Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты өтті.

Дарынды оқушылардың жетістіктері насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатында өткен тәрбие сағатында халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының, республикалық жарыстардың, пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанған 200-ден аса оқушы қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтауын тыңдады. Шарада облыс әкімінің орынбасары Звира Түгелқызы үздік оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Шарада оқушылар «Менің жетістікке жету жолым», «Мамандық - үлкен таңдау», «Отанымды сүйемін» және ұлттық құндылық, ғылымға құштарлық, маңғаз өлкенің жауһарлары, адамның тұлға болып қалыптасуы бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. 





28 сәуір 2023

Жас сарбаз-ертеңгі ел қорғаны

       Бүгін, 28 сәуір күні Жаңаөзен қаласында облыстық "Жас сарбаз-ертеңгі ел қорғаны" жарысы өтті. Жарысқа облысымыздың қала аудандарынан 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушы әр оқушы өздерінің патриоттық рұхтарының мықты, жоғары деңгейде екенін көрсете білді.       Облыстық кезеңде бақ сынаған Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты  №13 гимназиясының  "Алаш" командасы "Пневматикалық винтовкадан ату" номинациясы бойынша І орын иеленді. Жеңімпаз команданы және жетекшісі Бижанов...

28 сәуір 2023

Ақыл ойдың шұғыласы – білім, Білім – рухани байлықтың асыл сөзі

    Бүгін, 28 сәуір күні М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарынан тыс «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ақыл ойдың шұғыласы – білім, Білім – рухани байлықтың асыл сөзі» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Мектептегі пән бірлестіктерінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жүйелі жұмысын насихаттау және іс – тәжірибесін облыс мектептеріне тарату мақсатында өткен іс-шараға мектеп директорларының тәрбие...

21 сәуір 2023

Қалалық «Бояулар құпиясы» байқауы

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 13.04.2023ж №203 нқ бұйрығы негізінде білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткізілген «Бояулар құпиясы» байқауының қорытындысы: «Менің елім-менің жерім» номинациясы бойынша 10-13 жас : І орын - Мақсатқызы Диана, №19 мг,  жетекшісі Андалиева Гүлбаршын Сабитовна; ІІ орын - Камал Фарангиз, «Ақ желкен» аула клубы, жетекшісі Қурманбаев Канат; ІІ орын...

21 сәуір 2023

«Жас құтқарушылар» топтары арасындағы қалалық жарыс

   Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгеру мақсатында жалпы білім беретін мектептен құрылған «Жас құтқарушылар» топтары арасында қалалық жарыс өткізілді.    Жарыс нәтижесі бойынша: орын- №23 жалпы білім беретін мектеп; орын- №14 жалпы білім беретін мектеп; орын- И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп  иеленді.     Жеңімпаздар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының грамотасымен...

21 сәуір 2023

Мектеп пәндері бойынша күрделі тақырыптарды оқыту

20 сәуір күні №3 жалпы білім беретін мектеп базасында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалы мектеп алаңындағы кәсіби дамудың "Тәлімгерлік мектебі-педагогикалық шеберлік зертханасы" жобасы аясында жоспарға сәйкес, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі М.Г.Төремұратқызының ұйымдастыруымен командалық оқыту "Мектеп пәндері бойынша күрделі тақырыптарды оқыту" тақырыбында облыстық семинар болып өтті. ...

20 сәуір 2023

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ, МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

     19 cәуір күні №11 лицейде Ақтау қаласының оқу-әдістемелік орталығының оқу жетістіктерін бағалау,мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша жиналыс өтті.      Жиналысқа Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, білім берудің оқу-әдістемелік орталығы басшысы Ж.Үмбетова, білім бөлімінің мамандары, орталық әдіскерлері, мектеп директорлар, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.      Маңғыстау облысы білім басқармасының 06.04.2023№79 нқ бұйрығына...

20 сәуір 2023

"TopIQ" білім беру web-платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қ.К.Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында мектептердің оқу процессіне «Алматыкітап» баспасы әзірлеген TopIQ.kz электрондық оқулықтардың платформасын енгізуге байланысты, «TopIQ» білім беру web-платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тиімді...

20 сәуір 2023

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ЖОСПАР АЯСЫНДА

   Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 2023 жылға арналған жалпы білім сапасын көтеру мақсатындағы серіктес мектептер арасындағы кешенді жоспар аясында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары №2 жалпы білім беретін мектеп базасында сабақ өткізді. Мақсат: жалпы білім беретін мектептердің білім сапасының артуына септігін тигізу; өзара әдістемелік к өмек көрсету. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Сәния Айболатқызының 7«А» сыныбында «Жаңа технологиялар...

19 сәуір 2023

"Қазақтың тамырында күй тулаған" домбырашылар байқауы

Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай бүгін, 19 сәуір күні қосымша білім беру педагогтарының арасында өткен облыстық "Қазақтың тамырында күй тулаған" домбырашылар байқауынан мамандарымыз жеңіспен оралды: « Домбырашылар» ансамблі І орын - А.Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің педагогтары «Серпер» домбырашылар ансамблі; «Домбырада жеке...

17 сәуір 2023

С. Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты облыстық қашықтық байқауының қалалық кезеңі

    Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерін жатқа айту, қысқа ғұмырында қараңғылықтың көгіне күн болып сәуле шашқан кемеңгер тұлғаның ерен істерін дәріптеу, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-өрлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» облыстық қашықтық байқауының қалалық кезеңі Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік...

17 сәуір 2023

Ақтау қаласының жас мамандар арасындағы «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» пікірсайысы

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 12.04.2023ж №01-32/673 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 сәуір-ғылым қызметкерлер күніне орай, 17 сәуір күні №19 мг базасында «БП Әлем үшін ең қауіпті ауруды көрсетеді» тақырыбында пікірсайыс өтті.      Пікірсайысқа 4 команда №№1,11,12,13,19,21 келген сайыскерлер қатысты. Пікірсайыстың негізгі мақсаты-жас...

17 сәуір 2023

Қалалық «Балаларға базарлық» байқауы

   Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде, балалардың көркем әдебиетімен танысу, педагогтің оқуы, шығармаларды қайталау, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау, балалардың кітаптарға, балалар әдебиетіне, театр әлеміне деген тұрақты қызығушылығын дамыту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Балаларға базарлық» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.     Байқауға 27 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты. Байқау қорытындысы...

17 сәуір 2023

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы

    Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 06.04.2023 жылғы №191нқ бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» бағыты бойынша: І орын - «№13 гимназиясы» КММ, 11 сынып оқушысы Қуандық Шыңғыс...

16 сәуір 2023

«Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауы

    12.04.2023 жылы «Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауы өтті. Байқауға 29 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты. Мектепке дейінгі жастағы баланың қиялына қанат бітіріп, дүниетанымын тереңдете түсетін ертегілерге, кітаптарға қызығушылығын ояту.      Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, актерлік шеберліктері мен мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткізілген байқауға қатысып, жүлделі...

16 сәуір 2023

Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы

Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының 06.04.23ж № 02-20/451 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 сәуір- ғылым қызметкерлер күніне орай, «Жастар және ғылым; бүгіні мен болашағы» тақырыбында жас мамандар арасында пікірсайыс ұйымдастырылуда.  ...

16 сәуір 2023

"Еуропа-Азия" облыстық туристік фестивалі

    2023 жылдың 13-14 сәуір аралығында Түпқараған ауданында Маңғыстау облысының білім басқармасы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризімінің орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта, косымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің "Еуропа-Азия" облыстық туристік фестивалі өтті.      Фестивальге Маңғыстау облысының 8 командасы қатысып, 9 кезең бойынша бақтарын сынады.      орын - Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №13 гимназиясының "Шың" тобы;      орын -...

16 сәуір 2023

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық –педагогикалық қолдау қөрсету

    14.04.2023 жылы Білім басқармасы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектептердің білім сапасын көтеру мақсатындағы біріккен кешенді жоспар аясында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық –педагогикалық қолдау қөрсету» тақырыбында облыстық семинар–тренинг өтті. Семинардың мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға психологиялық –педагогикалық қолдау қөрсету арқылы оның оқуда табысты болуын қамтамасыз ету. Модератор –...

16 сәуір 2023

«Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының қалалық кезеңі

11 сәуір күні «Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 34 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысты. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны танып білуге құштарлығына қолдау білдіру арқылы бала тұлғасының интелектуалдық, шығармашылық дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне ықпал ету мақсатында өткізілген байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған балабақшаларды құттықтаймыз! І орын - «№24...

16 сәуір 2023

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕС КӨРСЕТІЛЕДІ

    ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті еліміздің барлық өңірлерінде байланыс орталықтарын ұйымдастырды. Енді аттестаттау бойынша сұрақ туындаса көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, жауапты маманға жүгінуге болады. Байланыс орталықтары дүйсенбі, жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Педагогтерді аттестаттау бойынша байланыс орталықтарының телефондары: ...

15 сәуір 2023

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК?

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК? Баланың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда-ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер өз өңірлеріндегі уәкілдерден көмек сұрай алады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Естеріңізге сала кетейік, олар облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі...

15 сәуір 2023

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

   13 сәуірде №№2,3 жалпы білім беретін мектептерінде әдістемелік көмек көрсету күні болды.      Оқу-әдістемелік орталығынан бекітілген куратор Кдырбаева Зульфия Оразбаевна мектептердегі басты мәселелер: мектепішілік бақылау, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар (ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша төмен сапа көрсеткен сыныптар, пәндер), қала мен ауыл арасында жүргізіліп жатқан серіктес мектептер арасындағы жоба шеңберіндегі мектептердің даму стратегиялық жоспарына енгізілген өзгерістер,...

15 сәуір 2023

ШАХМАТ ОЙНАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ

      Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні күні Ақтау қаласындағы  жалпы білім беретін ұйымдар арасында шахмат сабақтары арқылы интеллектуалды және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында республикалық шахмат ойнау челленджі өткізілді. Іс-шараға 21 мектеп, 938 оқушы мен 161 мұғалім қатысты.      Челлендж қатысушылары білімдерінің, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамыта...

14 сәуір 2023

«Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі, «Сән технологиясы» құзіреттілігі сайысы

      2023 жылдың 13 сәуір күні «Оқушы Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің "Abilympics – 2023" (мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін 6 – 17 жас) «Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі 7-10 жас, «Сән технологиясы» құзіреттілігі 14-15 жас ерекшілігі бойынша сайыс өтті. Чемпионат қатысушылары «Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі бойынша конкурстық тапсырманың 1-модуліне сәйкес тігетін киімнің суретін...

14 сәуір 2023

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қалалық кезеңі

 

Соңғы хабарлар

1 ... 345678910
11121314151617 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері