Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

0

Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады.

Сіздерге зор құрметпен шынайы алғысымды білдіремін. Тұлға дамуының бастауында тұрған, бойындағы білімін балаларға беріп, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулитын – сіздерсіздер. Құрметті әріптестер, бұл маңызды да күрмеуі қиын жолдағы шешуші рөл сіздерге ғана тиесілі!

Биыл алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанға бекітілді. Бұл мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық иелерін біріктіре түсері сөзсіз.

Бүгінгі таңда еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды.

Төрт жыл ішінде педагогтердің еңбекақысы екі есе өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілді. Бүгінде 220 мыңдай мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемақы төленіп отыр. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек ететін 97 мың педагогтің жалақысы тағы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл алғаш рет 90 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Мұғалімдерді аттестаттау процесі жетілдірілуде. Біз білім беру жүйесінің үздіксіз дамуы үшін барынша жағдай жасауымыз керек. Әрбір ұстаздың еңбегі шәкірттерінің жетістігімен бағалануы керек деп есептейміз. Бұл үшін мұғалімдерді ұлттық платформа негізінде аттестаттауды автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ол - объективті және ашық болуы тиіс. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі тек модератор мен сарапшыға ауысқанда кезде ғана өз пәні бойынша бағаланатын болады.

Еліміздің үздік мұғалімдері «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» республикалық кадр резервіне қабылдана алады. Ал ең мықтылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Білім беру саласының дамуына, тәуелсіз елге тірек болар жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер-ұстаздарға мың тағзым. Сіздердің баға жетпес тәжірибелеріңіз бен білім-біліктеріңіз жас ұстаздарға үлгі.

Хәкім Абайша айтқанда «Ұстаздық еткен жалықпас!». Сондықтан біз қазіргі мұғалім имиджін, халық дәріптейтін «ұстаздың орны – төр» бейнесіне дейін қайта көтеріп, жаңғыртуға міндеттіміз. Осы мақсатта министрлік білім саласында 30 және одан да көп жыл еңбек еткен мұғалімдерді «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Алғаш рет Республикалық педагогика қызметкерлердің ардагерлер Кеңесі құрылды. Бұндай Кеңестер еліміздің әр аймағында құрылады.

Осы жасалған шаралар сіздердің еңбектеріңізге, кәсіби шыңдалуларыңызға қолайлы жағдай туғызып, балаларымыздың білім сапасын арттыруына себеп болатына бек сенімдімін.

Қадірлі әріптестер!

Бізге бүкіл қоғамның тәрбиелік миссиясы жүктелді. Біз, ұстаздар, еліміздің оң имиджін насихаттайтын, саналы да толерантты заманауи ұрпақ қалыптастырудың қозғаушы күшіне айналуға тиіспіз.

Мектеп – бұл жай ғана оқу орны емес, ол балаларға өмірдің ең маңызды құндылықтарын сіңіретін орын. Олар жоғары мәдениетке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке сусындап, өз еліне ризашылығын түсіне білу керек. Бұл үшін біз, ұстаздар, санамызды өзгертіп, даналық пен тектілік, жақсылық пен шығармашылық адамына айналуымыз керек.

Сіздерге жас ұрпақты оқытудағы қажырлы еңбектеріңіз бен мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және жұмыста еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Ұстаздар күні құтты болсын!

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1982782965454124&id=100011673206719





13 қазан 2018

«Үздік психолог - 2018» облыстық психологтар байқауы

  Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, озық тәжірибелі  педагог - психологтарды анықтау, озық тәжірибені насихаттау мақсатында 2018 жылғы 9 қазан күні Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығының базасында өткізілген «Үздік психолог-2018» облыстық байқауында Ақтау қалалық №13...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен...

15 мамыр 2018

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта...

9 мамыр 2018

9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 73  жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның...

7 мамыр 2018

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті...

1 мамыр 2018

1 мамыр - Қазақстан халықтары достығының бірлігі күні мерекесі

Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен...

29 сәуір 2018

Құттықтаймыз!

"И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-нің директоры Асқар Аққалиұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, беделді басшы, ақылшы көмекші болып отырсыз. Осы...

20 наурыз 2018

Әз - Наурыз!

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!   ...

7 наурыз 2018

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен білім саласында талмай еңбек етіп жүрген бәрлық нәзік жандарды шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға...

1 ақпан 2018

Құрметті Ақлима Кеманқызы!

Құрметті Ақлима Кеманқызы!   Сізді 60 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік білім саласының үздік қызметкері, ғұмырын Қазақстан болашағы - жас ұрпаққа...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері