ана – нұр, ана - ұстаз» атты мерекелік кеші өтті. Қаламы жүйрік жазушы да,...

5 наурыз 2023

"Былғары доп" жарысы

     2023 жылдың 22-24 ақпан,1-3 наурыз күндері аралығында №21 жалпы білім беретін мектептің базасында. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 7-8,9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында мектеп лигасы бойынша қалалық футболдан «Былғары доп»...

5 наурыз 2023

"Қазақстан Ұстазға" фестивалі

4 наурыз күні Алматы қаласында "Қазақстан мектебіне: "Оқушы, Ұстаз, Көшбасшы" жобасы аясында "Edcrunch Academy"заманауи білімді дамыту институтының ұйымдастырумен Hightech Academy мектебінде "Қазақстан Ұстазға" фестивалі өтті. Жобаның мақсаты: Облыстың білім сапасын арттыру. Жобаға...

3 наурыз 2023

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар

     2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өткен «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар» конкурсынан математика және экономика секциясы...

2 наурыз 2023

Мектепішілік бақылау

    Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні №3 жалпы білім беретін мектепте мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес білім алушылардың жалпыға міндетті білім стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында кесінді тестілеу алынды.      ІІ тоқсан қорытындысымен төмен сапа...

2 наурыз 2023

«ӘКЕ - ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы

    28 ақпан күні Ақтау қалалық білім бөлімінің қолдауымен №13 гимназиясы ««Сенімен Болашақ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп, «Әке – отбасының тірегі» атты әкелер форумын өткізді.      Форумға мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Нұрұлы, Маңғыстау...

1 наурыз 2023

«Анам, әжем және мен» байқауы

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында...

1 наурыз 2023

Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі

     «Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығының әдістемелік семинары      28 ақпан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп»...

1 наурыз 2023

Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы инновациялық технологияларды қолдану

       Бүгін, 24 ақпан күні  №10 «Толқын» бөбекжайында "Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.         Семинарға  №№4, 8, 11, 14, 16, 17,19, 22, 23, 24, 26, 28, 29, 31, 33, 34, 35, 36, 39, 42, 43, 44, 46, 57, 58, 59, 60, 61...

1 наурыз 2023

«Үздік тәрбиеші-2023» байқауы

     Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні қалалық «Үздік тәрбиеші-2023» байқауы өтті.      Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші кәсібінің статусын көтеру және шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби қызметінде жоғары жетістіктері бар тәрбиешілерді...

1 наурыз 2023

Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс күнімен құттықтаймын. Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір – біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге,...

1 наурыз 2023

Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикаларын және ойлау қабілетін жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту

     Ағымдағы жылдың 27 ақпанында  №19 «Толағай» бөбекжайында «Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикаларын және ойлау қабілетін жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.       Семинардың мақсаты:...

28 ақпан 2023

«Алтын түлек» олимпиадасы

27.02.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «№28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Алтын түлек» олимпиадасының өңірлік кезеңінде кездескен кейбір...

27 ақпан 2023

Қалалық «Үздік эссе» байқауы

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 20.02.2023ж №84 нқ бұйрығы негізінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу шығармашыл мұғалімдерді анықтау мақсатында  «Үздік эссе» байқауы өткізіліп,...

27 ақпан 2023

“АТА - АНА - ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ” ата-аналар форумы

      Бүгін, 27 ақпан күні “Достық үйі” ғимаратында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам мен ата- ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында “Ата - ана - ұлттың ұясы” тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Форумға ата-аналар, мектеп директорлары,...

27 ақпан 2023

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

2023жылдың 27 ақпан күні Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте әдістемелік көмек көрсету күні болды. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжімен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылған...

26 ақпан 2023

Тоғызқұмалақ олимпиадасы

2023 жылдың 20-22 ақпан күндері аралығында И.Жанболатов атындағы №15 мектеп-гимназиясының базасында 2-11 сынып (ұлдар,қыздар) арасында тоғызқұмалақтан қалалық олимпиада  өтті.   Тоғызқұмалақ олимпиадасына қаламыздың мектептерінен 21 команда, 105 ойыншы қатысты. Үш күн бойы...

26 ақпан 2023

«Былғары доп» жарысы

      2023 жылдың 13-18 ақпан күндері аралығында №19 мектеп-гимназиясы базасында. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-6,7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында мектеп лигасы ойынша қалалық футболдан «Былғары доп» жарысы болып өтті....

30 қаңтар 2023

САЙЛАУ 2023

...

30 қаңтар 2023

2022-2023 оқу жылындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңін тікелей эфирден көруге болады

https://youtu.be/iPfgm0IzRZs  ...

28 қаңтар 2023

«Шұбар доп» мектеп лигасы

2023 жылдың 25-27 қаңтар күндері аралығында №№3,5,17,29 жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушыларының арасында (ұлдар,қыздар) волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасы жарысы...

28 қаңтар 2023

2022-2023 оқу жылындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі

...

27 қаңтар 2023

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚУҒА ҚҰШТАР ШӘКІРТ" СЕМИНАРЫ

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚУҒА ҚҰШТАР ШӘКІРТ" СЕМИНАРЫ       Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кітап оқу арқылы жүзеге асыру, жас оқырмандар арасында кітап оқуды...

Соңғы хабарлар

14151617181920 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері