Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

Ақтауда 17 шағынауданнан оқушылар сарайы салынып жатыр. Құрылысы 2023 жылы аяталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бөлімінің менеджері Руслан Әубекеров айтты. Оның айтуынша, ғимаратта спорт кешені, шерулер мен салтанатты сап түзу шараларына арналған алаң, ойын-сауық аймақтары болады.

- Сонымен қатар сурет, фото және видео шеберханалары, хореография, музыка сыныбы, көрме залы, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар, буфет болады. 700 адамға арналған акт залы, көрме залдары, театр өнеріне арналған залдар, әкімшілік бөлмелер, кітапхана да қарастырылған. Оқушылар сарайы күніне 1000-нан астам баланы қабылдайды, - деді Руслан Әубекеров.

Руслан Әубекеровтың айтуынша, 1998-2022 жылдар аралығында NCOC компаниясының қолдауымен Маңғыстауда 113 жоба жүзеге асты. Олардың ішінде мектептер, ауруханалар, балабақшалар, дене шынықтыру және сауығу орталықтары, жол құрылысы бар. Бұл мақсатта 425 млн АҚШ доллары жұмсалған.

- Аталған жобалардың Маңғыстау өңірі үшін маңызы зор. Мәселен 2021 жылы Ақтау қаласында 100 орындық онкологиялық диспансер құрылысы компанияның демеушілігімен жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты - халыққа онкологиялық науқастарды уақытында және ерте анықтау және емдеу бойынша жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Бір ауысымда 75 адам қабылдауға қауһарлы. 100 орындықты, 4 блоктан тұрады: функционалдық диагностика бөлімшесі, рентген бөлімшесі, радиологиялық бөлімше, радиоизотопты диагностика зертханасы, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі бар, - деді Руслан Әубекеров.

Бұдан бөлек, қала тұрғындарының кәсіби спортпен айналысуына, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға арналған 17-шағынауданда орналасқан «Бокс орталығы» спорт кешені мен 19А шағынауданындағы «Мәдениет орталығы» кешенін айтуға болады.

Брифинг барысында NCOC компаниясы Ақтау қалалық кеңсесінің басшысы Арман Жанахмет демеушілік және қайырымдылық бағдарламасына тоқталды.

-Аталған бағдарлама шеңберінде 1998-2021 ж аралығында Маңғыстау облысының жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөлу мақсатында 11,6 млн. АҚШ доллары игерілді. 2009 ж бастап жыл сайын демеушілік және қайырымдылық жобаларына 750,000 млн. АҚШ доллары бөліне бастады. NCOC компаниясы бұл бағдарламаны бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырады: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық,- деді Арман Жанахмет.

Компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Зарина Бәкенова Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға арналған қаражат негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау облысының арасында тең бөлінетінін атап өтті. Ал демеушілік және қайырымдылық мақсатындағы шараларға жыл сайын 1,5 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджет бөлініп, бұл Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең жұмсалады.

------------------------------------

В Актау строят Дворец школьников

Строительство нового объекта, предназначенного для подрастающего поколения, ведется при спонсорской поддержке компании NCOC, сообщает сайт mangystaumedia.kz со ссылкой на представителя компании Руслан Аубекеров, выступившего на брифинге в ЦОК Мангистауской области.

Дворец школьников возводят в 17 микрорайоне Актау, ввести его в эксплуатацию намерены уже в 2023 году.

В здании будущего дворца предусмотрен спортивный комплекс, площадка для шествий и торжественных линеек, развлекательные и спортивно-технические зоны. Во дворце, как рассказал спикер, запланированы кордодромы для испытаний моделей и площадка для запуска ракет.

-Помимо этого, учли и помещения для проведения мастер-классов по рисованию, фото-и видео. Здесь же школьники смогут заниматься хореографией, у них будет еще музыкальный класс, выставочный зал, студии звукозаписи и террасы для отдыха, буфет и библиотека, - делится менеджер отдела социальных и инфраструктурных проектов NCOC.

О масштабах проекта говорит и строительство актового зала на 700 мест, который сможет принять более тысячи детей в день.

-Мы хотим, чтобы дворец школьников стал настоящим центром всеобщего развития подрастающего поколения нашего региона. Здесь будут развивать свои таланты дети из всей области, и мы надеемся, что воспитанники дворца будут достойно представлять наш регион на международных культурных, научных и спортивных мероприятиях, - говорит Руслан Аубекеров.

С 1998 по 2022 годы при поддержке компании NCOC в Мангистау реализовано 113 проектов. Среди них школы, больницы, детские сады, центры физической культуры и оздоровления, дорожное строительство. На эти цели затрачено 425 млн долларов США.

Для Мангистау значимы абсолютно все эти проекты. К ним можно еще отнести онкологический диспансер на 100 мест в Актау, который построен в 2021 году. Теперь рак у больных можно выявить на ранних  стадиях. Это позволяет современное оборудование, которым оснащен новый онкоцентр.

Благодаря компании в городе появились также центры культуры и бокса, они расположены в 19Аи 17 районах соответственно.

В целом, за 23 года Мангистауской области компанией выделено 11,6 млн долларов США. Как рассказал руководитель актауского городского офиса компании NCOC Арман Жанахмет, начиная с 2009 года ежегодно на спонсорские и благотворительные проекты выделяется 750,000 млн долл. США. Все спонсорские средства поровну делятся между Атырауской и Мангистауской областями.







14 сәуір 2023

Мектеп лигасы

    2023 жылдың 01-06 сәуір күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары ұлдар, қыздар арасындағы Мектеп лигасы бойынша қалалық жеңіл атлетикалық кросс жарысы болып өтті. Жарысқа қаламыздың мектептерінен 5-11 сынып оқушылары арасында 15 команда, 120...

13 сәуір 2023

"JuniorSkills – 2023" чемпионаты

     2023 жылдың 12 сәуірі күні “Оқушы Орталығы” КММ-де қалалық "JuniorSkills – 2023" чемпионатының бағдарламасына сәйкес екі құзіреттілік бойынша сайыс өтті.      Сайысқа қолданбалы сәндік өнері «Матаға сурет салу» құзіреттілігі 11-16 жас және "Сән технологиясы" құзіреттілігі 13-14...

13 сәуір 2023

«Еуропа-Азия» республикалық туристік фестивалі

    2023 жылдың 4 сәуір күні Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Еуропа-Азия» республикалық туристік фестивалі болып өтті. Фестивальға қала мектептерінен 6 команда, 36 мұғалім қатысты.      Шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты: Салауатты...

10 сәуір 2023

«Мамандықтар әлемін ашамыз» қашықтық республикалық форумының қалалық кезеңі

     Ағымдағы жылдың 10 сәуірі күні Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып- білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, оқушылар мен педагогтерді бірлескен...

10 сәуір 2023

Канипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы

Бүгін, 10 сәуір күні Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор Қанипа Бітібаеваның мұраларын жетік меңгерген, білімді оқушыларды анықтау мақсатында өткен Канипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының...

10 сәуір 2023

2023 жылдың 3-7 сәуір күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

2023 жылдың 3-7 сәуір күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Конкурсқа қала бойынша 11 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орынға ие болды. ІІ орын - Кошербай Дінмұхаммед, математика бағыты, Мамандандырылған...

10 сәуір 2023

Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының қалалық кезеңі

    Бүгін, 10 сәуір күні,  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасынан Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының...

9 сәуір 2023

Ағылшын тілін оқыту : инновациялық әдістер мен тәжірибелер

     Ақтау қаласы бойынша педагогтік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 05.04.2023 жылғы №78 бұйрығы негізінде 2023 жылдың 06 сәуір күні «Н.Ондасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген...

9 сәуір 2023

Баланың басты ұстазы ата-ана

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні №30 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Шараға 369 ата-аналар мен педагогтер қатысты. Мектепте көрме ұйымдастырылып, келген қонақтар қолөнер...

7 сәуір 2023

«Алтын қазына» байқауы

Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше бөлімі бойынша  - орын Рахимова Аделина «Оқушы орталығы », «Өрлеу аула клубы», жетекшісі- Сахова Айман; Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т.б....

7 сәуір 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті қала тұрғындары! Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына...

7 сәуір 2023

«Жылдың үздік тәлімгері» қашықтық байқауының қалалық кезеңі

   ​ 2023 жылдың 7 сәуірі күні тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін көтеру, қызметін ұйымдастыру, қолдау, педагог имиджін көтеру мақсатында «Жылдың үздік тәлімгері» қашықтық байқауының қалалық кезеңі Ақтау қалалық «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік...

7 сәуір 2023

Билингвалды сыныптарды ашу

    «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ-де билингвалды сыныптарды ашу мақсатында мектеп директоры Имангалиева Г.Б. және Қазақстандағы Франция елшісі Дидье Канесса мырза арасында екі жақты келісімшарт жасалды.     2023 жылдың 4 сәуірінде білім саласындағы...

7 сәуір 2023

"Домбыра сазы», «Тарлан талант» атты кітаптарының тұсаукесері

      Бүгін, 7 сәуір күні Ақтау қаласындағы Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ахмет Байтұрсынов атындағы «Алтын»...

7 сәуір 2023

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

      Бүгін,  7 сәуір күні "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ жоспарына сәйкес Н.Ондасынов атындағы №5 жалпы білім беру мектебінде әдістемелік кеңес өтті.      Кеңеске жалпы білім беретін мектептердің әдістеме жөніндегі орынбасарлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары...

6 сәуір 2023

«WorldSkills Aktau -2023» чемпионаты аясындағы қалалық «Babyskills», «JuniorSkills» чемпионаты басталды

    Қазақстандағы «WorldSkills» қозғалысының жұмыс жүйесіне қосымша білім беру педагогтарын қосу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және 6-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларын ерте жастан мамандыққа баулу, ерте кәсіптік бағдар беруді дамыту, ерте жастан балалардың...

5 сәуір 2023

Үздік ағылшын тілі пәні кабинеті

Қалалық «Үздік ағылшын тілі пәні кабинеті» байқауы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 02.03.2023ж №108 нқ бұйрығы негізінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кабинеттік жүйені іске асырудағы педагогикалық тәжірибесін анықтау, кабинеттік жүйеде білім берудің...

5 сәуір 2023

Сабаққа дайындық: сабақты жоспарлау архитектурасы мен стратегиясы

2022-23 оқу жылының 30-31.03 күндері жалпы білім беретін мектептердің білім сапасын көтеруге байланысты жоба аясында серіктес мектептермен жұмыс барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Сабаққа дайындық: сабақты жоспарлау архитектурасы мен стратегиясы" тақырыбында өткен...

5 сәуір 2023

BabySkills - Worldskills стандарттарына сәйкес ерте кәсіптік бағдар беру

31.03.2023 жылы Білім басқармасы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектептердің білім сапасын көтеру мақсатындағы біріккен кешенді жоспар аясында «BabySkills - Worldskills стандарттарына сәйкес ерте кәсіптік бағдар беру» тақырыбындағы ...

2 сәуір 2023

Қалалық «Алтын қазына» байқауының қорытындысы

   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 27.03.2023ж №159 нқ бұйрығы негізінде білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани –адамгершілік және мәдени...

2 сәуір 2023

Мерген ару-2023

2023 жылдың 30-31 наурыз күндері аралығында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып қыздар арасында «Мерген ару-2023» әскери-патриоттық пневматикалық мылтық ату сайысы И.Жанболатова атындағы №15 мектеп-гимназиясы базасында болып өтті. ...

1 сәуір 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар, қала тұрғындары! Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала...

1 сәуір 2023

Мектеп лигасы

Бүгінде білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге...

31 наурыз 2023

Гитара ғажайыптары-2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 2023 жылдың 29-31 наурызы күндері аралығында Астана қаласында өткен “Гитара ғажайыптары-2023” гитарлы әндер байқауының республикалық кезеңінің дипломанты атанған Ақтау қаласының №14 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мұңалқожа Түгелбайды және жетекшісі...

Соңғы хабарлар

1 ... 4567891011
12131415161718 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері